Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Шерхан Мұртаза
Шерхан Мұртаза (1932жыл) (слайд)

Өмірінен деректер
Өмірінен деректер
Жылдар ---- Мазмұны
1932 ж Дүниеге келді.
1937 ж Әкесі Мұртаза сталиндік репрессияның құрбаны болды.
1941 ж Талапты мектебінің табалдырығын аттады.
1950 ж Жамбылда интернат үйінде жүріп, Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін бітіреді.
1955 ж Мәскеудің мемлекеттік Ломоносов атындағы университетінде журналистика факультетін бітіреді.
1955 - 1956 жж Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында.
1956 - 1960 жж “Лениншіл жас” (қазіргі “Жас алаш”)
1960 - 1963 жж “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор.
1970 - 1972 жж “Жазушы” баспасы жанындағы Балалар мен жастар әдебиеті бас редакциясының және “Жалын” альманахының бас редакторы.
1972 - 1975 жж “Жұлдыз” журналының бас редакторы.
1975 - 1980 жж Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 2 - хатшысы.
1980 - 1989 жж “Қазақ әдебиеті” газетінің бас редакторы.
1989 - 1992 жж “Егемен Қазақстан” газетінің бас редакторы.
1992 - 1994 жж “Қазақстан” мемлекет телерадио компаниясының төрағасы қызметтерін атқарды.
1999 ж “Құрмет белгісі”, “Отан” ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған.

Шығармашылығы
Шерхан Мұртаза шығармашылық жолын студент кезінде Л. Лагиннің “Хоттабыч қарт”, М. Кәрімнің “Біздің үйдің қуанышы” шығармаларын қазақ тіліне аударумен бастады. Ал тұңғыш кітабы — “Құрылысшы Дәку” очерктер жинағы 1958 жылы жарық көрді. Қазіргі замандас бейнесі, соғыс жылдарындағы тылдағы адамдардың қажырлы еңбегін баяндаған “Табылған теңіз” (1963), “Бұлтсыз күнгі найзағай” (1965), “Белгісіз солдаттың баласы” (1967), “Мылтықсыз майдан” (1969), “41 - жылғы келіншек” (1972), “Ахметжанның анты” (1973), т. б. повестер мен “Интернат наны” (1974) атты әңгімелер жинақтары жарияланды. Өндірістің дамуы жөнінде, адам мен қоршаған ортаға қамқорлық туралы маңызды мәселелер көтерген, ғылыми - техникалық төңкеріс жайын сипаттаған “Қара маржан” (1976; ҚР Мемлекет сыйлығы, 1978) романы, мемлекет қайраткері Т. Рысқұловтың өміріне арналған (“Қызыл жебе”, 1, 2 - кіт. 1980; “Жұлдыз көпір”, 3 кіт., 1984) роман - трилогиясы басылды.
Драматургия саласында жазушының “Қызыл жебе” (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), “Сталинге хат” (1988), сондай-ақ “Бесеудің хаты” (1989) атты пьесалары қойылды. Ол Г.Х. Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың “Ботагөз”, “Қош бол, Гүлсары”, “Теңіз жағалап жүгірген тарғыл төбет” повестерін, “Боранды бекет”, “Жанпида” романдарын қазақ тіліне аударды. Шерхан Мұртаза шығармашылық жұмыстармен қатар Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайту ісіне де белсене араласты. Қазіргі заманның, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін, ел, жер, тіл мәселелерін көтеретін көптеген мақала-эсселер жазды.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама