Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
3 санының құрамы. 4 санының құрамы
Бастауыш сынып мұғалімі Елмуратова Гаухар Дарьябаевна

Сабақ тақырыбы: 3 санының құрамы
Блум таксономиясы бойынша мақсаттар жүйесі:
Білу: 3 санының құрамын білу.
Түсіну: Санның құрамын табуда теңдіктердің қалай құрылғанын түсіну
Қолдану: Сурет бойынша теңдіктер құру
Талдау: Салыстыру арқылы сандардың тең емес екендігін талдай алу
Жинақтау: Арнайы дәптерде берілген тапсырмаларды орындау
Бағалау: Кері байланыс
Күтілетін нәтижелер: - 3 санының құрамымен танысады және біледі;
- Санның құрамын табуда теңдіктердің қалай құрылатындығын түсінеді;
- Берілген суреттер бойынша теңдіктер құрай алады;
- Салыстыру нәтижесінде сандардың бір - біріне тең емес екендігін талқылап үйренеді;
- Тапсырмалар орындау арқылы білімдерін жинақтайды;
- Кері байланыс жүргізе отырып өз ойларын ашық айтуға үйренеді;
Белсенді сабақ беру тәсілдері мен сабақтағы жұмыс түрі: «Шаттық шеңбері», сұрақ - жауап, түсіндіру, жұптық жұмыс, «Көршіңді ата» ойыны, жеке жұмыс, сергіту сәті, кері байланыс.
Оқушыларды оқыту үшін бағалау түрлерін кіріктіру: Мадақтау арқылы оқушыларды ынталандыру
Қажетті ресурстар: «Математика» оқулығы Атамұра баспасы, 2012. Сандар, таңбалар және белгілер табличкалары, қарындаштар

Мұғалім іс - әрекеті
Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау. Тренинг -
«Шаттық шеңбері»

Өткен тақырыпты сұрау
Балалар біз өткен сабақта қандай санмен таныстық?
3 санын қалай жазамыз екен?

Ой шақыру
Ал, енді балалар, қазір біз сендермен «Көршіңді ата» ойынын ойнаймыз.
Ойынның шарты және орындалуын түсіндіру.

Жаңа сабақ:
Білу.
Түсіну.
Жарайсыңдар, балалар! Сендер сандардың өзімен ғана танысып қоймай, олардың көршілерін де танып үйреніпсіңдер.
Қазір оқулығымыздың 33 - бетін ашамыз бүгін 3 санының қайдан және қалай келіп шығатындығын үйренеміз.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама