Мен бұл әңгімені өмірден алдым
Прорезав красно-песчанные холмы река Селек вырвалась на простор степей.
Буйными своими течениями она разрушала граниты гор, известняки сопок, крошила в пески залежи мраморов, как в мукомольне она в кофейную гущу превращала порошок земли, мутилась, бесилась, незная покоя.
Селек — это сакское звание. Это значит по нашему — БЕШЕННАЯ.
Менің ауылым Алатау қырқасында
Бірде қар, бірде жауын бұрқасында
Мойныңа ақ білекті орай салсам,
Өзім шешіп алмасам — қырқасың ба, —
деп айтқандай, Селектің аты-жөні — қырқа мен бұрқадан шығады.
Арнасы мол, аңырап ағып жатыр
Көп бенде бұйырғанын татып жатыр,
Селек дария сел болсам көп береке - ау
Суғарылып жерлерім дамып жатыр... —
дейді халық.
«Сен өлесің! Мен де өлемін!
Өлмек бар!
Тірілмек жоқ!
— Селек Нұқ пайғамбармен жасты деген сөз бар.
Ол ағып жатыр, ағады да!
Ол өлкемізге нәр береді!..» — деді маған бір шал. «Асау Селек! Аңқау Селек! Кейде түйе қарындай жарылып - жайыласың! Кейде танауыңды қусырып, түйе мойын қысыла, жыландай ирелеңдеп, тау мен тасты бұрандалап, тасып, қажап, бұрқырап, сырқырап, шашып, көбіктеніп, бақсыдай жынданып — бұзасың, бүлдіресің...» — деді сөзін жалғап қарт.
II
— Ата! Түсінбедім айтқаныңызға, — дедім мен.
— Өзім де түсініп отырғаным жоқ, шырағым... Алдыңа қара, балам... Жөндеп қара, шырағым...
Мен қарадым.
— Селек тау мен тасты жарып келіп, анау екі төбенің алдында тұншығыпты, булығыпты... Ол кезде екі төбенің арасы берік, егіз қозыдай екен... «Маған арна керек» деп ағайынды екеуінің арасын ажыратыпты деген лақап бар. Ол рас болуы да керек. «Біреуіңді оң жағамнан, біреуіңді сол жағамнан жарылқаймын. Маған жол беріңдер!» — депті дейміз. Ол да рас. «Бөгемейік, бөгемейік!» — деп, ағайынды екеуі жол беріпті Селекке. Селек бойы содан бастап, көсегесі көгерген диқаншылыққа айналыпты.
III
Селектің тау, тас, төбелер арасынан булығын, тұншығып, түйе мойындана қысылып шыққан жеңінен, даңғыл жолды жалғастыра көпір салынған. Көпірді жергіліктілер «өткел» дейді. Зымыраған машинелер, шабан есек арбалар, атты - жаяулар сол өткелден күні-түні өтіп жатады...
IV
Өзен!
Селек бойы!
Селек жалпақ даланы жадыратып нәр береді.
Сусандырады
Көгертеді
Гүлдендіреді...
V
Ағыстың сол жағында, өзенге іргелесе қамыс шатырлы, оқшау бір үй тұр...
Ол үйдің айналасы шырмауық, гүл, бау-бақша...
Шатырының үстінде көгершін жайлауы... Қарлығаш ұяларын төбел таңбадай үш дуалдың маңдайшасына салған...
Ол — Отан соғысы мүгедегі, жақында кемпірін қара жерге тапсырған, қарт Бейсенбайдың мекені.
Ағыстың оң жағында үлкен қыстақ: олардың үйлері ну өскен зәулім ағаштардан көрінбейді... Сол қыстақтың шетінде өзенмен іргелескен жалпайған там (үй)... Ол — Орман шалдың мекені...
VI
Мүгедек Бейсенбай жесір қалды. Қарт еркекке жесір қалу оңай емес. Оның соғыстан қайтып келгенде туған тұңғыш қыз баласы бар... Оның атын ол Украинка деп қойған. Ол неге Украинка?
Бейсекең соғыс басталарда әскер қатарында болған... Қоршауда қалған... Партизандар командирі болған... Оның көрмегені жоқ... Бір арпалыста қатты жарақаттанып қоршауда қалған... Қолға түсіп пенде болған... Жазылып, тұтқыннан қашқан... Ел алыс, қайтадан партизандарға барып қосылған...
Жаным — арымның садағасы, — деп аянбай күрескен... Тағы ауыр жарақаттанып, қансырап жатқанда, оны украина кемпірі ажалдан сақтап қалған... «Елге қайтсам, балам болса — қыз туса атын Украинка, еркек бала туса атын Кобзар қоюға ант етем!» деген ол.
Бейсекең елге кайтты. Жұбайы екі қабат болды... Қыз бала жарыққа келді... Тұңғыш бала! Әкеге қыз да бір, ұл да бір!.. Сәбидің атын Украинка деп қойды...
VII
Украинка еркек мінезді болып өсті...
— Айналайын! Ұлым да сен, қызым да сен! Жалғызым! Жарық жұлдызым! — деп аймалаумен болды әкесі...
VIII
Украинканың ағасы да жоқ, інісі де жоқ, апасы да жоқ, сіңлісі де жоқ...
IX
Бейсекең мен қарт Орман нағашы жағынан бөле...
X
Орман — көпті көріп, көп өткелден өткен шал. Ол жас кезінде алданып бандит болған... Өзбектің басмашыларына қолбасшы болған. Кейіннен байып — он бір мың қой қожасы болып, жиырма сегізінші жылы кәмпескеленіп, Арал теңізіндегі «Барсакелмес» аралында бес жыл балық аулаған. Бәрін айт та, бірін айт демекші, Орекеңнің бір қылығына ғана тоқталық.
Орекең жиырма бестегі жігіт кезі... Тентек... Ерке... Қасына екі жігіт ертіп ел аралап жүр... Пәңгілікпен Өзбек еліне барыпты... Басмашылар оларды ұстап, тұтқынға алады... Өлтіреміз дейді... Хорбашыға алып барады... Хорбашы реңді, сұңғақ бойлы жігіт екен...
