- 05 нау. 2024 01:39
- 302
Сүйінбай Аронұлы (1815 - 1898 ж. ж)
Сүйінбай Аронұлы (1815 - 1898 ж. ж) слайд
Сүйінбай – айтыс өнерінің алтын діңгегі.
(М. Әуезов.)
Сүйінбай Аронұлы Алатаудың аса сұлу бетбауыр бөктеріндегі Алматыға тиіп тұрған Қарақыстақ ауылының Бұлақ деген жерінде 1815 жылы туып, 1898 жылы 83 жасында дүние салған. Болашақ даңқты жырау жасында жоқшылық тауқыметін көп тартқан. Жастай жетім қалып, байдың малын бағып, тамағын асыраған.
Сүйінбай 13 - 15 жасынан ақындық жолын қуады. Баяғының неше алуан жыр - дастандарын, аңыз - қиссаларын жиын - тойларда жатқа айтып, өз жанынан да шығарады.
Қаршадайынан қолына домбыра алып, өлеңді өмір серік еткен жыраудың 60 жылдан астам уақыт бойы тоқтаусыз шығарған жыр мұрасы ұшан - теңіз болған. "Соққан желдей, аққан селдей" өрен жүйріктің ақындармен айтыстары, ел қорғаған ерлерге арнаған ұзақ жырлары, арнау, сықақ - сын, мінездеме, қағытпа өлеңдері, өмір туралы толғаныстары өте көп болған.
Шығармашылығы
Сүйінбай – XIX ғасырдың 30 - жылдарынан 80 - жылдардың соңына дейін алпыс жылдан астам іркіліссіз жырлаған, айтыста жеңіліп көрмеген аса көрнекті ақын - жырау. Оның өлеңдері мен айтыстарында XIX ғасырдағы қазақ елінің өмір - тіршілігі, арман - мұраты көрініс тапқан. Жасынан қолында билігі мен байлығы барлардың кедей - кепшікке көрсеткен зорлық - зомбылығын, әлеуметтік әділетсіздікті көріп - біліп өскен ол қара халықтың жоқшысы болды. Би мен бектің, атқа мінерлердің халыққа жасаған қиянаттарын алмастай өткір жырлармен естен кетпестей қып бетіне басты.
Ел бірлігін, оның тәуелсіздігін, сол жолдағы ерлердің жанқиярлығын талмай жырлады. Ол өзінің бұл биік адамгершілік - этикалық ұстанымын жолын қуған талантты шәкірттерінің көкірегіне құйып отырған. Қаратай, Өтеген, Сұраншы, Сауырық, Сыпатай сияқты жоңғар қалмақтарына соққы берген, Жетісуды Қоқан басқыншыларынан азат еткен даңқты батырлар жайында Жамбыл бастаған кейінгі ақындар Сүйінбайдан қалған үлгімен жырлаған. Қырғыз эпосы "Манас", көне түркілік "Көрұғлы", түбі шығыстық "Шахнама", "Тотының тоқсан тарауы" тәрізді ұлы туындыларды жырлап, келесі ұрпаққа жеткізген.
Қорытынды
Сүйінбай – ірі ақын. Сондықтан оның қозғаған тақырып, көтерген мәселелері де ірі болып келеді, соған орай ойы да өрелі, тілі де өрнекті шығады.
Сүйінбай үнемі халыққа арқа сүйеп, ру емес, тайпа емес, тұтас елдің мүддесін жырлайды, ел үшін оттан да, судан да тайынбай, өмірін қиған ерлерді мадақтайды. Елдік, ерлік идеясы – Сүйінбайдың өлеңдері мен жыр - дастандарының, айтыстарының өн бойына тартылған өзекті идеясы.
Ақын шығармаларының бір парасы осы елдік пен ерлік тақырыбына арналған. Солардың ішінде елдік пен ерліктің гимні іспетті "Бөрілі менің байрағым" өлеңінің орны бөлек. Онда бір тайпа елдің ғана емес, бүкіл қазақтың, түпкі тегі – көк бөріге сиынған, оның басын ту етіп, тұлпар мініп, елін қорғаған сонау хүн - түркі заманынан қанына сіңген халық рухы есіп тұр.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.