Адам ағзасына түстердің емдік қасиеті
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті
«Жалпы орта білім беру №1 қазақ тірек мектебі (РО)» КММ
Мукуышева Шынар Сейдуалиевна
педагог-психолог
Күнделікті өмірде біз аса мән бере бермейтін «түстердің» адам психологиясына айтарлықтай ықпалы бар екендігін бүгінде дүниежүзілік ғалымдар дәлелдеп шықты. Сіздің таңдаған түсіңіз айналаңыздағыларға сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады. Мәселен, жасыңызды, мәдениет деңгейіңізді, біліміңізді, ерекшеліктеріңізді, мінезіңізді сіз жиі қолданатын түске қарап–ақ байқауға болады. Сондықтан да, төменде ұсынылған түстер психологиясын оқи отырып, жақындарыңыз туралы мәлімет алуға немесе айналаңыздағы адамдардың сізге деген оң пікірін тудыра отырып,өз стильіңізді, бедел–бейнеңізді қалыптастыруға мүмкіндігіңіз бар.
Бояу мен түстерді таңдап пайдаланудың қазақ халқының этнографиялық тарихымен байланысты символдық мәні болған. Әрбір халық түрлі символдық мәнге ие. Фон және суреттердің түсі жөніндегі шешімдер композициялы болып келеді. Қазақта кейбір түстердің мынандай символдық мәні бар: көк түс – аспанның символы, қызыл түс – оттың, күн көзінің символы, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың, бақыттың символы, қара түс – жердің символы, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. Затты осы түстердің бірімен бояғанда оған белгілі мән беріледі.
Қазақ өрнектерінде түстердің орналасуының өзіндік тәртібі бар. Мысалы: кестелі ұлт киімдерінде қара барқыт, көк барқыт негізгі түс (фон) ретінде көп пайдаланылған. Сары және қызыл жіптер негізгі түстер үшін ұнамды болып есептеледі. Ал қара түспен әшекейлеу сирегірек кездеседі., олар тек сырмаққа, аяққапқа, сандыққапқа, басқа оюлар мен күміске жүргізген.
Қарама-қарсы түстер гаммасы мерекелік, жайдары,көтеріңкі көңіл күй туғызатындай әсер береді. Қарама-қарсы түстер бір уақытта жылыд да, суық та бола алады. Олар бір-бірінің түстік әсерлігін күштейді.
Жақын түстер гаммасы сабырлықты, ұстамдылықты білдіреді. Осы түстер гаммасында жазылған шығармалар тылсым тыныштық әсерін туғызады. Жақын түстер гаммасы тек жылы немесе суық болады.
Ғалым – натуропат-валеолог Джеймс Адамоның адамдардың қан тобына байланысты түстердің жүйесі
Сарғыш
Қызыл
Қара қошқыл О (І) топ
Көгілдір А (ІІ)топ
Жасыл
Қызыл
Сарғыш
Көгілдір жасыл В (ІІІ)топ
Күлгін
Көгілдір АВ (ІҮ)
Жасыл
Қызыл түс шаршағанды басып, үнемі жігерлендіріп отырады. Қызыл түс өмір күшінің түсі. Ол жүйке жүйесі мен ішкі секреция бездерінің белсенділігін арттырады, адамның құшарлығы мен ұмтылысының белгісі болады. Бұл түс жүрек соғысы мен тынысты жилетіп, бұлшық еттердің жиырылуын күшейтеді. Қан кысымын жоғарлатып, зат алмасуын үдетіп, мидың белсенді жұмыс істеуіне әсер етеді. Қызылша ауруымен ауырғанда қызыл түсті киім киіндіреді.
Жасыл түс адамның өз-өзіне деген сенімділігін арттырады.
Сары түс жүйкені жұбатады, жақсы көңіл күй сыйлайды.
Көк түс ұйықтаған кезде көгілдір абыржуды қосса, біркелкі және терең болады.
Ауыл әйелдері бірігіп текемет басқанда, әзірленіп жатқан текемет, киіздің қасына көз тимесін деп адыраспан және қызыл түсті мата төсейді. Өйткені, ондайда текеметке немесе киізге көз тисе, салынған өрнектер қиғаш немесе қисық түседі деген.
Алоэны шипалы өсімдіктерге жатқызады. Оның жапырағынан алынған шырын терінің қабынуынан пайда болатын ауруларды, күйікті емдейді. Сондай-ақ, алоэның экстрактымен, көз ауруларын, асқазанның ойық жараларын т.б. ауруларды емдейді.
