Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 21 минут бұрын)
«Сізді құшақтамағаныма 40 күн болды...»: Асанәлі Әшімовтің немересі анасын сағынып, жүрекке тиетін жазба жариялады

Аңызға айналған актер Асанәлі Әшімовтің немересі, марқұм Сағи Әшімовтің ұлы Аңсар Әшімов анасына деген сағынышын білдіріп, желідегі парақшасында жантебірентер жазба жариялады. Бұл туралы Aikyn.kz сайты хабарлады.

Аңсар Әшімов анасының дүниеден озғанына 40 күн толғанын айтып, өзінің терең сезімдерін жеткізген.

«Сізді құшақтамағаныма, көрмегеніме, дауысыңызды естімегеніме, сүймегеніме 40 күн болды. Жатқан жеріңіз жайлы, жаныңыз жәннәтта болсын, Анашым», – деп жазды Аңсар Әшімов әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, Аңсар Әшімов – Асанәлі Әшімовтің немересі, белгілі актер Сағи Әшімовтің ұлы.

Жаңалықтар

Жарнама