- 30 қар. 2015 00:00
- 222
2016 жылы ҰБТ сұрақтарының базасы интернетте жарияланады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың қаңтарынан бастап, ҰБТ тестілерінің базасы Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов онлайн конференция барасында мәлім етті.
Ата-аналардың бірі оқушылардың апта сайын алдын ала тестілеуден өтіп тұратындығын, ол тестілеудің құны әр балаға 360 теңге болатынын айтып шағымданған болатын.
Өз кезегінде министр, ол тестілеулер баланың еркімен жүргізілетіндігін атап өтті.
-Алдын ала сынақтар ҰБТ-ға қарсаңында дайындықты шыңдау дәне аталған пәндер бойынша бала білімін анықтау үшін қажет. Түлектер аталған сынаққа өз еркімен қатысады. Мектеп әкімшілігі оларды күштеуге немесе әдістемелік құралдарды сатып алуға мәжбүрлеуге құқылы емес, - деді А. Сәрінжіпов.
Оның айтуынша, егер тестілеуге күштейтін фактілер болған жағдайда жергілікті білім беру саласын қадағалау департаментіне шағымдану қажет.
«2016 жылдың қаңтарынан бастап, ҰБТ тестілерінің базасы Білім және ғылым министрлігінің және Ұлттық сынақ орталығының сайттарында жарияланады», - деп атап өтті министр.
inform.kz