Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
10 жыл бұрынғы қателігім үшін кешірім сұраймын: Дана Тұрарбек Жанар Айжановадан кешірім өтінді

«Өнер қырандары» театрының актрисасы Дана Тұрарбек танымал әнші Жанар Айжановадан 10 жыл бұрын жасаған пародиясы үшін көпшілік алдында кешірім сұрады. Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Актрисаның айтуынша, бұл әрекетіне өкініп, уақыт өтсе де, кешірім сұрауды жөн көрген.

«Мен, Дана, «Өнер қырандары» театрының актрисасы ретінде, осыдан 10 жыл бұрын жасаған қателігім үшін дүйім жұрт алдында кешірім сұраймын. Иә, білемін, ұзақ уақыт өтіп кетті. Бірақ «жақсылықтың ерте-кеші жоқ» дейді ғой. Барша халықтың алдында сізге пародия жасағаным үшін Жанар Айжановадан кешірім өтінемін. Жанар апай, мен сізді қатты сыйлаймын, қатты жақсы көремін. Шыны керек, сіздің дауысыңызбен өстік. Сізге еліктеп, «мына кісінің ішіне балаша балғын, әдемі дауыс қалай сыяды?» деп ойлайтынмын. Бір қарасам, Республика сарайының сахнасында сізді сомдап тұрмын. Кешіріңіз, Жанар апай. Енді салмамаймын. Егер салып қойсам, қайтадан кешірім сұраймын», – деді Дана Тұрарбек.

Актрисаның бұл бейнежазбасы желіде қызу талқыға түсті. Көпшілік мұны әзіл ретінде қабылдаса, кейбірі Дананың пародиясы Жанар Айжановаға ұқсамағанын айтып, пікір білдірді.

Жаңалықтар

Жарнама