— Сен большевиксің бе?
— Жоқ! Мен мұсылманмын.
— Дәлелің бар ма?
— Қылышыңды бергін. Дәлелдеймін!
— Мә! — деп хорбашы қылышын береді.
Орман қылышты қарап, сипап, жалап, нұсқап тұрып:
— Жақсы қылыш екен, — дейді.
— Иә, бұл қылыш — болат қылыш.
— Бұл қылышпен менің басымды кеспексіз ғой?
— Мүмкін!?
— Бір өлмек! — деп Орекең ыршып барып хорбашының басын шауып жерге түсіреді.
— Тағы кім бар? — дегенде, қоршағандар:
— Сен хорбашы, сен хорбашы! — деп талтайып тұра қалыпты...
Көптен кейін «Жаңылдым, жаздым» деп Орекең он жыл түрмеде жатып, үйленіп, Өзбектің «Бай - Батшаларымен» араласып, НЭП кезінде дәулеттенеді... Келіншегі кешігіп Файзулла деген ұл табады. Жалғыз кіндіктен жалғыз ұл...
XI
Файзулла әскер борышын атқарып қайтқанда, кемпір-шал той істейді...
XII
Украинка он жылдықты бітіріп, аттестатын алып, қойнына қуанышы сыймай үйіне жүгіріп келе жатқанда, әкесінің егіл-тегіл болып жылап отырған даусы естілді...
— Үшеу едік, құлыным - ау, енді екеуіміз - ақ қалдық - ау... — деп анасының өлгенін баласына естіреді...
XIII
— Папа! Мамамның қайтыс болғанына үш жыл болды. Мен озат механизатормын. Мені ел бойжеткен қыз дейді... Сіз болсаңыз, елуден асып, алпыстың жағасынан алып барасыз ғой...
— Кемпір ал демекпісің, балам?
— Иә, соны көптен бері айта алмай жүр едім, папа. Кешіріңіз.
— Менің боларым болып, бояуым сіңген... Менің мүгедектігіме мамаң — құдай қосқан қосағым қайғыланып үйленген еді... Сен, балам, жарық көре салысымен «осылай шығар» деп үйреніп едің... Мамаң мені есіркеп, аяушы еді... Бір жолы арықтан аттай алмай құлағанымда:
— Тау мен тасқа ыршыған Таутекем - ау! Арықтан аттай алмастан қор болдың-ау! Аяғым - ау, аяғым - ау!.. — деп еңіреп жылап, менің ағаш аяғымды құшақтап жылап еді...
— Кешіріңіз, папа! Мен кінәлімін...
— Жоқ! Сен кінәлі емессің, сәулем!..
— Жоқ! Мен сізді аяй білмейді екенмін ғой. Мен кінәлімін, папа, мен кінәлімін, — деп еңіреп Украинка әкесінің ағаш аяғын құшақтап, өкпесін баса алмай көп жылады. Шал «Құдайға шүкір, ұл бермей, қыз бергеніңе» деп қамығып отырып, үн қатпастан баласының бұрымын иіскеп, солқылдап жылап жатқан арқасынан сипап отырады.
XIV
— Балам, мен шаршап келдім. Басым ауырады. Пісімшілік кезі ғой. Совхозға обал істемелік. Тарыққан кезде нәр берген жер еді. Менің шамам жоқ. Локторға барып бостандық қағаз алмай-ақ қояйын. Ұят болар. Елдің барлығы тірлікте ғой. Жұмысқа адам жетпей жатыр. Екі-үш күннен кейін өзім де айығамын. Атыңды ерттеп, қарауылда менің орныма, — деді Файзуллаға Орекең.
— Хұп! Әке!
— Ташкенттің саудегерлері келіп, мені көп айналдырып еді... «Бір мәшине алма қағып алайық та, саған қалаған шапаныңды алып берейік», — деп еді. «Жас кезімде қаталасып, Шораларға зияным көп тиіп еді. Қартайғанда мен арамдық істей алмаймын», — деп мен оларды қуып жібердім. Сен, балам, олардың қармағына түспегін...
XV
Украинка бос кезде заправочный пунктке келіп әкесіне жәрдемдеседі... Үстінде комбинзон-жалаңбас, бұйра шаш, құралай көз, сопақ бет, ер мінезді... «Кімнің нәсібіне жаратқан екен бұл қызды», — деп ішінен әр шофер ойлайды. «Шын шешесіне тартқан екен балам», — деп қуанады әкесі...
XVI
Файзулла атқа мініп, әкесінің қызметін атқарып жүр. Шал айығар емес... Шын ауру...
— Ұғлым! Бау-бақша қалай? — деп сұрайды қиналып жатқан шал баласынан.
— Айтуыңыз бойынша...
— Құдайға шүкір... Ұлым! Шораларға менің істеген де жамандығым жетеді. Сен, балам, адал болғын. Адал болғын. Шоралар маған кешірді — Саған кешірмейді. Ұлым. Сен менің балам емессің — Шоралардың баласысың...
— Әке! Алжыдыңыз ба? Не айтып жатырсыз?
— Денем жанып барады, балам. Бұндай кесел менде болған емес еді...
XVII
— Папа! Менің подругам Гүлғайша тұрмысқа шықпақ. Келесі жексенбіде Комсомольская свадьба болмақ... Мен оған құр қол бара алмаймын ғой, а?
— Айналайын! Мамаң да сен сияқты еді, — деп Бейсекең қызын құшақтады. — Есте қалатын бағалы нәрсе алып барғын, балам. Жаңа ұяның төрінде ұстайтын нәрсе алып бар, балам...
Украинка жақсылап киінді. Сандық түбіндегі барлық ақшасын әкесінің рұқсатынша алды. Заправочный пунктке әкесімен ілесіп барды...
