Президент: сөзі мен ісі
Мен оны тұңғыш рет 1958 жылы Теміртауда көрдім. «Лениншіл жас» газетінің (казіргі «Жас Алаш») Қарағанды облысы бойынша тілшісі едім. Арқадағы алып құрылысқа — «Қазақстан Магниткасына» сол жылы бір мыңнан астам қазақ жастары келді. Олардың жүріс-тұрысында, бар болмысында бір түрлі қажыр-қайрат, жастық жігер жалындап тұрғандай көрінген. Сол жас өрімнің бірсыпырасымен сөйлескенім, газетке очерк, мақала жазғаным есімде. Бірақ Нұрсұлтан Назарбаев туралы арнайы очерк жазғаным жоқ. Көріпкелім болса жазар ма едім. Ол онда мыңның бірі ғана болатын. «Жүзден — жүйрік, мыңнан — тұлпар» деген асыл мақал ғой...
Бір мың жас келгенде Теміртау кәдімгідей «қазақыланып» қалып еді. Рас, Ресейден, басқа республикалардан келіп жатқандар тасқыны бұл мыңға Қарағанда әлдеқайда әлуетті көрінген. Бірақ сол мыңның өзі көп ұзамай көрінбей кетті де, Теміртауда казак қараң-құран, арпа ішінде бір бидайдай сиреп қалды. Сөйтсек, әлгі казак жастарын жан-жаққа: Ресейдің, Украинаның металлургия зауыттарына бөліп жіберген екен. Сол оқуды бітіргендердің бірсыпырасы маманданып Теміртауға қайта оралды. Бірсыпырасы келмей қалды. Көбі ауылдан шыққан жастар еді, елге тартып кеткен көрінеді. Ал оқу бітіріп қайтқандардың өзінен Теміртауда тұрақтап қалғандары санаулы ғана. От оранып, жалын құшқан жанкешті жұмысқа жігерлінің жігерлісі, төзімдінің төзімдісі ғана шыдаса керек. Соған шыдас беріп, үдесіне жеткендердің бірі Нұрсұлтан Назарбаев екен.
Арада отыз жылдан астам уақыт өткенде мен онымен бірге Түркияға бардым. Қазір адамзат әлемінде озық елдердің қатарына қосылған Түркия басшыларының, түрік халқының Қазақстан Президентін қалай күтіп алғанының куәсі болдым. Қазақ қазақ болғалы оның бірде-бір басшысын басқа мемлекеттің бұлай күтіп алуы тарихта кездескен емес. Түркияның астанасы Анкара әуежайында Нұрсұлтан Назарбаевты терезесі тең мемлекет басшысы ретінде әскери шерумен аса бір ыждағатты құрметпен қарсы алғаны, Түркия Президенті Тұрғыт Өзалдың оны туған бауырындай құшқаны кімді де болса тебірентпей қойған жоқ.
Әскери салтанаттан соң Түркия өкімет, үкімет мүшелері тізіліп тұрып, Қазақстан Президентімен қол алысып, амандасып жатты. Олардың соңын ала Түркияда туратын қазақтардың өкілдері: еңкейген кәрісінен бастап еңбектеген баласына дейін емірене, тебірене сәлемдесті.
Анкара біздің Алматы сияқты қазаншұңқырға қазық қаққан қала екен. Алатаудай асқар шындары болмаса да, Қаратаудың қыраттарындай ойлы-қырлы ойпаңда жатқан шаһардың әсіресе қыстыгүні тынысы тарылып кетеді екен. Сондықтан шамасы келген мекемелер, жеке адамдардың үйлері неғұрлым биікке, қыратқа қарай өрмелеп бара жатыр. Бұл енді улы түтіннен қашқан түрі. Мұндайда Президенттің ордасы, әрине, ең биікке орналаспақ. Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Тұрғыт Өзал қонақасы берді де, біз де Президент ордасын көріп, мол дастарқанынан дәм таттық.