Көк шай да кәдімгі қара шай алынатын жапырақтан алынады. Халық оны қартайтпайды, кісінің ғұмыр жасын ұзартады деп біледі. Көк шайдың қант қысымын төмендетін, артық тұзды қуатынын қатерлі ісіктен сақтайтынын, емдік қасиеті бар. Асқазанның бұзылуы, ас қорыту ағзаларының сырқаты, дәрумен жетіспеушілігі, бүйректегі, қуықтағы тас, қан айналымының нашарлауы, темір жетіспеушілігі, күйік, терідегі жара т.б. ауруларға пайдалы.
Буын аурулары бір түрі буындарға сарысу немесе түз жинаудан да басталады. Сүйек кальций жетіспегеннен сырқырайды. Күннен адамға "Д" витамині түзеледі. Ол сүйек мықты болуға көмектеседі. Шілде, тамыз айларында күн қатты ысығында сырқаттанған аяқ - қолыңды құмға көміп, қыздырынады. Бұны әр жаз сайын жасап отырсаң тіптен жақсы. Табиғаттың адамға берер сыйы көп қой. Соның бірі тұзды су, қара балшық. Жаңағы айтқан аяқ сырқырау немесе сүйек сынса, я
болмаса қатты соққы алған болса, ол бұлтты күндері міндетті түрде қақсап ауырады. Бұл сырқаттың алдын алу үшін тамыз, шілде айларында тұзға бару керек. Емдік қасиеті бар тұз тек буын-сүйекке қана көмектесе қоймайды. Денеге жара шықса, қышыма болып ауырса да қара балшыққа шомылып, тұзбен емделеді.
АҚ түс көп жағдайда жарық, қауіпсіздік пен тазалықты білдіреді. Сондай-ақ бұл түс ізгілік, пәктік пен мінсіздік сияқты қасиеттермен байланыстырылады. Киелі кітапта ақ түс өте көп қолданылған. Мысалы, аяндарда әділдік пен рухани тазалыққа баса назар аудару үшін ақ киім киген адамдар мен періштелер көрсетілген.
Кері әсері: Ақ түс адамда шарасыздық сезімін тудыруы мүмкін, қажетсіздік пен тығырыққа тірелу де бар. Қызыл түс - өмірлік энергия түсі. Қызыл – түстердің ішіндегі ең жылы түс. Адамның өмірге деген талпынысын күшейтеді, адам ағзасындағы қан айналым жүйесін жақсартады. Бұл түсті сөзшең адамдар таңдайды, және еркектердің көпшілігіне ұнайды. Екінші жағынан қызыл түс күш пен қызбалықтың белгісі. Қытайда қызыл түс байлық пен дамудың белгісі саналады. Табиғатта адамдар қызыл түсті қарама-қарсы жыныс өкілдерін өздеріне көңіл аударту үшін қолданады /ер адамдар әйелдерді, әйелдер ерлерді/. Бұл түсті таңдайтын адамдар күшті, қайсар болып келеді. Кей жағдайда кек қайтаруы да мүмкін. Әдетте, бұл түс ашық мінезді адамдарға тән.
Кері әсері: Басқыншылық сезімі мен қозу, есеңгіреу мен ашушаңдыққа әкеп соғады. Тым көп қызыл түс адамды нәпсіқұмарлыққа итермелейді, жолына бөгет болғандарды қиратып, қатігездік пен қырсықтық сезімін өршітеді
Сарғыш түс - бостандықты қажет ететін түс. Адамдардың байқалмайтын қабілеттерін арттырады. Депрессия, қорқыныш билеп жүрген адамдардың көңіл-күйін жайландырады. Сарғыш түс киген адамдар өркөкірек, тәуелсіз болып келеді. Әрдайым танымал болуға ұмтылады. Бұл түсті адамдар көп келіп кететін, араласатын ортада қолданған жөн. Бұндай жерде адамдар бір-біріне ашық, мейірімді болады. Егер әрдайым, көңілді, жас көрінгіңіз келсе, сарғыш түсті киім сатып алуға дүкенге асығыңыз.
Сары түс- адамның ойлау, тез қабылдау қабілетін жақсартады. Өз өзіне сенімсіз, ұялшақ адамдарға оң әсерін тигізеді. Әдетте, бұл түс қуаты мол, көп сөйлейтін, әртістік өнерге, шығармашылыққа жақын адамдарға тән. Сары түсті киім адамға сарғыш түс сияқты әсер етеді. Шамалы әлдендіріп, интеллектуалды жұмыста көмектеседі. Жаңа идеялар мен адамдардың көзқарасын оң қабылдауға жәрдемдеседі. Оптимизм түсі. Шабыт пен рақымшылық сезімін арттырады.
Кері әсері: Әлсіздік пайда болуы мүмкін. Сары түс мол кеңседе ұзақ отыру бас ауруын туғызуы мүмкін. Аса қанығу жүйке жүйесін жұқартып, агрессия мен мазасыздық тудырады.
Жасыл түс – нағыз гармониялық түс. Өз-өзін сыйлау, табандылық, тұрақтылық пен табиғилық түсі. Өз-өзімен шынайы адамның, тектіліктің белгісі.Адамның нерв жүйесін тыныштандырады. Бұл түс біреудің қуаныш, ренішіне ортақтаса білетін, әділетті, өзін өзі басқара алатын,. достары көп адамдарға тән. Бұл түсті ұнататын адамдар тұрақты, сенімді болып келеді. Бұл түсті кез келген жерде қолдана беруге болады. Жасыл түсті киім кисеңіз, сіз кез келген ортада тек жақсы жақтан ғана көзге түсесіз.
Кері әсері: Зерігу, эгоизм мен қызғаныш тудырады. Сонымен қатар, кей кейде адамның өзіне сенімділігін бәсеңдетеді.
Көк түс – арманыңыздың орындалуына әсер етеді. Бұл түс – шындықтың, біреуге деген сенің адалдығыңның белгісі ретіндегі түс. Егер сіз біртоға, ешкімнің қолы жеткізсіз көрінгіңіз келсе, көк түсті киім таңдаңыз. Бұл түс кездесуге барғанда өте ыңғайлы. Беріктік пен игіліктің, тұрақтылыққа ұмтылыстың белгісі. Бұл түс бір уақыт өмірдің мәнін іздеуге, өз ойларыңды ретке келтіруге итермелейді.
Кері әсері: Ойларды ауырлатып, еркіндікті тыяды.
Ашық көк түс - салқындатқыш, тыныштандыратын түс. Бұл түс -бейбітшілік, тыныштық символы. Әрдайым тепе-теңділікке, ақылдылыққа шақырады.Ашық көк түсті рухани жетістіктерге ұмтылатын адамдар ұнатады.Әдетте, бұл түсті демалатын жерде қолданған жөн. Киім таңдағанда аса сезімтал, кеңпейілді көрінгіңіз келсе, ашық көк түстіні сатып алуыңызға болады.
Кері әсері: ашық көк түстің молдығы меланхолияға, енжарлыққа, безушілік пен тұйықтыққа әкеп соғуы мүмкін. Сонымен қатар, ұйқышылдық, шаршау мен ашушаңдық шақырады.
Қара түс – жұмбақ, құпия түс.Қара түс – тәуелсіздіктің белгісі. Бұл түсті араласатын ортасында өзінің лайықты орны бар адамдар ұнатады. Тәуелсіз, беделді көрінгіңіз келсе, қара түсті киім таңдаңыз. Элеганттылық сезімін арттырады.
Кері әсері: Қара түстің аса көп мөлшерде пайдалану күйзеліске, енжарлыққа душар етуі мүмкін.
Қоңыр түсті көбінесе шыдамды, байсалды жандар ұнатады. Ешкімге тәуелсіз, өзінің ойынан қайтпайтын адамдар қалайды. Кейде олармен араласқанда ойын анық түсіну мүмкін емес. Бұл түс қиыншылықты жеңуге көмектеседі. Мінездегі тұрақтылық, еркіндік пен сабырлықтың көрінісі іспеттес. Қарым-қатынас жосығы мен тұрақтылығын ойлайтын адам көбіне осы түсті таңдайды.
Кері әсері: жабырқау сезімін ушықтырады. Өзгелерден энергия іздеуге мәжбүрлейді. Екінші пландағы адам болуға итермелейді.