— Аллой! Шал! Жақсы бензин бар ма? — деп «Волга» таксиден орақ мұрын шофер шықты.
— Ия, тақсыр - көжеке, бар, — деді шал.
Украинка жүгіріп шаланғаны алып, машинені өзі заправить етті.
— Тақсыр-қожеке! Менің балам қалаға баратын шаруасы бар еді. Ала кетсеңіз қайтеді. Пұлын өзі төлейді, тақсыр.
— Хұп! Пұлдың керегі жоқ!
— Включите счетчик! — деді машинеге отыра беріп Украинка.
— Сізді өз есебіммен алып барайын, ханым.
— Сіздің есебіңіздің маған керегі жоқ. Вы обязаны по требованию пассажира...
— Я впервые встречаю такую пассажирку...
— Я поеду на другой такси...
— Нет! Нет! Умоляю Вас, ханум... Міні счетчикті включать еттім.
Жол-жөнекей екеуі қағысумен болды...
Бір бұрылыста Украинка:
— Остановите машину, — деді
— Вам же в Ташкент ехать, ханум, — деді қожа.
— Здесь моя родная тетя живет. Я должна ее навестить.
— Можете располагать... Я буду ждать Вас, сколько угодно...
— По счетчику два рубля. Берите три...
— Ханум!?
— Сдачи не надо! — деп, берген бес сомынан екі сомын қайта алмастан Украинка машинеден шығып кетті.
— Ханум! Я вас жду! — деп шофер кетпестен тұрып алды.
Қолын көтеріп, бір бос келе жатқан таксиді Украинка тоқтатып мінді... Ташкентке тартты... Соңынан бұрынғы шоферы іле келеді...
Машине магазин алдына тоқтады... Магазинді «Не алсам екен» деп Украинка аралығы жүр... Ювелир бөлмесіне келіп, алтын, қауар сырға - сақиналардың алдында тұр... Алты қауар тасы бар сақинаға көзі түсті... Оны алып саусағына өлшеді... Дәл екен. «Оған да дәл болар» деп ойлады... Бағасы ескі ақшамен екі мың алты жүз сексен бір сом екен... Украинканың қалтасында екі мың екі жүз сом - ақ...
Қиналып тұрғанда «Қожа» шофер:
— Ханум! Не алғалы жүрсіз, — деп күтпеген жерден шыға келді.
— Ақшам жетпей тұр.
— Сізге қанша керек, ханум.
— Үш күннен кейін қайтарып берем. Үш жүз сом керек.
— Маңыз! — деп жігіт ақшасын суырып берді.
— Рақмет, қожеке.
— Қайтармасаңыз да болады.
— Жоқ! Онда алмаймын.
— Алың, қайтарғын.
— Дұрыс онда.
Сақинаны алып:
— Ал, қожеке, мені ауылға апарып тастаңыз, — деді шоферге.
— Құп!
Жолда қожа шофердің қылжақтарын көтерді... Үйіне тоқтамастан Орман шалдың үйіне келіп түсті...
— Файзулла! Мен мына қожаға үш жүз қарызданып келдім. Төлеуге мұршаң бар ма?
— Мен өзім ақша ұстамайтынымды білесің ғой. Шал-кемпірден сұрап көрейін, — деп Файзулла үйіне жүгіріп кетті.
— Ханум! Мен сізге миллион беруге даярмын...
— Қожеке, сізде миллион жоқ! Бар болса, сіз оны өзіңізге қимас едіңіз...
Файзулла ақшаны алып келді... Украинка Қожаға ақшаны ұсынып:
— Қожеке, артық бес сомы сізге шай пұл болсын, — деп қоштасты.
XVIII
Тірлік жүріп, жұмыс істеліп жатыр...
Орман шал ауырып жатыр...
— Әй, Файзулла! Мен бір грузовой машинемен келдім. Совхоздың жемісін аямағын. Саған мың, маған мың...
— Артымыз ашылып қалса, қайтеміз, қожеке?
— Мен жауапкермін... Ауру шалға сыбағасын алып берелік. Совхоз жемісін қорғап, ол қарт не рақат көріп еді... Сорпаларың әлі майлы емес қой... Кім жемей жатқан дүние? Адалдықтан әкең герой болмақ па?...
— Алыңыз, қожеке!
XIX
Комсомольская свадьба на юге.
— Жолдастар, ендігі сөз жас келіншектің подругасы, әріптесі, Украинкаға беріледі, — деді тамада - той басқарушы.
— Мен өзім бүгін күйеуге шыққандай болып отырмын, — деп сөзін бастағанда, отырғандар қыран күлкі болды.
— Е, кенже қалып жүрмегін...
— Е, Отанын қызғанғаннан саусың ба?...
— Неге қызғанбайын?.. Қызғанамын да, қуанамын да, рас! Оның несі бар? Отта болса, біз түгіл Қыз Жібек қызығатын жігіт екені өтірік пе?
Отырғандар ду қол шапалақтасты.
— Орысша айтқанда, жолдастар! Я тоже не собираюсь остаться старой девой... Менің де пешенеме жазған тағдырым бар шығар...
— Қайсымызды таңдайсың? Айтшы!
— Атам заманда қызды жігіт таңдайды деуші еді... Ол заман өзгерді. Енді қыз жігітті таңдау заманы туды... Өзім таңдап аламын...
— Ей, мынаның «таңдап аламын» дегені қызық екен...
— Я, таңдап тимеймін, таңдап аламын...
— Сонда ол таңдаулың саған күйеу болмақ па, әлде...
— Өмірлік жолдас болмақ. Менің ешкімге қатын болар жайым жоқ!
— Мәссаған, керек болса...
— Ей, сенің қасыңа ешкім жоламас мына сөзіңе қарағанда.
— Жоламағандардың өз обалдары өзіне... Ондай қорқақтарды мен алмаймын да...
Отырғандар қыран күлкі.
— Әзілдің де орны бар, жолдастар. Енді сөзімді бөлмеңдер!
