Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
1836 - 1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
1836 - 1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі
Конспект
1801 жылғы 11 наурызда император І Павелдің жарлығымен Кіші жүз қазақтарының Жайық пен Еділ аралығында көшіп - қонуы заңдастырылып, Бөкей Ордасы (Ішкі орда) құрылды. Бөкей Нұралыұлы Кіші жүздің белді сұлтаны. Саяси күреске 18 ғасырдың соңынан араласа бастаған. 19 ғасырдың басында Хан кеңесіне төраға болды, тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді. Бөкей орыс өкіметіне жағымды болды. Баласы Жəңгір Астрахан губернаторының үйінде тəрбиеленді. Орыс, парсы, араб тілдерін білді. Патша үкіметі қаражатына 1827 жылы Жасқұс деген жерде хан сарайын салғызды. Хандықтағы шұрайлы жайылым жерді хан өз туыстары мен сарай ақсүйектеріне бөліп берді. 1827 жылы 12 биден құралған хандық кеңес ұйымдастырылды. Хан тапсырмаларын орындайтын 12 старшын баж салығының жиналуын қадағалады.
Бөкей Ордасындағы қауымдық жерлерді орыс помещиктерінің, хан туыстарының иемденіп алуы, феодалдардың озбырлығы жəне Жəңгір билігінің халық мүддесіне қайшы келуі хандықтың басқару жүйесін шайқалтты. Салықтың ауыртпалығы да әлеуметтік қарсылықтың тереңдеуіне себепші болды. 1833 жылы Жəңгір ханның қайынатасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы көтеріліске түрткі болды. Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі 1836 - 1838 жылдары болды.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – шаруалар, сонымен бірге оған старшын, билер де қатысты. Көтеріліс басшылары – Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы. Көтерілістің басты мақсаты – хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, жер мəселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту болды. 1836 жылы ақпанның басында басталған көтеріліс халық - азаттық сипатта болды. Көтеріліс басшылары Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.
1836 жылғы қазанда Исатай маңына қосымша 20 ауыл көшіп келді. 1836 жылдың соңында Бөкей Ордасындағы оқиға Петербург сарайына əбден белгілі болды. I Николай "бүлік" басшыларын қатаң жазалауды тапсырды. 1837 жылғы 15 қазанда Теректіқұм шайқасында көтерілісшілер Жәңгірдің сыбайласы, хан кеңесшісі Балқы бидің ауылын ойрандады. Бұл жеңіс сарбаздар қатарының өсуіне əсер етті. 1837 жылғы қазанның аяғында саны 2 мыңға жеткен көтерілісшілер хан сарайын қоршады. Қоршауды бұзуға 600 адамдық тобымен подполковник Геке жəне Меркулов топтары талпынды. Старшындар мен билердің бір бөлігі Гекенің үндеуіне сеніп, көтеріліс қатарынан кетті. 1837 жылғы 15 қарашада Тастөбе шайқасында 3000 - нан астам адамнан тұратын көтерілісшілер өздерінен қаруы басым күшпен тайынбастан шайқасты. Исатай 500 сарбазымен кенеттен шабуылдап, жазалаушыларды шегіндіруді жоспарлады. 60 сарбаздан айырылған Исатай тобы бірнеше топқа бөлініп кетті. Казактардан 3 адам жараланды. Қазақ шаруалары өз ауылдарына тарап кетті. Губернатор В. А. Перовский жарлығымен Исатайды тірідей ұстағандарға 1000 сом, басын алғанға 500 сом тігілді. 1837 жылғы 13 желтоқсан батыр Жаманқала бекінісі маңында жазалаушылардың торын бұзып, Жайықтан шығысқа қарай өтіп кетті. Исатайдың Кіші жүзге өтуі осы өңірде Кенесары көтерілісі әсерімен тарала бастаған халық қозғалысымен тұспа - тұс келді. Жоламан Тіленшіұлы жасақтары Кенесарыға қосылды. Кенесары көтерілісінің Кіші жүзді шарпуы Исатай көтерілісін басу қажеттігін тездетті. Кіші жүздің батысында Хиуа ханымен байланысты болған сұлтан Қайыпқали Есімұлы көтерілісінің кең таралуы да Исатай қозғалысын тездетіп басуды күн тәртібіне қойды. Байбақты руының старшыны Жүніс Жантелин тобы Исатаймен байланыста болды.