Президенттің ордасына жеткенше тоғыз тосқауылдан өттік. Машинамызды қаһарлы, қара мұртты полицейлер қайта-қайта тексерді. Бастаушы түрік:
— Қазақ журналистері, — деп таныстырғанда ғана түстері жылып, біздің машинамызды алдымен жіберіп отырды. «Қазақ, Нұрсұлтан Назарбай» деп шын пейілмен аңқылдап қуанғандары да болды. Бұл елде журналистердің беделі күшті. Әрине, әрқилы газеттер бар. Солардың мәртебелілерінің бірі «Заман» газеті. Сол «Заманның» бас редакторы Илхан Ишбиләннің айтуы бойынша, ол өзі Президенттің қабылдауында қалаған уақытында бола алады, өкіметтің жабық мәжілістеріне де қатыса береді.
Қонақасы берілетін үлкен залға кірердің алдында вестибюльде меймандар жинала бастайды. Келген бетте көркем жігіттер, сұлу қыздар поднос тартып сусын, ішімдік ұсынады. Қонақтар бір-бірімен танысады. Бойы екі метрге таяу зор генерал біздің жанымызға жақындап түрікше:
— Сәлем, қазақ кардашлар, — деді.
Таныса бастасақ, қарулы күштер басшысы генерал Доған екен. «Менің атажұртым Кавказ, ұлтым-шешен, — деді. — Ата-бабам мұнда ертеде келген. Қазақтардың шешен халқына қаншалықты жақсылық жасағанынан хабарым бар. Рахмет халқыңызға».
Қазақ кімге жақсылық қылмады, казак жері кімге пана болмады. Солардың бәрі осылайша тауфих білдіріп, алғыс жаудырып жатса ғой... Ә дегенде мойыны ырғайдай, биті торғайдай болып, дорбасын асынып келеді де, қазақ жерінде лезде мойны жуандап, биті төгіліп, есіктен кіріп төр менікі деп басынатындарын қайтесің. Асынды ішіп, табағыңа түкіретіндерден сақта құдай...
Вестибюльдегі танысу рәсімі аяқталады да қонақасыға шақырылған мың шақты адам залға қарай аяндайды. Мәрмәр залдағы дастарқан басында әркімнің өз орны бар: нөмірің, аты-жөнің жазылып қойған. Отырып жайғасып болған соң, әлдекім жар салып:
— Қазақстан жұмхұрбашқаны сайын Нұрсұлтан Назарбай!
— Түркия жұмхұрбашканы сайын Тұрғыт Өзал! — деп хабарлайды.
«Жұмхұрбашқан» республика басшысы. Жұмхұрият — республика, башқан — президент.
Мың адам дүр етіп орындарынан турады. Шымылдықты есік ашылып Нұрсұлтан Назарбай мен Тұрғыт Өзал биікте өз елдерінің тулары-байрақтарының тұсында катар турады. Әуелі Қазақ Республикасының, содан соң Түркияның мемлекеттік гимндері ойналады. Гимн аяқтала бере жиналған жұрт ду қол шапалақтайды.
Президенттер дастарқан басынан орын алады.
Менің жанымда отырған, көпті көрген түрік журналисі Ер-тұғырыл:
— Бен (мен дегені) талай президенттің шетел президентерін қабылдап қонақасы бергеніне куәмін, бірақ дәл мынандай салтанатты қабылдау еш уақытта болған емес, — деді. Мен ішімнен: «Е, құдая шүкір, — дедім. — Дүниеде казак деген халық бар. Баяғы ер түріктің бір жұрнағы еді ол. Баяғыда ер түрік мұхиттай тасып дәуірлеп еді. Содан мұхиттың, тасуы қайтып, түрік дүниесі ойдым-ойдым көл болып, әр жерде қалып қойып еді. Өзбек, қырғыз, қазақ, қарақалпақ, түрікмен, татар, башқұрт, ноғай, құмық, саха... болып бөлек-бөлек кеткендердің түрік атауын иемденіп қалғаны осы Анадолы (Ана төл), яғни Кіші Азия түріктері. Өз алдына егемен ел болып, күш-қуаты жағынан алдыңғы қатарлы елдердің қатарында тұрғаны да осы Түркия. Басқалары империялардың отарлығында қалып қойды. Сол отарлардың бірі болып келген Қазақстан бүгін басқа елде тұңғыш туы желбіреп, санатқа қосылып, Президентті салтанатты қарсы алу құрметіне ие болды... Шүкір. Шүкір, тіл-көзден аман сақта».
