Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Мұхтар Шахановтың келіні жұртшылықты алаңдатқан жағдайға қатысты үндеу жасады

Жағдайы мәз емес

Қазақтың көрнекті ақыны Мұхтар Шахановтың денсаулығына алаңдаушылық білдірген келіні Жаңагүл Өмірбекова жұртшылыққа үндеу жасады. Ол әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты пікір білдіріп, ақынның қазіргі жағдайына тоқталды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Не болды?

Жаңагүл Өмірбекованың айтуынша, Мұхтар Шахановтың жағдайы қазір өте ауыр. Ол ақынның айтқанын бірден ұмытып қалатын халге жеткенін жеткізді.

Келіншектің үндеуі

Жаңагүл Өмірбекова Мұхтар Шахановтың ұлт алдындағы еңбегін ерекше атап өтті. Ол ақынды бір видеоға бола қаралаудың қажеті жоқ екенін айтты. Сондай-ақ, ақынның қазіргі жағдайына түсіністікпен қарауға шақырды.

Министрдің мәлімдемесі

Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева жалған ақпарат таратушыларға қатысты пікір білдірген болатын. Оның айтуынша, қазіргі таңда жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер күшейген.

Жаңалықтар

Жарнама