Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 04 нау. 2026 23:30
- 19
Қазақстанда ресейлік телеарналардың хабар таратуы тоқтатылды
Еліміздегі ірі телекоммуникация операторларының бірі «Алма ТВ» 28 ақпаннан бастап ресейлік бір топқа тиесілі барлық телеарналардың хабар таратуын тоқтатты. Бұл шешім көптеген көрермендерді алаңдатты.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Неліктен ресейлік арналар өшірілді?
Компанияның хабарлауынша, бұл әрекеттің басты себебі – құқық иеленуші тараптан уақытша хабар тарату рұқсатының мерзімі аяқталған. Яғни, келісімшарттың жаңартылмауына байланысты «Бірінші арна. Дүниежүзілік желі», «Музыка первого», «Время далёкое и близкое», «O», «Карусель», «Дом кино», «Дом кино Премиум», «Бобёр», «Поехали», «Победа», «Телекафе», «Ланки Live» сияқты арналар көрерменсіз қалды.
Оператор бұл арналардың орнына жаңа премиум-арналарды ұсынды. Компания өкілдерінің айтуынша, шетелдік телеарналардың өкілдерімен келіссөздер жүріп жатыр және оң шешім қабылданса, ынтымақтастық қайта жаңғыруы мүмкін.
Басқа операторлар да осылай істеді ме?
Көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың хабарлауынша, басқа да кейбір операторлардың желісінен «Бірінші арна», НТВ және басқа да ресейлік арналар жоғалып кеткен. Олардың орнына ақылы жазылым арқылы көруге болатын арналар қосылған.