Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 сағат бұрын)
Қазақстан Ресей армиясына жабдық жеткізуге қатысы бар ма?

Еуропадан Қазақстанға әкелініп, кейін Ресейге жіберілген санкциялық жабдықтар туралы деректер жарияланды. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлады.

Эстонияның Харью уездік соты ресейлік кәсіпкер Иван Анчевскийді және оның Melytec Europe OÜ компаниясын халықаралық санкцияларды бұзды деп таныды. Тергеу материалдарына сәйкес, бұл жабдықтар Ресейдің әскери өнеркәсібіне арналған жоғары технологиялық құрал-жабдықтар болып шықты.

Істің мән-жайы

Ресейлік Melytec компаниясы Швейцарияда жасалған металл беріктігін бақылайтын жабдықты Эстониядағы еншілес компаниясы Melytec Europe OÜ арқылы тапсырыс берген. Кейін бұл жабдықтар алдымен Қазақстанға, одан әрі Ресейге жеткізілген.

Прокурор Иван Анчевский Ресейге құны шамамен бір миллион еуро болатын алты бірлік техника жеткізгенін, оның кем дегенде біреуі әскери өнеркәсіпте қолданылғанын мәлімдеді.

«Мысалы, инженерлер ұшақ дронында қандай материалдар мен бөлшектер комбинациясын қолдану керектігін шешпес бұрын, сол бөлшектің діріл мен сыртқы жағдайларға төтеп бере алатынын, ұшақ аспанда ұша алмай құлап қалмауын тексеруі тиіс. Осы сынақ машинасы сол нақты жағдайларды модельдеп, бөлшектің жүктемені көтере алатынын анықтау үшін қажет», - деп түсіндірді мемлекеттік прокурор Верте Ресей әскескелерінің бұл жабдықты қолдануын.

Санкциялардан айналып өту үшін Қазақстан, Эстония, Венгрия және БАӘ елдеріндегі делдалдар пайдаланылған.

Сот үкімі

Нәтижесінде, Харью уездік соты Иван Анчевскийді 3,5 жылға бас бостандығынан айырды. Оның Melytec Europe OÜ компаниясына үш миллион еуро айыппұл салынды.

Жаңалықтар

Жарнама