1838 жылғы 12 шілдеде Ақбұлақ шайқасында зеңбіректер оғынан шегінген көтерілісшілер екі жақты қоршауда қалды. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтірді. Көтерілісшілерден 80 - дей сарбаз өліп, 6 адам тұтқынға түсті. Айшуақұлынан бірнеше жүз, казактардан 4 адам жарақаттанды. Бас сауғалап қашқан көтерілісшілер, Ақбұлақ шайқасында Исатайға көмекке келмеген сұлтан Қайыпқали тобына қосылудан бас тартты.
1838 жылғы шілдеде Махамбет тобы Нұртазғали Өзбекұлы жəне Табылды Шерғазыұлы сұлтандардың ауылдарына шабуылдады. 1846 жылы қазанда хан жендеттерінің қолынан қайтыс болды.
Исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару негізінен Гекеге тапсырылды. Көтерілісті қанға бояған қазақ феодалдары жəне казак офицерлері мен солдаттары марапатталды.
1836 - 1838 жылдардағы көтерілістен кейін де шаруалардың ауыр жағдайы өзгермеді. Бұл жағдай 1842 жылы жаңа қозғалыстың басталуына себеп болды. Қозғалыс жетекшілері – ноғай руынан Аббас Қошайұлы жəне масқар руынан Лаубай Мантайұлы. Қозғалыс антифеодалдық бағытта болды. Олар хан мен сұлтандарға бағынбау, алым - салықты төлемеу, жер тапшылығын шешу, Жайықтан Кіші жүзге өтуге рұқсат алу талаптарын көтерді. Жəңгір ханға қарсы наразылығын білдіру мақсатында көтеріліс жетекшілері патша шенеуніктеріне барып жолықты. 1844 жылы наурызда екеуі де Жəңгірдің талабымен тұтқынға алынып, Оралда əскери сотқа берілді. 1847 жылы Лаубай түрмеде қайтыс болып, Аббас Лифляндияға қара жұмысқа айдалды.
1836 - 1838 жылдардағы көтерілістен кейін салық мөлшеріне шек қойылды. Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды.
Бұл оқиға Ішкі Ордадағы хандық биліктің əлсірегендігін дəлелдеді. Ал көтерілістің жеңілу себептері үстем тап өкілдерінің опасыздығы, көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі жəне Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы болды. Бұл қозғалыс 19 ғасырдың 30 жылдарындағы әлеуметтік езгіге де, отаршылдыққа да қарсы бағытталған көтеріліс болды.
Конспект сұрақтар
1. Бөкей Ордасындағы көтерілістің нәтижесі:
2. Аббас Қошайұлы мен Лаубай Мантайұлы әскери сотқа қай жерде берілді?
3. Бөкей Ордасындағы Аббас Қошайұлы жəне Лаубай Мантайұлы бастаған жаңа қозғалыс қай жылы басталды?
4. Исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару кімге тапсырылды?
5. 1838 жылғы Ақбұлақ шайқасының салдары:
6. Кіші жүздің батысында кең таралған көтеріліс басшысы:
7. 1838 жылы қаңтарда Исатай тобы қайда қауіп төндірді?
8. Кенесары топтарын қолдаған Кіші жүз рулары:
9. Исатай тобы Жайықтан шығысқа қарай қай жерден өтті?
10. Көтерілісшілер жеңіліске ұшыраған Тастөбе шайқасы қашан болды?
11. Жиделі түбіндегі Исатай жасағының саны:
12. 1837 жылғы 15 қазанда болған шайқас:
13. Бөкей Ордасындағы көтеріліс Петербургке қашан белгілі болды?
14. Жəңгір хан көтеріліс басшыларын тұтқындауды кімге тапсырды?
15. Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісі қашан басталды?
16. Еңбекшілер арасында үндеу таратқан ақын:
17. 1791 - 1838 жылдары өмір сүрген беріш руының старшыны:
18. Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі болған мерзім:
19. Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліске түрткі болған жағдай:
20. 19 ғасырдың 30 жылдары жыл сайынғы ақшалай салық мөлшері:
21. Бөкей Ордасындағы қауымдық жерлерді кімдер иеленді?
22. 1827 жылы құрылған хан саясатын іске асыратын өкілдік мекеме:
23. Бөкей Ордасында хан сарайы салынған жер:
24. Орыс өкіметіне жағымды болған Кіші жүз сұлтаны:
25. Бөкей Ордасы құрылған мерзім:
26. Қай жылдары Махамбет, Шернияз Ішкі Ордадағы шаруалар көтерілісіне қатысқан:
27. Исатай Тайманұлы қай жылы қаза тапқан:
28. Бөкей Ордасындағы көтеріліс қай жылдары болды:
Тақырыптың тесті

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама