Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
"Жүрегім жарылардай қуандым": Жеңіс Ысқақова күйеуінің ерекше сыйлығын еске алды

Белгілі әнші Жеңіс Ысқақова 8 наурыз халықаралық әйелдер күнінде алған ерекше сыйлығы жайлы естеліктерімен бөлісті. Бұл туралы turkystan.kz хабарлайды.

Әншінің айтуынша, ең қымбат сыйлық – 1990 жылдары, елде тоқырау кезінде жолдасының сыйлаған мантоваркасы. Сол кездегі жағдайға байланысты бұл сыйлық оған үлкен қуаныш сыйлаған.

"Менің есімде қалған керемет бір сыйлық бар. 1990 жылдары елімізде тоқырау заманы болып жатқан тұста отбасын құрып, әрбір алған дүниемізге риза болып, қуанып жүрген кезіміз еді. Сол шақта маған 8 наурыз мерекесіне орай менің жолдасым мантоварка сыйлаған болатын. Соған мен жүрегім жарылардай қуанған едім", - деп бөлісті Жеңіс Ысқақова.

Желідегі оқырмандар әншінің бұл естелігін жоғары бағалап, оның сыйлықты ерекше деп тануын қолдады.

Жаңалықтар

Жарнама