Photo: Pixabay (https://www.pexels.com/@pixabay) / Pexels
- 07 нау. 2026 08:30
- 26
Қазақстанда жұмыс берушілерге жаңа жауапкершілік: Еңбек шарттарын тіркемесеңіз, айыппұл төлейсіз
2026 жылдың 12 наурызынан бастап Қазақстанда жұмыс берушілерге қатысты жаңа талаптар күшіне енеді. Еңбек қатынастарын цифрландыру аясында енгізілетін бұл өзгерістер, еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне (ЕШЕБЖ) мәліметтерді уақытылы және дұрыс енгізбеген жағдайда әкімшілік айыппұл салуға негіз болады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа заңның мәні неде?
Қабылданған №257-VІІІ ҚРЗ заңына сәйкес, жұмыс берушілер енді еңбек шарттарын жасау, өзгерту және тоқтату туралы ақпаратты ЕШЕБЖ жүйесіне міндетті түрде тіркеуі керек. Бұл жүйе 2020 жылы пандемия кезінде іске қосылғанымен, көптеген жұмыс берушілер оған салғырт қараған болатын. Енді бұл жүйеге енгізілмеген немесе қате енгізілген мәліметтер үшін жауапкершілік қарастырылған.
Айыппұлдар кімге және қанша?
Жаңа ереже бойынша, еңбек шарты жасалғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде, өзгерістер енгізілген жағдайда 15 жұмыс күні ішінде, ал қызметкер жұмыстан босатылған кезде 3 жұмыс күні ішінде тиісті ақпарат ЕШЕБЖ-ге енгізілуі тиіс. Бұл мерзімдерді бұзған жағдайда, жұмыс берушінің ауқымына байланысты айыппұлдар мынадай болады:
Егер осындай бұзушылық бір жыл ішінде қайталанса, айыппұл мөлшері екі есе артады.
Жауапкершілік кімге жүктеледі?
Мәліметтердің дұрыстығы мен уақтылылығына жұмыс беруші немесе арнайы тағайындалған қызметкер жауапты болады. Алайда, жауапты тұлға ресми түрде бекітілмеген күннің өзінде де, айыппұл тікелей жұмыс берушіге салынады. Бұл талаптар жұмыс берушілердің еңбек қатынастарын ресімдеудегі жауапкершілігін арттыруға және мемлекеттік деректер базасының сапасын жақсартуға бағытталған.
Еңбек нарығындағы жағдай
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2026 жылдың басында Қазақстан халқының саны 20,5 миллионнан асқанымен, жұмыспен қамтылғандар саны 9,7 миллион адамды құрады. Оның тек 7,1 миллионнан астамы жалақы алатын жалдамалы жұмыскерлер болса, 2,1 миллионнан астамы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. Бұл көрсеткіштер еңбек нарығындағы белсенділіктің төмендігін көрсетеді.