Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 58 минут бұрын)
Сотта атышулы қос өлімнің мән-жайы ашылды: Сәрсемалиевтің қанды қылмысының егжей-тегжейі

Атырауда бір отбасының өліміне қатысты сот процесінде айыпталушы Сұлтан Сәрсемалиев 32 жастағы қайнысы Наурыз Мұқанғалиев пен 35 жастағы Мейрамгүлді қалай өлтіргенін жан-жақты баяндап берді.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Наурыздың өлімі: Қайнысының айтқандары

Сәрсемалиевтің айтуынша, Наурыз Мұқанғалиев оқиға кезінде бірден көз жұмбаған. «Өмірімде бірінші рет осындай жағдай болды. Мен бұрын мал да сойып көрмегенмін», – деп мойындады айыпталушы.

Оқиғадан кейін шамамен 15 минут аулада күтіп тұрған Сәрсемалиев үйге қайта кіргенде, Наурыздың еденде жатқанын көрген. «Мен оны әлі тірі шығар деп ойладым. Егер аман қалса, бүкіл отбасыма күйеу баласының өзін өлтірмек болғанын айтып береді деп қорықтым», – деді ол.

Бес баланың тағдыры

Айыпталушының айтуынша, болған оқиғадан кейін полиция шақыруды ойлағанымен, бес баласының тағдырын ойлап, не істерін білмей дал болған. «Шынымды айтсам, полиция шақырғым келді. Бірақ менің бес балам бар еді. Ең кішісі ол кезде төрт айлық болатын. Әйелім оларды жалғыз қарай алмайды. Сол себепті не істерімді білмей ұзақ ойландым», – деп ағынан жарылды Сәрсемалиев.

Мейрамгүлдің өлімі: Намысқа тиген сөздер

Сотта айыпталушы Мейрамгүлдің өліміне қатысты да мән-жайды баяндады. Оның сөзінше, қылмыс жасалған кезде үйде балалар мен жұбайы Ақбаян болған. Қызының ата-анасы өлтірілгеннен кейін Мейрамгүлді Жаңгелдин ауылынан алып келіп, Ақбаянға көмектесіп, жанында болсын деп үйіне орналастырған.

Алайда кейін олардың арасында жанжал туындаған. «Ол менің намысыма тиетін сөздер айтты. Анасының сөздерін қайталады. Психологиялық жағдайына байланысты анасының айтқандарын бойына сіңіріп алған еді», – деді ол.

Сәрсемалиевтің айтуынша, осы жанжалдан кейін өзін ұстай алмай қалған. «Алдымен қолтық тұсынан ұрдым, кейін бетінен соқтым. Аузын жапқым келді, сондықтан пышақпен бетіне ұра бердім. Ол тіпті айқайлаған жоқ. Ол кезде еш өкініш болған жоқ. Үш адамды өлтіргеннен кейін бәрібір болып кетеді екен», – деп қорқынышты жайтты ашық айтты айыпталушы.

Іс материалдарына сәйкес, Мейрамгүл Маұсот Қарабалин мен Нәсіп Мұқанғалиеваны өлтіруге қолданылған сол пышақпен өлтірілген.

Мәйітті жасыру әрекеті

Сәрсемалиевтің айтуынша, қылмыстан кейін Мейрамгүлдің мәйітін Наурыз Мұқанғалиевтің денесі жасырылған жерге апарып, сол шұңқырға етпетінен көміп тастаған.

Бұған дейін сотта айыпталушының жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваның алғашқы жауабының бейнежазбасы көрсетілген болатын. Онда әйел болған оқиғаны түсінбейтінін айтқан еді.

Жаңалықтар

Жарнама