«Түрік тілдес түгел бол!» — деп уран тастап еді Тұрар Рысқұлов деген казак 1920 жылы. Сөйтсе, ол алдағыны пайғамбардай болжаған екен ғой. «Бөліп ал да билей бер» деген империя саясатының зымияндығын сезген екен ғой.
«Бөлінгенді бөрі жейді». Дәл айтқаны келді. Түріктер бөлшек-бөлшек бөлініп кетіп еді, алпауыт империя оларды қаншама жыл қанады. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас». Жағыз-жарым күштілерге жем болуға жақсы. Әуелі, қазақ, өзің түгел бол, содан соң түріктермен тұтас бол. Сонда ешқандай империя ала алмайды. Ал жеке-жеке шөре-шөрелеп кетсең, шая болып майдаланасың. Аз халықтың маңдайы тайқы келеді, оған бақ тұрмайды, тайғанақтап кете береді.
Стамбулда көргенімді бұдан бұрын, сол Түркия сапарынан кейін іле-шала жазғанмын. Оны егжей-тегжей қайталап жатудың қисыны жоқ. Содан да бері біршама уақыт өтті. Бірақ Ататүрік әуежайдағы жағдай әлі ойымнан кетпейді, әлі көз алдымда. Мыңдаған түрік, казак «а, құдайлап», «Назарбайлап» ұран тастап, ұзақ уақыт тұрып алғаны әлі құлағымда. Үлкен-үлкен үш қошқарды бастарын үкілеп: «Иә, ақсарбас!», «Иә, тәңірі, Нұрсұлтан Назарбайға ғұмыр бер!», «Иә, Алла, казак халқына абырой бер!» — деп үшеуін бірдей бір сәтте құрбандыққа шалып жібергені сірә естен кетер ме.
Мұның мәнін әуелгі ет қызудан соң, сабырмен саралап көрсем, біздің Президентіміздің абырой-атағы шетелдерде биіктеп кеткен екен. Әйтпесе Түркия қай-қай мемлекетіңмен болса да қасқайып тұрып сөйлесетін ел. Бұл Түркия дегенініз Осман империясы дәуірінде дүниені дүрілдеткен, арғы-бергі әлемді қалтыратқан қаһарман болған. Тек соңғы екі ғасырда ғана басынан бақ тайыңқырап, империя кәрі арыстандай қауқарсыз бола бастағанда едәуір кемістік көрді. Түріктер өздерін түрікпіз деуге намыстанып, османбыз дегенге дейін барды. Өйткені түрік деген ұғым кедей, кембағал сияқты естілетін болды. 1920-жылдардың басында Мұстафа Кемал Ататүрік султанатты құлатып, Түркия тұңғыш рет республика болды. Тұңғыш президент Ататүрік сонда түрік халқының рухын, еңсесін көтеру мақсатында: «Дүниеге түрік болып жаратылу қандай бақыт!» — деп айтқаны халықтың жүрегінде жарқын жалау болып желбіреп, жалындап, алаулап, қанатты сөзге айналды. Сол тәкаппар мінезді, тәуелсіз, азат Түркия Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбайды төбесіне көтеріп қарсы алды. Неге?
Әлі күнге дейін бүкіл әлем Кеңес Одағының қулаған шаңырағына қарап, демін ішінен алып отыр. Аңысын андап жатыр. Жайшылықта капиталынан есім түсірер саңылау іздейтін алпауыт банктер бізге келгенде қалтасының аузын бүріп алған. Сенбейді. Сенбеген соң бермейді. Сол банктерден шетелдерге барған сапарында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы бағдарламаларды қаржыландыратын мол несие алып кайтты. Назарбаеву сенеді. Сенген соң береді.
Осы сапарда Стамбулдың ең көрнекті қонақжайы «Мәрмәр» мейманханасының кең залында Нұрсұлтан Назарбаевпен Түркия-да және басқа шетелдерде тұратын қазақтардың өкілдері кездесті. Сонда сол қазақтар Президентке: «Сізге көп үміт артамыз. Қазақтың құлдықтан құтылуын, бостандық алып, егемен ел болуын Сіздің есіміңізбен байланыстырамыз. Абылайдай айбарлы да ақылды басшы санаймыз», — деді.