— Тыныш! Тыңдаңыздар, жолдастар. Сөйлеймін деушілерге сөз кезегінде беріледі, — деді тамада.
— Отто Юльевич Шмит деген советтік ұлы ғалым болған. Ол ұлт жағынан немец болған. Жүрегі коммунист. Совет Одағының Батыры... Күн мен айдың, жердің, жарқыраған жұлдыздардың ата-тегін дәлелдеп кеткен ғалым ол кісі... Ол кісінің төрінен көрі жақын кезінде Ұлы Отан соғысы басталды. Біздің әкелеріміз, ағаларымыз өлді, мүгедектенді — оған барлықтарымыз куәміз... Немістер — ұлы, өнерлі, синатты халық... Біздің аталарымыз, ағаларымыз неміс халқымен соғысқан жоқ, олардың құзғын фашистерімен соғысты. Оны жеңді. Ол — тарихи нәрсе. Опат кесірін, салдарын біздің ел көрді. Біз неміс халқына өкпелемейміз. Оған дәлел бүгінгі той! Той істеп отырған келіншектің таңдаулысы бізбен бірге туысып, бірге оқып, бірге өскен Отто... Оттоның қайын атасы қадірлі ақсақалымыз. Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің бірі. Оны сіздер білесіздер. Отто мүдірмей қазақша сөйлейді. Қазақ қызымен бір ұядан ұшып, екеуі өмірлік бастарын қосып отыр... Бірін-бірі жүрек лебімен, шын ақ ниетпен таңдап қосылғандардың бақыттары асып, өркендері өсе берсін!.. — Ду қол шапалақтау. Отырғандар орындарынан тұрып, кейбіреулер «Горько! Горько!» деп айқайласты...
— Сөз бұл үйдің анасы, қария Қабакеңнің құдағи, бәрімізге қадірлі, еңбек озаты мақтанышымыз Эльгита Рихардовнаға беріледі.
— Көзімнің қарашығы... Балаларым, ұлдарым, қыздарым!.. Тіптен жүрегім лүпілдеп соғып кетті ғой... Кешіріңдер, шырақтарым...
— Қуанғандықтан болар, апатай!
— Я, қуанышымның қойныма сыймағандығынан болар. Әлде артық ішіп қойдым ба екен?
— Жоқ! Мен манадан бері байқап отырмын. Алдыңыздағы бокал әлі орталанар емес қой, Эльге апай!
— Мұны бүгін бітіремін ғой, қарағым... Алдымен су ішіп алайыншы... Қадірлі туған құдам Қабек! Қариялар! Кемпірлер! Құрбы-құрдастарым! Біз де жас емеспіз! Мен ұлымды үйлендіріп, Қабекең болса, жалғызын құтты жеріне қондырып отыр... Біз екеуіміз үшін, біз төртеуіміз үшін, бұл үлкен қаны бет, арманымыз алдымыздан құшақ жайып шығып отыр... Мен бұрын «тетя» болсам, енді ене болдым... Қабекең бұрын «дядя» болса — енді ата, папа болды... Не күлерімді білмей, не жыларымды білмей... Не сенерімді, не сенбесімді білмей сасқалақтап, не айтарымды білмей алжып тұрғанымды өздеріңіз көріп тұрсыздар ғой... Өте өкініште де отырмын. Бәріңізге мәлім, марқұм : Зейнеп, Қабекеңнің жұбайы реңді, зерек, еңбекқор кісі еді... Екеуіміз құрдас едік. Қыз күнімізден әріптес едік. Сол кісінің орны опырайып қалғанына өкінемін... Бір жолы екеуіміз мақта теріп жүріп, дем алып отырғанда ол маған «Эльгит! Сенде де арман бар ма?» деп сұрап еді. «Байың жақсы жігіт, ұлың бар...». «Ей, сен өзің не деп отырсың? Сенің байың да ешкімнен кем емес. Сенің де ұлға бермес қызың бар ғой» деп едім мен. «Құдай берсе ұл да туарсың...» дегенімде, «Пешенемізге жалғыз қыз баладан басқа бітпес енді» деп ол күрсініп еді!.. «Сенімен құдағи болсам арманым жоқ!» деп едім мен. Ал, бүгін мен жесір қатынмын, Қабекең де жесір кісі... Мен арманыма жетіп отырмын. Құда! Менің қайғым мен қуанышым пара-пар кеш бүгін... Мен алып отырған кісімін, сіз беріп отырған кісісіз... Алыстың берісі бар демеуші ме еді... Мен сізге өте қарыздармын... Тойға келгендеріңізге, дуылдасып отырғандарыңызға, халайық, көп рақмет... — деп Рихардовна сөзін аяқтап, алдындағы бокалын сіміріп салды...
— Ей, Эльгит, сенің өзіңнің Қабекеңде ойың бардан саусың ба? — деп сұрады бір құрбысы.
— Несі бар! Құдай қосқан құдама жесірлік азабын көрсеткім келмейді... — дегенде отырғандар ду күлісті.
XX
— Бейсежан қарағым, бір сөз айтсам айыпқа бұйыра көрме, — деді жұма намаздан кейін мешіттен шығып бара жатып Орман шал.
— Айтыңыз, Ореке.
— Көптен бері айтуға аузым бармай жүр еді, қарағым.
— Қиналмаңыз. Айтыңыз ақсақал.
— Бірақ та көңіліңе ауыр алып қалып жүрмегін, шырағым.
— Сіз не айтсаңыз да көтереміз ғой.
— Менде жалғыз кіндік, сенде жалғыз кіндік...
— Түсінікті, ақсақал, айтайын дегеніңіз түсінікті, — деп Бейсенбай шалдың сөзін күле бөліп. — Оны балалардың өздері шешсін. Біз екеуіміз жеңгетай болмалық, ақсақал, — деп шалдың қолын алып, шұғыл бұрылып кетті.
Ұрлық ашылды. Файзулла мен Қожа шофер түрмеге түсті. Екеуі екі жыл жатып шықты.
