НОК/ Сали Сабиров
- 13 ақп. 2026 14:30
- 25
20 жастағы қазақстандық шаңғышы Олимпиада чемпионынан озып шықты
Қазақстандық шаңғышы Александра Скороходова Олимпиада ойындарында супергигант жарысының финалына қатысты. 20 жастағы спортшы 1 минут 31,22 секунд уақыт көрсетіп, 25-ші орыннан көрінді. Бұл жарыста 42 спортшының 17-сі мәреге жете алмады.
Қызықтысы, Америка Құрама Штаттарының чемпионы Бризи Джонсон да мәре сызығын кесе алмады. Осылайша, Александра Скороходова өзінің алғашқы Олимпиадасында америкалық жұлдызды артта қалдырды.
Жарыста Италиядан келген Федерика Бриньоне бірінші орынды иеленсе, екінші орынға Франция өкілі Романе Мирадоли, үшінші орынға Австрия спортшысы Корнелиа Хюттер жайғасты.