Неге Абылай? Абылай өзінен бұрын өткен әз Тәукенің ісін жалғастырып, қазақтың басын қосып, біртұтас мызғымас мемлекетке айналдыру үшін арпалысты. Қазақтың басын біріктіру бір уайым болса, сол шашыранды елді сыртқы жаулардан қорғап қалу екі уайым еді. Қос өкпені қысып тұрған қос империя бар. Жүз жыл бойы жаға жыртысқан, ата жау болып қырқысқан жоңғар қалмақтары тұр. Осылардың бәрімен кейде күшпен, кейде ақыл-айламен, дипломатиялық амалмен қазақты сақтап қалу саясатын Абылай шебер жүргізген.
Түркиялықтар мұны білмейді емес. Біледі. Ал Нұрсұлтан Назарбаевтың әзіргі саясаты сол Абылайды еске салып тұрғаны сондықтан. Мұны түсінбеген біздегі кейбір мұңлықтар Президент айыптауға бейім. Мәскеуге қарап жалтақтай бересің дейді. Ельцинмен келісетін жерінде келіседі, келіспейтін жерінде бас имейді. Ельциннің жер дауын қоздырмақ болған сөзінен кейін Назарбаев өзінің қомақты да салмақты сөзін айтты. Мұндайда қазақ:
Шалқайғанға шалқай, Пайғамбардың ұлы емес. Еңкейгенге еңкей, Әкеңнен қалған күл емес, — демеуші ме еді.
Президент бұл ұлы өсиетті ділінде сақтаған. Енді біреулер Назарбаевқа аспандағы айды дәл қазір неге алып бермейсің деп өкпелейді. Өз елінде, өз жерінде қазақ деген қауым қырық-ақ пайыз болып қалғанын, сол қырық пайыздың ішінде ұлттық нигилистер де, яғни бір кездегі кейбір түріктер сияқты қазақпын деп қасқайып тұрып айтарға намыстанатын мәңгүрттер де бар екенін ескере бермейді. Қазақстанда алпыс пайыз өзге ұлт болса, оның ішіндегі ең ірісімен қақтығыссаң, оның артында жүз миллиондық қорған тұрғанын ұмытуға бола ма. Ал қазақтардың қорғаны болар кім бар? Батпандап келген кесапат мысқалдап шығады. Бұл ағайындарға көне халық даналығын айтпасқа амал жоқ.
Төс айылдың батқанын Иесі білмес, ат білер. Ер жігіттік қадірім, Ағайын білмес, жат білер.
Сонда Н. Назарбаевтың өзіміздегі кейбір сыншылар білмеген, ал «жат білген» қандай-қандай қадірі бар? Бұл арада мен 1989 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен сұхбаттасқанымды еске түсіріп отырмын. Ол кезде Н. Назарбаев Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болатын. Қожайынымыз — Колбин. Қолын Грузияда қанға былғап, сол қанға Қазақстанда қолын білегіне дейін батырып алған Колбин. Амал жоқ. Қазақстан үкіметі де соған бағынады. Сол кездің өзінде, Колбин өзіне ыңғайсыз Нұрсұлтан Назарбаевтан қалай құтыларын күндіз-түні ойлап жүрген кездің өзінде Назарбаев менімен әңгімесінде Қазақстан Орталықтың, яғни Мәскеу алпауыттарының құлдығынан құтылу керек деген сөзді тұнғыш рет, басқалардан бұрын жария етті. Қазақстанда шығып жатқан байлықтың тоқсан үш пайызы Орталықтың өңешіне құйылады, езімізге жеті-ақ пайызы қалады. Буған ендігі жерде төзуге болмайды деп сескенбей айтты.
Арада үш жылға жуық уақыт өтті, Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен Қазақстан аумағындағы өнеркәсіп орындарын республика меншігі деп жариялады. Бұрын республикаға пысқырып та қарамай, тікелей Мәскеуге бағынатын зауыттар, комбинаттар, фабрикалар енді республиканың қарамағында. Бұрын Қазақстаннан қанша алтын, күміс, платина, т.б. асыл кендер шықса, тонна-тоннасымен бір грамы қалмай Орталықтың қазынасына құйылатын. Қанша өндіріп, қанша әкетіп жатқанын республика басшылары да білмейтін сыңайлы еді. Енді өзімізден өндірілетін асыл металдар өзімізде қалып, алтын қоры жасалатын болды. Алтын қоры жоқ мемлекет — қауқарсыз мемлекет.