XXII
Отто главный механизатор, оның келіншегі прицепщик, Украинка озат трактористка.
XXIII
Орман шал баласы түрмеден шығып келгеніне той істеді. «Сыпайыгершілік, қарағым» деп келіп жатыр ел. Бейсекең де тойға барайын деп киініп жатқанда:
— Папа! Қайда бармақсыз? — деді Украинка.
— Қалқам-ау, ана шал мен кемпірге, Файзулла қайтып келіпті, балаларыңды аман-есен көріп, көзайым болдыңдар ма деп айту маған көршілік парыз емес пе?
— Парызыңызды қайдам, бірақ қарыз емес!
Ұрыны түрмеден шықтың деп құттықтау сізге жараспайды!
— Қалқам-ау!..
— Сіз Отан үшін кан төккен солдатсыз, папа! Саудагермен шаруаңыз болмасын! Сізден басқа да оларды кұттықтайтын жандар аз көрінбейді! Шешін, әке! Бармайсың!
— Қап! Қайтемін енді... — деп тағы да күбірлеп Бейсекең бір киер киімдерін шешті. Украинка оларды шифоньерге іліп, құлыптап тастады.
XXIV
— Әке, мені қарғаңыз! Менің не жазығым бар? Қарғаңыз мені, қарғаңыз!
— Қинама, қалқам, қинама мені. Мен сені қарғай алмаймын, өтімде у толып тұр. Қайда ол уды шашарымды білмей, қиналып тұрмын. Кет, балам қасымнан, кет дегенде кет, балам!!!
— Кеттім, әке! Мен кеттім!.. Сабырлансаңызшы, әке!
— Құдай маған ашу берген, құдай маған сабыр бермеген!
— Кет, балам, кет, балам!
— Кеттім, әке, кеттім!
— Кетпе! Не болды? Соныңды айтып кет, балам!.. Мен сезіп отырмын қылығыңды! Алдама мені, балам, алдама!
— Әке! Шынымды айтайын ба?
— Шыныңды айт, балам! Анаңа айтатын шыныңды айт қалқам! Мен ұрғашы емеспін! Шыныңды айт, балам, шыныңды айт!
— Әке! Сіз мені аясаңызшы...
— Сен түгіл, құдайды да аямаймын!.. Ұрпағым — сенсің! Сен ғанасың! Шыныңды айт, балам, шыныңды айт!
— Шынымды айтпаймын, әке!
— Онда өз обалың өзіңе, балам!..
— Мейлі!..
XXV
— Әке! Мен кісі өлтіріп келдім!.. Өлтір мені өз қолыңмен!
— Тәйт! Не деген сұмдық?
— Шын, әке!
— Ұрғашы!.. Балам!.. Мен сенбеймін саған!.. Мүмкін емес!..
— Ұрғашы екенім рас, әке! Ұрғашының да намысы бар емес пе?...
Мен кісі өлтіріп, алдыңа келіп отырмын!..
— Әй, балам, сен өзің ауытқығаннан саусың ба?
— Саумын, әке! Кісі өлтіргенім де рас!.. Жүріңіз, сенбесеңіз көрсетейін...
— Ас тапыр Алла, көрсеткенің аз еді, тағы да көрсет... — деп, Бейсекең қызының артынан ерді...
Қап-қараңғы түн...
— Міне, менің өлтірген кісім.
— Бұның басы қайда?
— Білмеймін, әке.
— Селек кімді жұтпады, балам?... — деп еңгезердей өлімнің бассыз денесін өзенге лақтырды...
Екеуі қараңғы түнде көп сандалып жүрді...
— Балам, үйге қайталық! — деді шал.
— Қайталық үйге, әке! — деді қызы.
XXVI
Екеуі де төңбекшіп жатыр. Ұйқы жоқ!
— Балам, мені аясаң - сырыңды айт!
— Мен де сізге айтқалы жатыр едім, әке...
— Түгел айт, балам...
— Бүкпей айтқым келеді, әке.
— Үшеу едік, екеу қалдық, қарағым, бүкпей айт... Ұлы сөзде ұят жоқ деп кеткен бабаларымыз... Бүкпей айт, қарағым.
— Ұрғашы болып туғаныма мен айыпты емеспін... Сіз еркексіз. Ұрғашының намысы — нәзік намыс. Оған түсінбейсіз.
— Қайдам, қалқам...
— Қайдамды қойыңыз, әке! Сіз түсінбейсіз! Бірақ та апам қайтыс болған соң, мен сізге сырымды айтуға мәжбүрмін. Мен өлтірген қожа менің арымды арамдады. Оны мен өлтірдім! Қалай өлтіргендігімді айтайын ба?
— Ботам-ау! Сені адам өлтіреді деп мен де, шешең де ойлап па едік! Ботам - ау!..
— Жынданбаңыз, әке! Менің өлтіргенім рас! Сенбесеңіз, жүріңіз. Денесін суға өз қолыңызбен тастап едіңіз, басын ұмытып кетіппіз. Сізге басын көрсетейін саудагердің...
— Солай ма еді? Жүр балам, жүр, шырағым...
XXVII
— Міне, кәпірдің басы доптай болып жатыр...
— Қожеке! Жарықтық пайғамбардың тұқымы...
— Тартыңыз тіліңізді, әке!.. Пайғамбардың тұқымы сізге әулие болғанмен, маған әулие емес!.. Мен үшін бұл бас айуанның басы... — деп домалақ басты Украинка құшағына ала жөнелді... Шал да соңынан жүгірді... Қызы жеткізер емес... Шал шолтаңдап келгенше қожаның басы печкада үйітіліп жатыр екен...
— Тақсыр! Дозақтың оты дейтін осы болады... Қойдың басын қазақ жейді... Сенің басыңды сайтан жесін... Жақсылап пісіріп, қуырып берейін... — деп Украинка пыжылдаған басты көсеумен аудара төңкеріп, от үстіне отын қосып пештің аузында отыр...
