Пайдалы қазбалар мен олардың адам өміріндегі маңызы
Тақырыбы: Пайдалы қазбалар мен олардың адам өміріндегі маңызы
Мақсаты:
Білімдік: Пайдалы қазбалар мен олардың маңызы туралы білім негізін
қалыптастыру. Еліміздің басты кен орындары туралы мағлұмат беру.
Дамытушылық: Алған білімдері бойынша тұжырым, қорытынды шығара білу қабілеттерін дамыту. Сын тұрғысынан қисынды ойлау білігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларда қоршаған ортаны, табиғатты зерделеуге бағытталған іс - әрекет қалыптастыру, табиғат байлықтарын қорғай білуге тәрбиелеу.
Карта түрі: « Ауызша сабақ - 1»
Сабақтың әдісі: ізденушілік, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, проблемалық т. б.
Пәнаралық байланыс: география, физика, химия
Сабақтың көрнекілігі: түрлі суреттер, кесте
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
1. а) Тақырыптық сөздік қор алу (ТСҚ 5 мин )
Сөз санына қарай 63 % кіру рұқсаты - 37 сөз (ООМ енгізу )
ІҮ Жаңа сабақ
2. Мәтін бойынша тірек сөздерді тақтаға жазу
(Мұғалім тақырыптан 7 кілтті сөз таңдап, жаттап алуға 30 секунд уақыт береді)
Пайдалы қазбалар
ас тұзы
бетон
цемент
әк
отын
металл
3. Тірек сөздерді дәптерге жатқа жазу (ООМ енгізу )
(Тақта жабылады да, балалар жаттап алған сөздерді 30 секунд көлемінде жазады. Егер 63% оқушы 7-6 сөз жазса, норматив тапсырылды деп есептелінеді)
4. Тексеру
(Оқушылар сөздерді жазып болғаннан кейін блок ашылады да, қалып қойған сөздерін толықтырып жазады)
5. Мәтінді оқушылардың өз бетінше оқуы
(Оқушылар берілген мәтінді іштей оқып, тірек сөздерді мағынасын ашуға дайындалады. Сонымен бірге мәтінді өте көңіл бөліп оқу керектігі жөнінде нұсқау алады, өйткені мұғалім сын тұрғысынан сұрақ қою кезінде көңілін әрбір детальға аудару керек)
Оқу уақыты: 1 бетке – 3 минут, 2 бетке – 6 минут
6. Берілген тірек сөздердің мағынасын ашу ( ООМ енгізу )
(Оқушылар тірек сөздер бойынша мәтінді мазмұндауы тиіс. Мұғалім барлық оқушыдан сұрап, оқушылардың отырғызу матрицасына енгізуі керек)
Ү Жаңа сабақты бекіту
7. Сын тұрғысынан сұрақтар ( ООМ енгізу )
(Мұғалім оқушыларға тақырып бойынша сұрақ қояды, жауабын қате етіп береді. Формула бойынша үш дұрыс емес және бір ғана дұрыс жауап болуы қажет. Жауабына 3 секунд беріледі)
1. Әрбір адам күнделікті тұрмыста пайдалы қазбалардың сан алуан түрін кездестіреді. (Иә)
2. Өзіміз күнделікті пайдаланып жүрген ас cодасы асқа белгілі бір дәм береді.(Жоқ. Ас тұзы тамаққа белгілі бір дәм береді.)
3. Ас тұзын жердің терең қойнауынан алады.(Жоқ. Ас тұзын тұзды көлдердің түбінен алады.)
4. Үй салу үшін ең алдымен қабырғасын қалайды. (Жоқ. Ең алдымен үйдің іргетасы құйылады.)
5. Іргетасты құюға бетон мен тас керек. (Иә.)
6. Іргетастың үстіне шатыр қондырылады. (Жоқ. Іргетастың үстіне кірпіш қаланады.)
7. Кірпіштер бір - бірімен саз ерітіндісімен байланыстырылады. (Жоқ. Кірпіштер цемент ерітіндісімен байланыстырылады.)
8. Үй, зауыт, т. б. құрылыстар салу үшін басқа құрылыс материалдары қолданылмайды. (Жоқ. Орасан көп мөлшерде тас, құм, саз, әк жұмсалады.)
9. Тас, құм, әк, саз бәрі жерден қазып алынады. (Иә.)
10. Тас көмір, мұнай, газ, шымтезек, жанармай, тақтатас құрылысқа пайдаланылады.
(Жоқ. Тамақ пісіру, үй жылыту, фабрика, зауыт, алуан түрлі транспорт жұмыс істеуі үшін отын ретінде пайдаланылады. )
11. Үй жиһаздары, түрлі машиналар, ұшақ пен кеме жасау, темір жол, көпір салу үшін цемент қажет.(Жоқ. Металл қажет)
12. Металлды жер қойнауынан өндірілетін көмірден айырып алады. (Жоқ. Металлды жер қойнауынан өндірілетін кеннен айырып алады.)
13. Жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын пайдалы қазбалар деп атайды. (Иә.)
14. Адамдар пайдалы қазбаларды пайдаланбай да өмір сүруі мүмкін (Жоқ. Адамдар пайдалы қазбаларды пайдаланбай өмір сүруі мүмкін емес.)
ҮІ Қорытынды
Кестені толтыр
Пайдалы қазбаның аты
Адам өміріндегі маңызы
ҮІІ. Бағалау
Оқушылардың ОММ + белгілері саналады.
«5» - 4 +
«4» - 3 +
«3» - 2 +
ҮІІІ. Үйге тапсырма
1. Мәтінді түсініп оқып, мазмұндау.