Қазіргі дүниеде кеңестің сомынан сорлаған ақша жоқ. Өйткені ол алтынмен негізделмеген. Шетелге шыққанда кеңес азаматының мүсәпір күй кешетіні содан. Қазақстанда алтын қоры жасалғаннан соң Президент Назарбаев өзіміздің ұлттық валютамызды шығармақшы. Бұл өз жұртын, өз халқын әлемдік қатарға қосу жолындағы кадам шығар.
Қазақ КСР Министрлер Кенесінің Төрағасы болып тұрған кездің өзінде-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Семей атом полигонын жабуға әрекет жасады. Колбинді көндіріп, сол кездегі ең құдіретті саяси бюроға дейін барды. «Бірақ Колбин бірге болғаны болмаса, полигон жабылсын деп бір ауыз сөз айтқан жоқ», — деп еді бір сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев.
— Саяси Бюродағылар полигонды жабу жөніндегі келісім бермесе де, біздің. ниетімізді құптағандай, жаны ашығандай сыңай танытқан. Міне, осы әңгімеден кейін Алматыға оралған соң Колбин мұны өзінің «табысындай» етіп көрсетіп, «Невада-Семей» қозғалысының өмірге келуіне қарсылық етпеген. Өмірде осындай да болады: істі біреу істейді, жемісін басқа біреу жейді. Бірақ әділет деген ақыры ез иесін табады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Жарлық шығарып, Семей полигонын мүлде жаптырды.
Күні кеше, сайлау алдындағы сапарында Семей полигонына барып, сайлаушылармен кездескенде Нұрсұлтан Назарбаев полигонный өкілдеріне жұмыссыз қалмайтынын мәлімдеді. Оларға қырық жыл жарылыс жасатқан Мәскеу енді қарамай, ақша бөлмей, тағдыр тәлкегіне тастап барады. Қазақстан Президенті ғана оларды енді бұрынғы жарылыстардан келген зардаптарды залалсыздандыру бағытында жұмысқа тартпақ. Будан былай ядролық полигон атам қазақтың «Кіммен қарай сан — сонымен агар» деген сөзін ұстанып жатса, тізгін Нұрсұлтан Назарбаевтың қолында. Орталықтікі — кәпірлік болғанда, Назарбаевтікі — кісілік.
Республика Жоғарғы Кеңесінің сессиясындағы бір оқиға еске түседі. Сол сессияға Мәскеуден бір генерал келіп катысып, сөз сөйлейді. Айтқаны: Семей полигонында екі сынақ өткізуге қарсы болмаңыздар. Есесіне бес миллиард сом ақша береміз деп, жас баланы кәмпитпен алдағандай әрекет жасады. Оған облыс басшылары кәдімгідей көніп қалыпты. Бірақ Президент бастаған халық депутаттары әлгі генералдың көмейіне тас тыққандай қылды.
Осыған байланысты Президенттің тағы бір істеген жақсылығы — қырық жылдан астам уақыт бұрын атом сынау алапатынан тоз-тоз болып тарап кеткен Абыралы ауданы қайтадан құрылып, жергілікті халықтың арманы орындалып, қайтадан басы құралып, атақоныс аудан туын кайта желбіретті.
Торғай мен Маңғыстау облыстарын қайтадан қалпына келтіруде де Президент қажырлы қимыл танытты. Колбиннің тұсында жабылған осы облыстардың шеккен қасіреті аз болған жоқ-Мұндағы халықтың мұң-мұқтажын алғаш рет «Егемен Қазақстан» жария етті. Бұған Президент пен Жоғарғы Кеңес кулак асып, қисайғанды түзетіп, ыдырағанды құрап, облыстарды кайта ашуға пәрмен берді.
Ұлы державалық империялық кердең-кесір мінездің бірі — Қазақстан жерінде отыз жылдан астам уақыттан бұрын космодром орнап, ондаған космонавтар ғарышқа ұшып жатса да: ой, біз ғарышкерлерді қай жерден ұшырып жатырмыз, қазақ деген халық бар емес пе. Ендеше қазақтарды ғарышқа неге шығармаймыз? Әлем алдында ұят қой деген біреу болған жоқ.