— А! Тақсыр! От қалай екен? — деп үйітілген басты тағы да бір аударды көсеумен. Сарт еткен екі дыбыс естілгендей болды...
— Иісің сасық, Қожеке, миың қайнап, көзің жарылды ғой, а?
— Ботам - ау! Жындандың ба?
— Жоқ! Мен жынданбаймын! Мен өштесіп отырмын! Адал ас пісірген ошағыма, арамның басын жағып отырмын!..
— Мен жындандым! Соғыста көрмеген нәрсемді — сен көрсеттің, — деп шал сұлқ етіп құлады. Қызы оған қараған жоқ — от үстіне отын тастап, Қожаның басын аудармалап отыра берді...
XXVIII
— Әке! Бұл ошақтан піскен тамақ ішпелік — столовыйдан сіз де, мен де тамақтаналық, — деді таңертең бір шелек күл шығарып бара жатып Украинка.
— Дұрыс, балам, — деді шал.
Арада бір жеті өтті.
XXIX
— Балам, үйден күлкі де кетті, ұйқы да кетті... — дегенде, шалдың сөзін бөліп:
— Күлкі — түлкі! Ұйқы — тұйқы!.. Намыс — қамыс емес! Мен сылқылдап күлемін. Мен — қатып ұйықтаймын. Мен енді намыстанбаймын!
— О, Алла, балам, жындандың ба?
— Сіз жынданбаңыз!..
XXX
Бассыз дене Селектен қалқып шықты. Кім жоғалды? Қожа шофер жоғалды!.. Тексеру басталды. Докторлар бұдан бір жеті бұрын өлген деп қорытынды шығарды. Басы қайда?.. Екі жеті әуреленді...
XXXI
Файзулла тұтқынға алынды. Ол алты ай түрмеде жатыр.
— Бірге ұрлық істегеніміз рас. Мен оны өлтіргенім жоқ! Түрмеден шыға салып, қайтадан түрмеге түскеніме қарт атам мен қарт анамды аяймын, — дегеннен басқа жауап қатқан жоқ Файзулла.
— Сіз Украинкаға үйленемін деп уәде беріп пе едіңіз?
— Ойымда ондай пікір бар екені рас еді, бірақ та айтуға аузым бармай жүр еді.
— Мүмкін сіз оны Қожадан қызғанып, қожаны өлтірген боларсыз?
— Қожа реңді жігіт еді. Пысық жігіт еді. Түрмеде отырғанымызда екеуіміз өте жақын болып едік бір-бірімізге.
— Қызғаныштың аты қызғаныш қой.
— Жоқ. Мен Қожадан ешкімді қызғанбас едім.
— Сіз сол күні қайда болдыңыз?
— Мен ол күні үйде болдым. Нағашымның үйінде болдым.
— Қай сағатта?
— Күн батарда барып, сонда қондым.
— Ертеңіне қайда болдыңыз?
— Ташкентке бардым.
— Кіммен бардыңыз?
— Қожаның машинесімен бардым.
— Демек қожа тірі екен ғой?
— Өлген кісі машине айдай ма?
— Қаладан қалай қайттыңыз?
— Мені үйге Қожа алып келіп тастады.
— Сол түні Қожаны сіз өлтірдіңіз!
— Жоқ! Мен өлтіргенім жоқ!
— Кім өлтірді?
— Білмеймін.
XXXII
Украинка тұтқынға алынды. «Мен еш нәрсе білмеймін» деп ол тергеушінің алдында қасарысып отырып алды.
XXXIII
Бейсенбай тұтқындалды. Ол да «Еш нәрсе білмеймін» деп тергеушінің алдында қасарысып отырып алды.
XXXIV
— Өлімге өлім жазасы бар дегенді естігенмін.
— Оныңыз рас!
— Рас болса, әкемді, Файзулланы шақырыңыз. Мен солардың алдында шынымды айтайын, — деді Украинка тергеушіге.
— Бүгін емес, ертең, бетпе-бет істелік сіз бен оларды.
— Түсінікті сіздің ойыңыз. Менсіз оларды тағы да жеке тергеп алмақсыз ғой? Барлығының кілті менде. Бекер арам тер болып отырсыз... — деп Украинка шығып кетті.
XXXV
«Мына қыз не деп кетті?» деп тергеуші ойға қалды. Файзулла мен Бейсембайды шақырған жоқ. Түні бойы ұйықтамады.
XXXVI
— Ал, жазыңыз! — деді тергеушіге Украинка, — мен бүгін шынымды айтам. Жазыңыз айтқандарымды!
— Айтыңыз.
— Айтсам, мәселе мынандай болған еді... Файзулла Қожаны өлтірген жоқ! Оны босатыңыз! Менің әкем Қожаны өлтірген жоқ! Оны да босатыңыз. Қожаны өлтірген мен! Мені атыңыз! Қазір атыңыз, тез атыңыз!
— Қарағым - ау! Мен сені қалай атам?
— Рақмет сізге, аға. Тергеушінің де аузынан осындай сөз шығады екен ғой?
— Қарағым, өзің өр мінезді бала көрінесің. Мен жазбайын, өзің айтарыңды өзің жазғын. Мен саған мешайт болмайын, — деп сасқалақтап тергеуші кабинетінен шығып кетті.
XXXVII
Іс сотқа түсті.
— Мен сот болғалы отыз жылдан асып барады. Алпысты алып ұрып, жетпістің жағасына арпалысып отырмын. Мынау менің практикамда — жаңа іс... Заңның аты заң... Заңды талқылай, дұрыс талқылай білу керек деген сөзді Ленин айтып кетіп еді. Ол кісі «Адамды көре білген — Әділ сот» деп еді ғой... Әділ болу маған қиын соғып тұр... Ол адам өлтірді. Кінәсіз екеуі түрмеде жатыр... Біреуі тап-таза, біреуі соучастник... Екеуі де, үшеуі де жата берсін... Тергеудің қамы қанбаған. Оны тергеушіге тапсыруға болмайды... Қыздың есі дұрыс па екен?.. Айтқандары рас па екен?.. Әкесін қорғап, ғашығын қорғап тергеушіні алдады ма екен? Заңның аты — заң... Оны аттауға болмайды... Тағы да тексеру керек. Тағы да тексеру керек... Дәлелсіз мен соттай алмаймын... Медициналық экспертиза керек... — деді қарт сот қатты қиналып.
