Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Абай және қазақ болашағы
Таяуда «АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ БОЛАШАҒЫ» атты кітап жарық көрді. Еңбектің авторы белгілі ғалым, қоғам қайраткері, академик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Оразалы Сәбден.
Абай Құнанбайұлының шығармалары мен қара сөздері қазақ халқын, жалпы адамзат баласын екі ғасырдан бері рухани құндылықтарға жетелеуде. Абай - ой мен сөз бостандығының символына айналды. Қазақтың идеалы – Абай. Кітапта оның қара сөздерінде көтерілген мәселелерді XXI ғасырда іске асыру тетіктері айқындалған. Сондай - ақ, қазақ еліне, жалпы өркениетке елеулі үлес қосқан әл - Фараби, Мұхаммед Хайдар Дулати, Абылай хан, Дінмұхамед Қонаев сияқты 30 - ға жуық тарихи ұлы тұлғалар туралы қысқаша мәлімет беріледі.
Егер дәл қазір Абайдың көзі тірі болса, алыс - жақын айналада және өзімізде болып жатқан құбылыстарға, адамзаттың жанайқайына не айтар еді? Оның өңменіңнен өтетін ащы өмір шындығына, лауазымына қарамай айтатын сынына, дәлеліне қазіргі билік сол бұрынғы Абайға қарағандай қарай ма екен?! Ұлы Абайдың феномені, оның ой - өрісін, болмысын бәріміз, үлкеніміз де, кішіміз де, байымыз да, кедейіміз де жақсы көреміз, мойындаймыз да. Ал ісіне келгенде біріміз оның айтқандарын істеуге тырыссақ, ал екінші жартымыз неге керісінше жасаймыз? Абайдың ақиқат пен шындығын айтатын кез келді.
Сізді қызықтыратын, толғандыратын сұрақтардың жауабын мүмкін осы кітаптан табарсыз?
- Біз кім едік, қазір кімбіз, қайда бара жатырмыз, алда не күтіп тұр?
- Қандай байлығымыз, потенциалымыз бар, оны қалай пайдаланып жатырмыз?
- Рухани құндылығымыз қай деңгейде, қалай жаңғыртамыз?
- Табиғат пен адам гармониясы
- Жаңа технологиясыз бәсекелестікке түсе аламыз ба?
- Ауылдың хал - ахуалы, оны қалай көтереміз?
- Білім мен ғылымның деңгейі қандай, қалай серпіліс береміз?
- Әр адамға, отбасына керегі не?
- Жастар болашағы
- Мемлекетті тиімді басқару
- Адамзаттың XXI ғ. өмір сүру жолы...
Біз Абайға қайта бет бұрып, оның туындыларынан ақиқат пен шындықты, оның толық адамынан ар - ұят, намыс пен мейірімділікті алып, өзімізді өзгертуге, рухани жан дүниемізді түзетуге бет алсақ екен дейді автор.
Әр қара сөздің мазмұны екі бөліктен тұрады. Біріншісі - мәселенің қазіргі жағдайы қалай, екіншісі - не істеу керек деген сұраққа жауап іздеп, ұсыныстар беру. Соның арқасында Қазақстанды, яғни Қазақ елін жаңа өркениетке, ізгілендіру қоғамына көтеру - автордың негізгі мақсаты. Сөз соңында адамзаттың XXI ғасырда өмір сүру жолдары ұсынылған. Атап айтқанда: рухани - мәдени, ғылыми - технологиялық революция, экология, ғарышты игеру, қауіпсіздік, экономика туралы алға жетелейтін базалық құндылықтардың тетіктері қарастырылған.
Бұл кітапты мына мекен - жайдан алуға болады (бағасы 999 тг). Алматы қ, Құрманғазы к - сі, 29 (Пушкин к - сі қиылысы) каб. 108, е - mail: osabden@mail. ru. тел. +7 (727) 272 - 12 - 16. Олжас, Гүлжан. +7 702 648 44 55

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама