Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Абай дана қазақта

№25 жалпы орта білім беру мектебінің

8 «Ә»сынып оқушысы Шакарман Арна

Жетекшісі:Теміржанова Меруерт Әсетқызы.

 

Абай Кұнанбайұлы 1845 жылы қазіргі Шығыс Қазаұстан облысындағы Шыңғыс тауының бауырында дүниеге келіп, 1904 жылы дүниеден қайтқан. Абай қазақ әдебиетіндегі қайталанбас зор тұлға, ақын, философ, ағартушы.

   Абай өзінің балалық шағын әжесі мен анасының қасында өткізді. Абайдың бойында табылатын барлық жақсы қасиеттер мен өнерге деген құштарлық анасы мен әжесінің тәрбие өнегесінде жатыр.

  ...Түбінде баянды еңбек егін салған,

     Жасынан оқу оқып, білім алған.

     Би болған, болыс болған өнер емес,

     Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.

   Ол ауыл молдасынан дәріс алып, сауатын ашқаннан кейін Семейге сауатын жетілдіру мақсатымен Ахмет Риза медресесінде оқыды. Абай медреседе оқып жүргенде Шығыстың поэзиясына қызығып, Шығыс ақындары сияқты өлең жазуға талпынды. Абай өнер мен білім жолындағыізденісін өз бетімен үйреніп, дамытады. 80-інші жылдардың ортасында Абай ақындық жолға бет бұрды. Абай өлеңдерді үзбей жазуға тырысқан. Бірақ, сол кездегі ел арасындағы тартыстар біріңғай ақындықпен айналысуға мүмкіндік бермеген. Абай ақындық жолға бет бұрғанда өлең жолдарын білімге, өнер мен мәдениетке арнады.Ол 1885 жылы «жасымда ғылым бар деп ескермедім» -деген тұңғыш шығармасын жазған. Осы өлең тұңғыш шығармасы болуымен қатар, ақындық өнер жолындағы Абайдың ізденісін танытады. Бұл өлеңінде ақын ғылым мен білімді зерттей алмағанына өкініш білдіруімен бірге, болашақта жастар қапыда қалмай өнер мен білімге ынталанып, еңбектенуіне жөн сілтейді.

     Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап,

     Бұларды керек қылмас ешкім ұалап.

     Терең ой, терең ғылым іздемейді,

     Өтірік пен өсекті жүндей сабап.

     Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,

     Сонда толық боласың елден бөлек.

 Әрбір адамның бойында ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек қасиеттері бар. Адамның осы қасиеттері туралы Абай он жетінші қара сөзінде жазған.

   Дүниеде еш нәрсе өз мұратына қайратсыз жете алмайды. Ғылым мен білімді оқып үйрену,жалықпай іздену-қайраттың ісі. Адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатын да-ыстық қайраттың ісі. Біз ғылым мен білімді ақылсыз үйрене алмаймыз. Адамның әрбір сөзі де ақыл-санадан өтеді. Ал жүрек болса ол адам денесінің патшасы. Адамның жаны да жүректе мекен қылады, адам бойындағы қан да жүректен тарайды. Адамға жанын ашытып, кішіге рақым қылдырып, улкеннен ұят сақтайтын-жылы жүрек. Айтып кеткен қайраттың қасиеттері рас. Бірақ қайрат кейде жамандықты берік ұстап кетеді. Ақылсыз ештеме табылмайтыны да рас. Бірақ амал да, айла даақылдан шығады. Жақсы мен жаманның екеуі де ақылға сүйенеді. Жақсы мен жаманға іздегендерін тауып беретін ақыл. Ақылдың қыры көп, жүрек ақылдың көп қырына жүрмейді. Жақсылық айтқанға көніп, жамандық айтқанға ермейді. Қайраттың да күші мол, оны да жүрек еркіне жібермейді. Орынды іске күшін аятпайды, орынсыз жерге қолын босатпайды.

   Абайдың қарасөздері-ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, даналық дүниетанымын көрсететін прозалық шығармалар. Оның қарасөздерінің жалпы саны қырық бес бөлек, олардың тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Абайдың алты-жеті қарасөздері қысқа болса, кейбіреуі тақырыбы жағынан ауқымдыболып келеді. Абай өзінің қарасөздерінде шығарманың көркіне ғана назар аудара қоймай, сонымен қатар шығарманың тереңдігі мен идеясына зер салған. Оның қарасөздері жалпы қазақ халқына ортақ асыл сөзге айналды.1918 жылы Семейде шыққан «Абай» журналдарында Абайдың бірнеше қарасөздері жарық көрді. Содан кейін оның қарасөздері француз, қытай, орыс және т.б көптеген тілдерге аударыла бастады.

   Ақын өзінің талантты шәкірттерін тәрбиелеп өсірді. Абайдың ізбасар шәкірттері Шәкәрім, Көкбай, Ақылбай, Кәкітай және Мағауия болды. Абай көзі тірісінде өзінің өлеңдерін жинаған емес. Олардың әрқайсысын бір жапырақ қағазға жазып, жастарға таратып бере берген. Олар Абайдың өлеңдерін жаттап алып отырған. Сөйтіп Абай өлеңдері қазақ даласында ауыздан ауызға таралып кете барды. Оның өлеңдері қолдан қолға көшіріп алынды. Ондай қолжазба көшірмеге ие болу әрбір сауатты қазақ үшін зор ғанибет болатын. Кейінірек Абайдың туындыларын оның ұлы Тұрағүл жинастыра бастады. Абай өлеңдерінің ең алғашқы жинағы 1909 жылы ақын Кәкітайдын арқасында Қазан қаласында басылып шықты. Абай Құнанбаевтың өлең- дерін жинауға және бастырып шығаруға көп күш-жігер жұмсап, игі ықпал еткен адал ақын Көкбай Жанатайұлы (1864—1927) болды. Ол өлеңдер белгілі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейханұлының редакциясымен басылып шықты.

   Абай отандық тарихымыз бен әдебиетімізде аса көрнекті орын алады. Абай қазақтың ұлттық жазба әдебиетінің негізін қалады. Ақынның мол әдеби мұрасы тек бір халықтың ғана емес, бүкіл адамзаттың рухани қазынасы  болып саналады. Қазақстанда ұлы Абайдың есімі көптеген елді мекендер мен көшелерге, Алматы Ұлттық университетіне, Алматы қаласындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрына берілген. Ұлы ақынның құрметіне Қазақстан мен Ресейде ескерткіштер орнатылған. Қазақстанның жоғары оқу орындарында Абай шығармашылығына арналған халықаралық және республикалық ғылыми конференциялар жыл сайын өткізіліп тұрады.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама