- 26 қар. 2018 00:00
- 233
16 желтоқсан тәуелсіздік күні. Тәуелсіздігім — тұмарым!
1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті.
ҚР Сыртқы Істер министрлігінде тіркелген дипломатиялық құжаттарда Түркияның Қазақстан тәуелсіздігін ресми түрде мойындайтын протоколға 1992 жылдың 2-наурызы күні қол қойғандығы көрсетілген. Алғашқы күндері әлемнің салмақты елдері мойындап, кейіннен басқа да елдер мойындап жатты. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген мемлекет тәй-тәй басты. Небары бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қатынастар басталды.
Тәуелсіздігім
Тұғыры биік тамылжып таңым,мойныма тұмар тақты күн,
Аллаға шүкір қуанышы,халқым,біздерге қайғы жат бүгін.
Шуағын шашып,шырайлы шатпен жақұттай жанып атса таң,
Аяулы асыл аналар айтқан әлдимен тербеп батты күн.
Тәуелсіз,ей, таң өзіңсің менің шашылған шұғылам,шынарым,
Тілегім- таймас ғаламның беті болсыншы мәңгі тұрағың.
Аспаным ашық,жүрегім тасып,мақтанып айтам бүгін мен,
Халқыма қонған бақыттың құсы-Тәуелсіздігім тұмарым.
Арайлы ақ таң шипасын жанның тек қана өзің,сен маған,
Сезінемісің ғаламда шарлап таппадым бақыт тең саған.
Тәтті үміт сыйлап тағдырға тылсым тәуелсіз менің таңдарым,
Өзіңсің-бақыт,сондықтан жаным,риясыз сенме мен саған.