Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
2 – ні қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: Есеп. 2 – ні қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: 1. Қосындыны табуға берілген есептің құраушы бөліктері және шығару үдерісінің кезеңдері туралы түсініктерін тиянақтау.
2. Оқушылардың қосу кестесін білу, білім – білік тілігін, теңдік, теңсіздіктерін табу қабілеттерін дамыту.
3. білімділікке, бірлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көркемділігі: цифр, сурет, кесте, слайд. т. б.
Сабақ түрі: аралас сабақ.

Жүрісі: І Ұйымдастыру.
Оқушылардың көңіл күй ахуалын ынталандыру. 2 санын қосу және азайту кестесін қайталау.

ІІ Жаңа сабақ.
- Балалар қазір қай мезгіл.
- Қыс.
- Қыста қандай мереке бар?
- Жаңа жыл.
- Онда бізге қонаққа шырша келген екен?
Ол өзімен тапсырмалар әкелген. Қане, орындап көрейік.
8 9 10

Жаңа сабағымызды бастаймыз.
1. Есепті оқу.
- Балалар мына суретте не көріп тұрсыңдар?
- Машина.
- Көліктер туралы не айта аламыз?
- Қазір қыс мезгілі, жол тайғақ мұзғалақ, қар еселеп жауып тұр.
Көлік жүргізушілерге де, жаяу жүргіншілерге де жол қауіпті.
Сондықтан жол тәртібіне бағынып жолда абай болыңдар.
Аман жүріңдер.
1. Шарты: 5, 2 машина
Сұрағы: -? машина
Шешуі: 5+2=7 ( м )
Жауабы: 7 машина

2. Есепті оқу. Қорап туралы түсінік беру.
Шарты: 6, 2 қорап
Сұрағы: -? қорап
Шешуі: 6+2=8 ( қ )
Жауабы: 8 қорап.
2 есепті салыстыру
Ұқсастығы не? Айырмашылығын тап?

ІІІ Фигураларға қараңдар.
Сыныпта фигураға ұқсас не көріп тұрсыңдар? Бүгін бізге Балдырған қонаққа келді.
Балдырған сенің сызған кесіндіңнен 1см қысқа кесінді сызды.
Сен өзіңнің кесіндіңді сыз.
Кесіндіні өлшеу. 2см + 1см =3см
Оқушылар 3см кесінді сызады.

ІV. Сергіту сәті.
Тақтамен жұмыс. Тура теңсіздіктер құру.
Сандарды кему ретімен жазу.
6 > ---------4 >---------- 5>
V. « Кім жылдам?» ойыны.
+7 = 10 ----------- 8+ = 10 --------- 10 - 3 = -------- 10 - 9 =
3+ = 10 ---------- +6 = 10 ---------- 10 - 8 = -------- 10 - 4 =
VI. Оқулықтағы 4 тапсырманы орындау.
9 – 7 = 2 -------- 2 + 7 = 9 ------- 9 – 2 = 7 --------- 7 + 2 = 9
10 – 2 = 8 ------- 8 + 2 = 10 ----- 10 – 8 = 2 -------- 2 + 8 = 10

VII. Жаңа жылдық шыршамызға кім қонаққа келеді?
- Аяз ата.
- Аяз ата бізге не әкеледі?
- Сыйлықтар.
- Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма? Сабақтан не үйрендік?
VIII. Қорыту.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама