Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
2017 жылдан бастап ҰБТ екіге бөлінеді - БҒМ

2017 жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеу мектептік және ЖОО болып екіге бөлінеді. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев осылай мәлім  етті.

«Ұлттық бірыңғай тестілеуді биыл 2 мәрте тапсыруға болады. Ешбір мемлекетте мұншалықты жоғары әлеуметтік бағаға ие емтихан жоқ шығар. Сондықтан, біз ҰБТ-ны қайта тапсыру әлемуеттік күйзелісті басуға мүмкіндік береді. Екіншіден, колледждер түлектері де ҰБТ-ны қайта тапсыра алады. Қазір оны шілде-тамызда тапсырып жүр, енді біз оларға оны келесі жылдың қаңтарында - 2017 жылы қайта тапсыруға мүмкіндік береміз», - деді министр. Оның айтуынша, колледж түлегі шартты түрде жоғары оқу орнына қабылдануға құқылы болады.

«Қазір біз осындай ережелерді дайындап жатырмыз және ЖОО аясында қаңтарға арналған кешенді тестілеу әзірленуде. Егер ол осы кешенді тестілеуден өтсе, сәйкесінше оның қыркүйектен бастап қаңтарға дейін өткен кредиттері, оған есептеліп, былайша айтқанда ол бірінші курстың ортасына түседі, және мұны біз әділетті деп есептейміз», - деді Е. Сағадиев.

Министр сондай-ақ келесі жылдан бастап Ұлттық бірыңғай тестілеуді екіге бөлу жоспарланғанын атап өтті. «Мектеп бітіру емтихандары мектепке оралады, ал ҰБТ SIT (интеграциялық тесттер (System Integration Test) қарай ауысады. Бұл әділетті, себебі ЖОО-лары түлектің зияткерлік деңгейі мен ЖОО бағдарламасын меңгеру әлеуетін білуі қажет. Ал SIT  мұны анықтай алады. Сол себепті біз ҰБТ-нің жаңа бағдарламасын әзірлеп жатырмыз. Оны енгізген соң барлығы, олимпиада жүлдегерлері, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің түлектері - бәрі осы емтиханды тапсырады. Алғаш рет оны тегін тапсыру жоспарлануда. Сосын оны бірнеше ерт қайта тапсыруға болады. Кезең-кезеңмен ЭЫДҰ стандарттарына көшеміз. Мұны келесі жылдан бастап енгіземіз», - деді ведомство басшысы.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама