- 02 ақп. 2022 00:00
- 378
Ғарыштың үлкендігі
Ғарыштың үлкендігі соншалық, оны метр секілді өлшемдермен түсіну мүмкін еместей. Сондықтан ғарыш өлшемдерінде ғарыш жылы өлшемі қолданылады.
Жарықтың жылдамдығы секундына 300 000 км. Яғни бір секундта жерді жеті рет айнала алады. Ал жарық жылы дегеніміз жарықтың бір жыл бойынша жүріп өтетін жолы, яғни 9 460 800 000 000 км. Бұл есеп бойынша айдың жарығы бізге бір секундта, күннің жарығы 8 минутта, уран ғаламшарының жарығы 3 сағатта, жерге ең жақын жұлдыз болған және оңтүстік жарты шардан көрінетін Альфа Центурий жұлдызының жарығы 4 жылда, солтүстік жарты шардан көрінетін Сириус жұлдызының жарығы 8 жылда жетеді. Аспанда көрінетін және көзбен көре алмаған миллиардтаған жұлдыздардың жарығы болса жерге миллиондаған жылдарда жетіп келген. Тіпті жерге әлі жарығы жете қоймаған көптеген жұлдыздардың бар екендігі қабыл етілуде. Олай болса, біз жұлдыздарға қарағанымызда қазіргі халдеріне емес, қаншалықты ұзақта болса, соншалықты уақыт бұрынғы халдерін көрудеміз.
Кей түндерде аспанда көрінетін бұлтқа ұқсас жолаққа «құс жолы» делінеді. Бұл жолақ миллиардтаған жұлдыз және газдан құралған. Ғарышта осы құс жолы секілді жұлдыз шоғырының 100 миллиардтан астамы бар. Ал жеріміз болса құс жолы галактикасы ішіндегі 200 миллиардтаған жұлдыздардың біреуінің айналасында айналатын кішкентай ғана ғаламшар.
Оқуға кеңес береміз:
Ғарышқа ұшу туралы 8 қызықты дерек
Ұзақ ұсталыммен түсірілген ғарыштық фотолар
Ғаламшар көрінісі - Хаббл телескобы көмегімен
ҒЗК мұрағатынан алынған «МИР» станциясының суреттері
НАСА 60 жыл ғарышты зерттеп, тамаша фотосуреттерді жария етті