- 08 қаз. 2019 00:00
- 264
2019 жылғы физикадан Нобель сыйлығы астрономиядағы жаңалықтар үшін берілді
Швед корольдік ғылым академиясы 2019 жылғы физикадан Нобель сыйлығы физикалық ғарышнама саласындағы теориялық жаңалықтар үшін Джеймс Пиблске, сондай-ақ, күн тәріздес жұлдызды айналатын экзопланетаны ашқаны үшін Мишель Майорға және Дидье Келоға табысталатынын мәлім етті, деп ВВС хабарлайды.
Швед корольдік академиясы ғалымдар ашқан жаңалықтарды астрономия үшін революциялық ашылулар деп атады.
1992 жылдан бастап астрономдар үшін тек 8 планета (немесе Пултонмен бірге 9) белгілі болған, бұл экзопланета тақырыбының қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді. Алайда ол кезден бері астрономияда жаңа әдістер енгізіліп, 4000-нан астам түрі ашылды.