Психиатор доктор әйелді шақырды.
— Доктор, мен қиын жағдайдамын. Бір тапсырмамды орындауыңызды сұраймын, — деп егде тартқан татаркаға істің басынан аяғына дейін айтып берді.
— Ағай судья, сол қызды маған на поруку беріңіз.
— Қашып кетсе қайтесіз, доктор.
— Қаша қоймас, судья. Мен оны больницаға салайын да, барлық жағынан тексертейін. Үлкен мамандарға көрсетейін, ақылдасайын — солардың қорытындысын сізге айтайын.
— Дұрыс, доктор. Анау екеуін қайтеміз?
— Олар қырқына шыдап, біріне шыдамайды дейсіз бе? Жата берсін. Мен жиырма күннен бұрын сізге ақпар бере алмаймын.
XXXVIII
— А, мені түрмеден шығарып, жындыханаға салыпты ғой, — деп Украинка докторлардың алдында қарқ-қарқ күлді.
— Шешініңіз!
— Мынау көйлек! Мынау дамбал! Мынау емшек! Мынау кіндік! Мынау қол! Мынау аяқ! Аяқтың арасындағы сіздердікі сияқты!.. Апаларым - ау! — деп Украинка еңіреп жылап жіберді.
— По-моему, она ненормальная, — деді орыс доктор әйел.
— Она глубоко травматизирована, Клавдия Ильинична, — деді доктор грузинка.
— Она в полной норме, — деді доктор армянка.
— Я с вами согласна, Кима Аркашаковна, — деді доктор қазақ әйел.
— Нам не следует спешить с выводами. Пусть она отдохнет у нас немножко. Проверим. Посмотрим, — деді доктор өзбек әйел.
— Нечего меня проверять! Нечего на меня смотреть. Я стою перед вами как мать меня родила!
— Успокойся, девушка... — деді сары қатын грузинка.
— Спасибо, доктор! Вся трагедия в том, что я не девушка!
— Когда-то мы тоже были девушками. Такова судьба — все девушки должны выходить замуж...
— Я не вышла замуж... Стала женщиною.
— И так бывает в жизни, дорогая...
— Я не хочу такую жизнь!
— Ты горда, моя милая. Ты слишком самолюбива. Я понимаю тебя. Ты не убивайся...
— А, если за меня убьют ни в чем неповинных?
— Не убьют... Отдохни, побудь у нас, а мы скажем свое слово.
XXXIX
«...Всякое самоубийство и убийтво есть результат психического отклонения...Она была глубоко оскорблена насилием... Эта травма у нее останется на всю жизнь...
... Если бы она не убила своего оскорбителя, она сошла бы с ума...
...Возмездие жизнью оскорбителя спасла ее от сумашествия...» деген қағазды оқып отырып, қарт сот жылап жіберді... Бірақ та соттау керек! Заңның аты — заң!
ХХХХ
Сот басталды.
— Айыпты Украинка Бейсембаева! Сіз адам өлтірген кінәңізді мойныңызға аласыз ба?
— Жоқ! Мен кінәлі емеспін. Файзулла мен әкем де кінәлі емес! Кінәлі кісі — өлген Қожа! Өлтіргеніме қатты өкінемін, судья!
— Өкінішіңіз — мойындау деген сөз ғой, — деді прокурор.
— Жоқ! Сіз қателесесіз! Қожа тірі болса, мүмкін өз айыбын мойнына алар ма еді...
— Оны өлтірген сізсіз ғой!
— Мен сізге орысша жауап берейін: Я не убила, а казнила преступника обесчестившего меня!.. Менің сорлағаным не несчастье, а беда! Сіз прокурор «Неге басын шаптың? Неге басын жақтың?» деп маған сұрақ қойдыңыз. Ренжіп, жиіркеніп отырдыңыз. Біздің заманда миллиондап тірідей өртелгендер аз ба?.. Мен қылмысты қожаның басын жақтым... Өлген кісіге жану мен шірудің қандай айырмасы бар?.. Менің арымды төгіп, абыройымды ластаған кісіге сізше мен «Рақмет» айтуым керек пе? Осы сұрағыма жауап беріңіз, айыптаушы - прокурор! Жауап беріңіз!..
— Сіз оның басын балтамен шапқаныңыз рас па?
— Рас!
— Сіз оның басын отқа жаққаныңыз рас па?
— Рас!
— Ендеше қылмысыңызды неге мойындамайсыз?
— Прокурор! Орысшалап жауап беруге рұқсат етіңіз...
— Рұқсатты соттан сұраңыз.
— Қазақшалап айтайын... Қожа менің арымды шапты! Мен оның басын балталадым... Қожа менің болашағымды өртеді — мен оның басын адал ас пісірген ошағымда өртедім. «Положение меняет — нравы» деген сөз бар. Соған түсінулеріңізді өтінемін, көпшілік... Дұрыс түсінулеріңізді өтінемін, судья, прокурор... Мен айыпкермін. «Сорлылық емес, Бейшаралық» деген сөз бар... орыста.
Прокурор төмен қарап отырып қалды. Судьялар сасқалақтап сыбырласты...
— Прокурор! Судья - Ата! Сіздердің де ұл балаларыңыз, қыз балаларыңыз бар! Менің көргенімді олар көрмесін деп тілеймін мен!.. Әурелеместен мені ату үкіміне шығарыңыздар!.. Заңның аты — заң!..
Судьялар сыбырласты.
— Прокурор сіз не айтасыз?
— Айтарым жоқ, судья.
— Онда... Сот мәжіліске кетті үкім шығару үшін.
XLI
— Встать! Суд идет! Елдің барлығы орындарынан тұрды.
— «... Именем Казахской Советской Социалистической республики...
... Руководствуясь статьями УГПК... Разобрали дело...
... Учитывая обстоятельства медицинской экспертизы...
... Признать ее... Виновной... А ее отца соучастником...
Файзуллу Орманова —... Оправдать!.. Украинку Бейсембаеву...
... Учитывая... приговорить на три года тюремного заключения
... Условно!.. Бейсенбая Тасанбаева, как соучастника приговорить к трем годам тюрьмы со строгой изоляцией...
XLII
Екеуі босанды. Біреуі түрмеде қалды...
XLIII
Іс облыстық сотқа түсті. Оның председателі өте қиналды.
— Меніңше, жолдастар, аудандық сот Тасанбаев Бейсенге әділет істемеген... Бәріміз де әкеміз ғой?.. Біз қайтер едік?
— Бейсекеңді ақтауға болмайды! Бірақ та ол кісі түрмеде қанша отырыпты?
— Алты ай!
— Үш күннен есеп қылғанда — он сегіз ай екен, а?
— Ол бір жарым жыл деген емес пе?
— Мүгедек шалды тағы да бір жарым жыл отырғызбақсың ба?
— Қайтеміз?
— Приговорить его на полтора года тюремного заключения со строгой изоляцией! — деді облысоттың орыс мүшесі.
— Благодарю Вас, Иван Иванович! — деді председатель.
XXXXIV
— Аталарымыз бізді атастырған екен — Оған сен, Украинка, қалай қарайсың? — деді Файзулла.
— Сен өзің қалай қарайсың?
— Менің тілегім сол еді!
— Құдай бермес тілекке әуреленіп қайтесің!
— Солай ма?
— Солай! Ұрыға тиер жайым жоқ! Бір ұрыны өлтірдім. Кезек сенікі болса — күте бергін!
— Ей, бетпақ қыз!
— Бетпақ қатын дегін! Мен қатынмын!
— Кешір, сәулем!
— Кешірмеймін. Үмітіңді үз менен!
— Мен қайтейін?
— Сен ойлан!
— Сен өзің ойландың ба?
— Мен ойландым. Қатын басыммен біреуге қатын болар жайым жоқ! Дүниеден жалғыз келіп, жалғыз аттануға бел байладым! Төрден келсе, ажал әкемдікі, төтеннен келсе, ажал менікі!..
— Әй! Сен жынданғаннан саумысың?
— Сен өзің қалайсың, бейшарам?.. Еркексінесің, а?.. Мені өзіңнен кем санайсың, а?.. (Менде жоқ, сенде бар екі жүз грамм колбасаң адыра қалсын... Оның маған бұйырмағанына кұдайға шүкір...)
XXXXV
— Әке! Көшелік!
— Қайда, ботам!
— Сіздің нағашыңызға.
— Олар қырғызда гой.
— Қырғыз — Қазақ еліміз... — деп әндетіп айтып Украинка жинала бастады...
— Ботам-ау!
— Бота боздайды, әке... Барып есебіңізді алыңыз... Коллектива рақмет айтыңыз... Бір грузовой-такси алып келіңіз... Мен бәрін жинап қоямын.
Шешесінің тұсқа ұстар кілемін, төсер сырмағын, дастархан, аяқ-табағын қызы жинап жатыр. Ол барлығын еңіреп жылап жүріп жинап жүр...
— Апамның иісі! Апамның иісі! — деп шешесінің құндыз шубасын қапқа салды.
— Әкемнің иісі! Әкемнің иісі! — деп жасын тоқтатып, тозған шекпенді оның үстіне салды. Отырды. ғда жылады.
«Бала — жас кезінде рақат,
Өскенде — жатқан бейнет» деген сөзді естіп едім. Мен мүгедек әкеме бейнет-масыл болдым ба?! — деп мұңайып жүк басында отырғанда сырттан:
— Балам! Дайынбысың? Көлік даяр! — деген әкесінің даусынан оянды.
— Барлығы дайын, әке! — деп жүгіріп шықты.
Файзулланы көріп:
— Ә! Сен бізді шығарып салғалы келдің бе? Рақмет! Тие жүктерді. Я очень рада видеть тебя! Помоги пожалуйста... Давай вдвоем постараемся осилить всю эту тяжесть...
Машинеге жүк тиелді. Украинка сатымен жоғарылап үй шатырына шықты. Қолындағы сауыттан қамыс шатырға бензин құйды.
— Не істемексің? — деп сұрады Файзулла.
— Қарлығаштың көгершінін, өзімнің ұямды өртемекпін. Ұям да менің махаббатымдай күйсін, өртенсін, — деп, шырпымен от қойды. — Мен ұямды, махаббатымды ешкімге сатпаймын. Өртенсін! — деп сатыдан түсті де, әкесімен бірге грузовиктің үстіне отырып:
—Жан, ұям, жан! Өртен, ұямыз, өртен! — деп лапылдаған жалынға қарап:
— Өртен! Өртен! Мен енді көрмеппін! Жала жалын ұямды! Жала жалын! Шофер дядя, поехали! Ура! — деп айқайлағанда, әкесі қол шапалақтады.
Машине зымырап барады. Үй будақ-будақ шудалана аспанға түтін атып жатыр.
— Адал тамақ пісірген, адам басын өртеген ошақ! Өртен! Өртен! Мен сені көрмен! Мен сені көрмен! Өртен, ұям, өртен, ошағым! Ха-Ха-Ха!.. Менің аяғым бұл жерді баспайды. Еркек кеудемді баспайды! Ант берем! Ант берем! Өртен, ұям! Өртен!.. Қош, қарлығаш, қош, көгершіндер!
Машине белден асты. Өрт түтіні көрінбей артта қалды. Машине зымырап барады...
Отстукивая эти строки на машинке — я плачу!
Жизнь есть жизнь! Мен бұл әңгімені өмірден алдым!
14.04.1965 ж.
Алматы