Осы сұрақты мен Нұрсұлтан Назарбаевқа 1989 жылы қойғанмын. Ол да мұны қорлық санап, намыстанса да, онысын сездірмей:
— Бұйырса, бұл мақсатқа да жетерміз, — деген. Ақыры айтқаны келді. Президенттің пәрменді талап етуінің аркасында Тоқтар деген казак азаматы ғарышқа да барып қайтты. Бір ғажабы: Орталықтың ұлы державалық қақсалдары осының өзін кеп көріп, ғарыш қазақтың маңдайына бұйырмағандай: ойбай, космостық бағдарлама бұзылды. Назарбаевтың қысым көрсетуімен ғарышқа бір казак кезектен тыс ұшып кетті! — деп байбалам салды.
Отаршыл озбырлар психологиясы осындай.
Бірақ Назарбаев дегеніне жетті.
Біздің Президентіміздің осы космодромға байланысты ендігі шешетін үлкен мәселесі алда тур. Космодромға, оның Ленинск деген қаласына көп су керек екен. Соны олар Қармақшы мен Жалағаш аудандарының жерінің астынан алып құбырлармен тартып жатыр. Онсыз да қуаң жердің астындағы су кеткен соң нағыз тозақ сонда болмақ. Жерасты суының Аралмен тамырлас емес екенін кім білген. Президент осыған тыйым салса абыройы арта түсіп, ел мен жердің сауабын алар еді.
Космодром мыңдаған гектар жерді алып жатыр. Бірақ Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекетінде» жазылғандай, байырғы ата-баба зиратына да жолай алмайсың. Будан былай сол жердің өтемі қасірет шеккен жергілікті тел халықтың қажетіне жарауы керек.
Нұрсұлтан Назарбаев республика Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тұрғанда өз бастамасымен тексеру жүргізіп, Қазақстанда жетпіс бір ауданның азып-тозып артта қалғанын анықтады. Оның отызы артта қалудың «шыңына» жеткен екен. Содан кейін үкімет тарапынан осы отыз ауданға экономикалық, әлеуметтік, мәдени жағынан өркендеу үшін көмек көрсетілсін деген жап-жақсы қаулы да қабылданды. Қаржы министрлігінің басына тартсаң аяғына жетпейтін, аяғына тартсаң басына жетпейтін құрақ көрпесі мұрша бермеді ме, әйтеуір Назарбаевтың орнына келген үкімет басшысы бұл қаулыны орындауда жартымды ештеңе тындыра алмай кетті. Шалғайда жатып артта қалған аудандар дегеніміз, түптеп келгенде, негізінен казактар туратын аудандар. Басқалар су ішкенде олардың у ішіп отырғаны келеңсіз-ақ. Президент өзі бастаған игі істі енді өз қолына алар деген үміт зор.
Астана және астаналық облыс өкілдерімен сайлау алдындағы кездесуінде, таяуда Нұрсұлтан Назарбаев:
— Қазақстанда аштық болмайды, — деді.
Иншалла, айтқаны келсін.
Сөйте тұра біздің Президентімізді байтақ ел тағдыры алаңдатады. «Қазақстанның қарны тоқ» деп қарап отыратын мінез оған жат. Өзінің шетелдердегі беделін пайдалана отырып, Назарбаев Лондонда қаққан қоңырау әлемге жетсе дейміз.
— Қандай «изм»-де тұрмайық, әйтеуір халық дәулетті болса болды, — деді.
Социализмнің артықшылығы жөнінде том-том кітап жазғандарға — бір-ақ ауыз жауап.
Президенттің еш партияға қосылмауы — талайға тағылым. Бүкіл қазақстандықтардың, жағдайына жауап беретін басшы ешқандай да белгілі топтың сойылын соған кетпеуі керек. Идеологиядан экономиканы жоғары қою арқылы ғана Қазақстанды әлемдік деңгейге жеткізуге болады.
— Қазақстан кеп ұлтты мемлекет. Оған ұлтаралық бейбітшілік қасқалдақтың қаныңдай қажет, — деді.
Бір күн ұрыс кірген үйдің қырық күн берекесі кетеді. Президент ұстанар ұран:
— Өзің өлме, өзгені де өлтірме!
