Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Пайдалы қазбалардың түрлері
Тақырыбы: Пайдалы қазбалардың түрлері
Мақсаты:
Білімдік: Пайдалы қазбалардың түрлері мен олардың өндірісте қолданылу аясын меңгерту. Экономикалық, экологиялық білім қалыптастыру.
Дамытушылық: Мәтінді түсініп оқуға төселдіру. Оқушыларды өз бетінше ой
қорытып сөйлеуге машықтандыру. Сын тұрғысынан қисынды ойлау білігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларда қоршаған ортаны, табиғатты зерделеуге бағытталған іс - әрекет қалыптастыру, табиғат байлықтарын қорғай білуге тәрбиелеу.
Карта түрі: « Ауызша сабақ - 1»
Сабақтың әдісі: ізденушілік, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, проблемалық т. б.
Пәнаралық байланыс: география, физика, химия
Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер, кесте

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1. а) Тақырыптық сөздік қор алу ( ТСҚ 5 мин )
Сөз санына қарай 63 % кіру рұқсаты - 37 сөз (ООМ енгізу )

ІІІ Үй тапсырмасын бекіту
ә) Сызбаны толтыру

ІҮ Жаңа сабақ
2. Мәтін бойынша тірек сөздерді тақтаға жазу
(Мұғалім тақырыптан 7 кілтті сөз таңдап, жаттап алуға 30 секунд уақыт береді)
Түрлері
тас көмір
мұнай
газ
темір
тұз
фосфорит
3. Тірек сөздерді дәптерге жатқа жазу ( ООМ енгізу )
(Тақта жабылады да, балалар жаттап алған сөздерді 30 секунд көлемінде жазады. Егер 63% оқушы 7-6 сөз жазса, норматив тапсырылды деп есептелінеді)

4. Тексеру
(Оқушылар сөздерді жазып болғаннан кейін блок ашылады да, қалып қойған сөздерін толықтырып жазады)

5. Мәтінді оқушылардың өз бетінше оқуы
( Оқушылар берілген мәтінді іштей оқып, тірек сөздерді мағынасын ашуға дайындалады. Сонымен бірге мәтінді өте көңіл бөліп оқу керектігі жөнінде нұсқау алады, өйткені мұғалім сын тұрғысынан сұрақ қою кезінде көңілін әрбір детальға аудару керек)
Оқу уақыты: 1 бетке – 3 минут, 2 бетке – 6 минут

6. Берілген тірек сөздердің мағынасын ашу ( ООМ енгізу )
(Оқушылар тірек сөздер бойынша мәтінді мазмұндауы тиіс. Мұғалім барлық оқушыдан сұрап, оқушылардың отырғызу матрицасына енгізуі керек)

Ү Жаңа сабақты бекіту
7. Сын тұрғысынан сұрақтар ( ООМ енгізу )
(Мұғалім оқушыларға тақырып бойынша сұрақ қояды, жауабын қате етіп береді. Формула бойынша үш дұрыс емес және бір ғана дұрыс жауап болуы қажет. Жауабына 3 секунд беріледі)

1. Пайдалы қазбалардың түрлері өте көп. (Иә)
2. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай негізгі 4 топқа бөлінеді.(Жоқ. Пайдалы қазбалар қолданылуына қарай негізгі 3 топқа бөлінеді )
3. Жанғыш пайдалы қазбаларға темір, мыс, қорғасын жатады.( Жоқ. Жанғыш пайдалы қазбаларға тас көмір, мұнай, газ жатады.)
4. Тас көмір – өте аз өндірілетін пайдалы қазба. (Жоқ. Тас көмір – ең көп өндірілетін пайдалы қазба)
5. Тас көмір тек отын ретінде ғана пайдаланылмайды, одан басқа да көптеген заттар алынады. (Иә.)
6. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте аз.(Жоқ. Біздің елімізде тас көмірдің қоры өте мол)
7. Тас көмірдің аса ірі кен орны - Қарағанды мен Екібастұзда көмір шахталық әдіспен өндіріледі. (Жоқ. Қарағанды мен Екібастұзда ашық әдіспен арзан көмір өндіріледі)
8. Мұнай – қызуы аз отын. (Жоқ. Мұнай – өте қызулы отын).
9. Мұнай күл қалдырмай түгел жанып кетеді. (Иә.)
10. Көмірді айыру арқылы бензин, керосин, машина майы және басқа көптеген бағалы заттар бөліп алады.( Жоқ. Мұнайды айыру арқылы бензин, керосин, машина майы, т. б. алынады.
11. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде тас көмірдің аса бай кен орындары бар.( Жоқ. Каспий маңы ойпаты мен Маңғыстау түбегінде мұнай мен газдың аса бай кен орындары бар.)
12. Кенді пайдалы қазбаларға құрамында мұнай кездесетін тау жыныстары жатады. (Жоқ. Кенді пайдалы қазбаларға құрамында металл кездесетін тау жыныстары жатады.)
13. Кенді пайдалы қазбаларды өңдеу арқылы темір, мыс, қорғасын, алюминий және т. б. металдар алынады.(Иә.)
14. Кенді пайдалы қазбалар, әсіресе, Батыс Қазақстанда көп шоғырланған.(Жоқ Орталық Қазақстанда көп шоғырланған.)
15. Жезқазған және Қоңырат темір кен орны әлемге әйгілі.(Жоқ. Жезқазған және Қоңырат мыс кен орны әлемге әйгілі.)
16. Кенді пайдалы қазбалар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс қажетіне пайдаланылады.(Жоқ. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалар қышқыл алуға, тыңайтқыштар өндіруге, құрылыс қажетіне пайдаланылады.)
17. Кенге жатпайтын пайдалы қазбаларға тұз, фосфорит, әктас, мәрмәр, гранит, құм, саз, т. б. жатады.(Иә)
18. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың қоры біздің елімізде өте аз.(Жоқ. Кенге жатпайтын пайдалы қазбалардың қоры біздің елімізде баршылық.)
19. Қаратаудағы гранит кен орны қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы қатарды иеленеді.(Жоқ. Қаратаудағы фосфорит кен орны қоры жөнінен дүние жүзінде алдыңғы қатарды иеленеді.)
20. Фосфоритті ұнтақтап, әктас алынады.(Жоқ. Фосфоритті ұнтақтап, фосфорит ұны тыңайтқышын өндіреді.)
ҮІ Қорытынды
Кестені толтыр
Кенді пайдалы қазбалар Кенге жатпайтын пайдалы
қазбалар Жанғыш пайдалы қазбалар

ҮІІ. Бағалау
Оқушылардың ОММ + белгілері саналады.

«5» - 4 +
«4» - 3 +
«3» - 2 +
ҮІІІ. Үйге тапсырма
1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама