Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
2,5 жастағы қызына әкесінің зорлық жасағаны туралы ананың шағымы қоғамды дүрліктірді

Әлеуметтік желіде жас ананың 2,5 жастағы қызына әкесінің зорлық әрекет жасауы мүмкін деген күдігі туралы жазбасы жұртшылықтың назарын аударды. Бұл жағдайды алғаш болып заңгерлердің бірі жариялап, қоғамда қызу талқылау тудырды.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ананың айтуынша, жағдай қалай басталған?

Ананың айтуынша, күдікті жағдайлар қызын шомылдыру кезінде байқалған. Бала ваннада отырғанда жыныс мүшесін ұстап, әдеттен тыс әрекеттер жасаған. Анасы мұны дұрыс емес екенін айтқанымен, түнде ұйықтар алдында да баланың сол әрекетін қайталағаны байқалған. Алғашында анасы бұған аса мән бермеген.

«Папа үйретті» деген сөз ананың күдігін күшейтті

Ертеңіне де бүлдіршіннің әрекеті қайталанған соң, анасы бұл әрекетті кім үйреткенін сұрағанда, бала «папа үйретті» деп жауап берген. Бұл жауап ананың күдігін оятты. Кейіннен қыз әкесімен байланысты басқа да түсініксіз жағдайларды айтып берген.

Полицияға арыз түсті

Кейбір деректерге сүйенсек, қыз әкесінің шалбарынан «құрт» көрсеткенін, саусағын жыныс мүшесіне тыққанын, бетін «кірлеткенін» айтып берген. Дәретханада отырған кезде де қыздың жыныс мүшесінің ауырғанын айтып шағымданғаны айтылады. Осыдан кейін әйел полицияға жүгінген.

Полицияның ресми жауабы

Аталған жағдай қоғамда талқылана бастағаннан кейін Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті ресми түсініктеме берді. Ведомствоның мәліметінше, Өскемен қаласының тұрғынының арызы негізінде сотқа дейінгі тергеу басталған. Қазіргі уақытта істің мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу барысына қатысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Жаңалықтар

Жарнама