Ал енді казачество сияқты әлдекімдер қылышын жалаңдатып жүрсе мойынсұна беру де ынжықтық, құлдық ауру. Президент бұл жағдайда «өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай» елдің қырғынға ұшырамауының, сонымен бірге Қазақстанның тол тұрғындарын қорлауға жол бермеу үшін дана шешім таба алады деп сенеміз.
Қазақ халқының басынан осы кеңестік дәуірдің өзінде қилы-қилы замандар етті. Империялардың қай-қайсысы болса да өзінен әлсізді жаулап алуға құмар. Басқыншылардың психологиясы өктемшілдік озбырлыққа бейім. Олар үшін сол жаулап алынған жердің төл тұрғындары түкке тұрғысыз. Империяға жер керек, жердің байлығы керек.
Сталин, Хрущевтар Қазақстанда осы отарлау саясатын жүргізуде патшалардан да асып түсті. 1932-1933 жылдардағы коллективтендіру тұсында қолдан жасалған алапат ашаршылықтан, яғни геноцидтен үш миллион қазақ қырылды. Қалғандары солардың кебінін кимес үшін жанталасып, жан-жаққа, Қазақстаннан тысқары жерлерге үдере көшіп, ауып кетті. Елден кетірген коммунистік отаршылдар. Ендеше сол қазақтардың алдында Кеңес өкіметінің кінәсі шаш-етектен. Ол кінәдан, аздап болса да тазарудың бір түрі — сол қуғын-сүргін көрген казактарды, олардың ұрпақтарын атамекенге қайтару. Туған елге оз еркімен келем деушілерге Қазақстанның шекарасы айқара ашылуға тиіс. Ол үшін көшіп-қону (миграция) туралы Заң керек. Бұл мәселе көпшілік тарапынан көптен бері қойылып келе жатса да республика Жоғарғы Кеңесі ондай Заңды қабылдауға асығар емес. Осы жайды көптеген сайлаушылар Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа аманат етіп айтып жатыр.
Мұны шетел қазақтары да аманаттап отыр. Қазақстанға басқа ұлттардың азаматтары мыңдап, миллиондап келуден кенде емес. Қонақ жайлылық, мейман достықтың да шегі бар. Ендігіміз дарақылық. Ендеше Қазақстанға келімсектерді қабылдай беруді тыю керек. Жоғарғы Кеңес алда қабылдайтын Азаматтық туралы Заңнан да қыңырланып кетпей, әділ шешім тапқаны жон. Қазақстанның азаматы деп кімді айтамыз — бұл үлкен мәселе. Кез келген көлденен көк атты республикамыздың азаматы атана берсе, ертең езіміз қайда барып сиямыз? Ондай зілмауыр салмақ иығымызға қазірдің өзінде түсіп тұрған жоқ па?
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен кеңес кезеңінде түңғыш рет Орта Азия мен Қазақстан басшылары игі істің іргесін қалап, аймақтың алыс-беріс, барыс-келістің, туыстықтың жарасымды Ордасының шаңырағын көтергендей болып еді. Соның шынайы жемісін көрсек дейміз. Президенттің есіне осыны да салғымыз келеді.
* * *
«Егер пайғамбар қателессе, артындағы халықтың бәрі сүрінеді» деген ертеден келе жатқан канатты соз бар. Пайғамбар дегені елдің басшысы ғой. Сол басшы қателесе бергеннен Кеңес Одағы қандай халге жеткенін көзбен көріп отырмыз. Қазақстан үшін де жаңа заман туып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев бастаған республика жетекшілері Қазақстанның егемендігін жариялады. Жаңа дәуірден тың жол салу әрдайым қиынның қиыны. Осы қиын-қыстауың жолда Қазақстанды сүріндірмей, адастырмай алып жүрер кім бар? — дегенде, көз алдыңа Нұрсұлтан Назарбаев келеді. Оны халық таныды, дүние жүзі таныды. Оның дүниежүзілік беделі күннен-күнге артып келеді. Нұрсұлтан Назарбаев бастаған Қазақстан күні ертең өз байлығының, берекелігінің, бейбітшілігінің, биік парасаттылығының аркасында Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі болып танылар күн де алыс емес. Сонда Қазақстан байрағы жер шарының басқа елдерінің туларының қатарында еңсесін биікте ұстап желбіреп тұрмақ.
Бұл қазақ деген еліміздің ежелгі арманы ғой.