Photo: Francesco Ungaro (https://www.pexels.com/@francesco-ungaro) / Pexels
- 12 ақп. 2026 17:00
- 23
"Жұрт бүгін айтқанымен, ертең ұмытып кетеді" – Назарбаевтың Сәрсенбаевтың өліміне қатысты айтқан сөзі тарады
Саясаткер Алтынбек Сәрсенбаевтің, оның күзетшісі мен жүргізушісінің қаза болғанына 20 жыл толды. Бұл күн саясаткердің жақындарының жаңа мәлімдеме жасауына себеп болды. Олар істі «жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша» қайта қарауды талап етіп, Бас прокуратураға өтініш жолдады.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Іс бойынша заңбұзушылықтар мен күдіктер
Сәрсенбаевтың туыстары тергеу мен сот процесі кезінде елеулі заңбұзушылықтар болғанын, кейбір маңызды жайттарға тиісті баға берілмегенін айтады. Өтініште сотқа берілген іс бойынша аудиожазбаға сілтеме жасалып, онда Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі делінетін сөздер келтірілген. Жазбада «іс бойынша бәрі дәлелденген, айқайлаудың қажеті жоқ, бір айдан кейін іс сотқа беріледі, халық бүгін сөйлеседі де, ертең ұмытады» деген мазмұндағы пікір айтылған.
Өтініш иелері бұл деректің сот үкімінің алдын ала шешілгенін меңзейтінін, яғни сот басталмай тұрып, бір ай бұрын Президенттің істі шешіп қойғанын, ал сот процесі тек қоғам үшін қойылған көрініс болғанын алға тартады.
Назарбаевты жауапқа тарту талабы
Сәрсенбаевтың туыстары Қазақстанның Тұңғыш Президентінен жауап алу қажеттігін алға тартады. Олардың пікірінше, аталған аудиожазбаның өзі сот үкімін жоюға негіз болуы тиіс, ал Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселе бойынша жауапқа тартылуы керек.
Туыстар бұл оқиғаны «саяси террор актісі» деп атап, Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелерін қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін көтерді.