Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 сағат бұрын)
Павлодар облысында жер сілкінісі тіркелді

Бүгін, 26 мамырда сағат 11:28-де Астана уақытымен Павлодар облысының аумағында жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының (EMSC) деректеріне сәйкес, жер сілкінісінің эпицентрі Экібастұз қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 15 шақырым, ал Павлодар қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 130 шақырым жерде орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы 4,5 болды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Баянауыл ауданы, Баянауыл ауылы маңында анықталған. Баянауыл ауылында жер асты дүмпулерінің қарқындылығы 2 баллды құрады.

Бұған дейін 24 мамырда Алматы маңында да жер сілкінісі болған еді. Оның ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан болатын.

Жаңалықтар

Жарнама