Тәрбие – тал бесіктен
Адам тәрбиесі – оның тағдырындағы өмірлік категориялардың бірі, дүниетанымының негізі, адамдардың бақытты болашағының кепілі. Оның ең маңызды серіктері – адамдарды түрлендіретін, ішкі дүниесін байытатын қасиеттер. Оларға: жанашырлық, мейірімділік, адалдық, қайсарлық және т.б. Ата-аналардың басты міндеті-балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру. Егер отбасында өзара түсіністік, сенім және жылулық болса, бұл нағыз бақыт.
Адам баласы шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, яғни, қоғамға, өзі–өсетін тіршілік ортасының мүшесі болады. Адам дүниеге келісімен өзі көріп отырған адамдардың іс–әрекетіне, қимылына, ас ішуіне, жүріс–тұрысына, сөйлеуіне, ойнауына, әңгімелесуіне таңдана қарап, өзі де сол көргендерді есту мақсатында әрекет жасайды. Осыған байланысты «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» – дейді халық. Сондықтан баланың ең әуелгі өсетін ортасы, отбасы тәрбиесіне өте терең көңіл бөлу керек. Баланың көп уақыты отбасымен бірге өтеді. Сондықтан да, ата–ана балаға үңіле қарап, үнемі бақылап және қадағалап отыруы керек. Егер отбасында жақсы тәрбие алған болса, өскенде сол тәрбиенің ізімен баруы сөзсіз. Отбасындағы барлық адамдардың іс–әрекетіне, бала тәрбиесіне бірінші әсер ететін орта. Бала сол ортаға қарап өседі. Сол үшін балаға отбасындағы тәрбиені қоғамдық ортаға байланыстыра отырып берген адам ұтады.
Тәрбиенің тал бесіктен басталатынын ескерсек, ата-бабадан келе жатқан ибалық пен инабаттылықты өзіміз түпкілікті түсініп, балаларымызға сол тәрбиенің нәрін сіңіре білсек, бұл қазіргі заманда бала тәрбиесіне қосқан біздің қомақты үлесіміз болып табылады. Отбасы – адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Отбасының ең үлкен байлығы – бала. «Шешеге қарап ұл өсер, әкеге қарап қыз өсер» дейді қазақ халқы. Әке мен шешенің жаман үлгісі балаға тәрбие болып табылады. Қазақ отбасындағы тәрбиенің ең бірінші ережесі — әкесін сыйлау, анасын құрметтеу. Бұл – балаға берілетін ең бірінші баға. Ата – анасын сыйлап өткен бала өзгелерді де құрметтеуге үйренеді. Халқымыздың даналығында «Баланы жастан» деген сөз бар. Сондықтан тәрбиенің тал бесіктен басталатынын ескерсек, ата–бабадан келе жатқан ибалық пен инабаттылықты өзіміз түпкілікті түсініп, балаларымызға сол тәрбиенің нәрін сіңіре білсек, бұл қазіргі заманда бала тәрбиесіне қосқан біздің үлесіміз болып табылар еді. Ата–ана тәрбиесі – қазақ халқы үшін толассыз таусылмайтын қазына.Ата–бабаларымыз өзінің жүріп өткен сан ғасырлық өмір жолы арқылы ұрпағын тәрбиелейтін ұлттық педагогиканың сарқылмайтын мол қазынасын қалдырып отыр. Бүгінгі таңда нағыз ұлтжанды, жүрегі қазақ деп соғатын азаматтарды тәрбиелеу үшін ата–ана тәрбиесі ең басты, ең маңызды, ең қажетті тәрбие болып саналуы тиіс.
«Адам тәрбиелеу, өзінің туған ұлы мен қызын тәрбиелеу – азаматтың ең бірінші аса маңызды қоғамдық қызметі, оның азаматтық борышы» – деп В.А. Сухамлинский айтқандай, бала тәрбиесі отбасынан басталатынын ата-ана әрдайым жадында ұстауы тиіс.
Еліміз егемендік алып, өз мәртебесі биіктей түскен шақта ең алғашқы алға қояр міндеттің бірі – бала тәрбиесі – егеменді еліміздің болашағын жалғастырушы ұрпақ тәрбиелеу. Ал сол жас ұрпаққа тәрбие беретін бүгінгі тәрбиеші – мамандар тәрбиелеу мен білім берудің жаңаша жетілдірілген әдіс–тәсілдерін іздестіріп, күнделікті жұмыс барысында жаңашыл бағыттар қарастырып, оны өздерінің іс–тәжірбиесінде қолданып отырса, бала тәрбиесі алға басары сөзсіз.
Галлямова Данеля Бауржановна,
Алматы қаласы, «Тұран» университетінің 2 курс студенті