- 19 ақп. 2016 00:00
- 232
71 жастағы қария емтиханға дайындалып жүр
Түркияның солтүстік-батысындағы Сакарья провинциясының Хендек ауданының 71 жастағы тұрғыны Себахаддин Түйсүз колледждердің бірінде дін факультетінің күндізгі бөліміне түсу үшін емтихандарға дайындалып жүр, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.
Haber7.com сайтының жазуына қарағанда, қария жас кезінде кедейліктен оқуын бітіре алмаған. 1977 жылы Ыстамбұлдың Карталында Құран курсын аяқтаған ол 2001 жылы бастауыш сыныпты тәмамдағаны туралы куәлік алған.
Қазір ол үйінде кешке сабақ оқып, мешітте Құран, кофеханаларда газет оқып күндерін өткізеді екен. Ыстамбұлда 32 жасында Құран курсын, 56 жасында бастауыш сынып куәлігін алған Себахаддин атай: «Орта сыныптарды жақсы оқып, куәлік алып шықтым. Енді колледжді де жақсы оқып, тәмамдасам деймін. Егер оқи алсам, университетке де түскім келеді», - дейді.