Сұр түсті сақ адамдар жақсы көреді. Олар еңбекқор, жұмыста марапатқа ие болмаса да жұмысын тоқтатпай, жалғастыра береді. Сұр түске құмарларға бала күнінде ерекше көңіл бөлінбегенін аңғаруға болады. Сондықтан өзін көрсетуге келгенде тым жасқаншақ. Ол мұны қалыпты жағдай деп түсінеді.
Аралас түстер:
Көк-қара – тыныштық.
Сұр-көк - сабырлық, немқұрайлылық.
Көк-қызыл қоңыр – өз жағдайын өзі жасап алу.
Көк-күлгін – нәзіктікке талпыныс.
Көгілдір - түсінуге деген құлшыныс, айналасын махаббатқа бөлеу.
Қоңыр-қызыл – белсенділік.
Табиғатта жылы және суық түстер ғажайып үйлесім тапқан. Шөлдің сары құмы мен көгілдір аспан және Антрактида мұзы, көлдер мен теңіздердің көк суы және күн батқан сәттегі қызғылт түсті тау шыңдары. Жануарлар мен өсімдіктер әлемі де жылы және суық түстерден тұрады. Осы жылы және суық түстердің өзі реңктерге бөлінеді. Реңк – бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түстерінің көптеген реңктері болады. Егер кез келген түстер реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, онда реңктер жылыға жатады. Табиғаттың төрт мезгілінде де осы түстердің, яғни жылы және суық түстердің барлығын көруге болады. Мысалы: алтын күз мезгілін алсақ, жылы түстерді табуға болады. Бұл кезде айнала қоршаған өсімдік әлемі сары түске, қызыл түске еніп, сұлулық мекеніне айналады. Ал, қыс мезгілін алсақ айнала аппақ қар, көгілдір мұз суық ауа-райы барлығы қатқыл, қатал көрініс тауып суық түске енеді.
Ақ қайың жапырағы күз мезгілінде жинап алып, тазартып, кептіріп қою керек. Бұны медицинада профилактикалық зат ретінде қолданылады. Бүйрек, зәр шығару жолдарының және жүрек қан тамыр жүйесінің ауруларында зәр айдайтын зат ретінде, жүйке жүйесінің нашарлағанында қызметін күшейтетін зат ретінде қолданады.
Сүт қосылған шәйді ішсеңіз бүйректі тазартады. Ал асқазан мен ішекті тазарту үшін қырыққабат пен сәбізден жасалған салат жесеңіз шипалы. Қызылша, сарымсақ, грек жаңғағын күнде тамаққа қолдансаңыз қан тамырлары тазарады. Қияр болса, ағзаны қождан (шлак) тазартып, артық тамақтан арылтады.
Біздің күнделікті ішіп-жейтін тағамдарымызда пияз бен жуа кеңінен қолданылады. Түрлі салаттардың дәмін келтіріп, көрікті етіп көрсету үшін де өте қажет. Халық медицинасында пияз бен жуа адамдар мен малдарды емдеуге де пайдаланылады. Әрі олардың құрамында қажетті дәрумендер де бар. Пияз бен жуаны саяжайда, үйде де өсіруге болады. Пияз бен жуа біздің тұрмысымызда қажетті өсімдік.
Халқымыз даналықпен тағам түрлерін топтап, белгілі бір түстерге балап айтады екен. Олар:
1. Көк. Көктемде тасыған су жер-дүниені көк толқын етеді.
2. Қызыл. Қарындары тойғанда қазы-қартаға да қарамай қалатын халқымыз 3 күн ет жемесе, тістері қышып, қызылсырайтыны тағы бар. Ендеше, барлық ет тағамын қызылға балайды.
3. Жасыл. Жерден өсетін өнімдердің бәрін жасыл өсімдіктің дәні деп түсінеміз.
4. Ақ. Барлық сүт тағамдарын ақ сүтке теңеу орынды.
5. Сары. Май өзінің түсінің сарылығымен бірге ең асылын «сары майдай» сақтаған.
6. Қоңыр. Бидайдың, тарының талқанын көжеге умаждап қосатын ұнды, кеспені қоңыр түске теңейді.
7. Қара — тұзды қасиетті қара дәм, қара бас тұз дейді.
Осы жеті түс белгілі тәртіппен орналастырылғанда, қайтадан ақ сәуле түзеді.
Ақ сәуле дегеніміз — Күн-Ананың нұры, шуағы, жылуы. Наурыз күні ақ дастарқан жайылып, ақ тілектер айтылып, ақ пейілді аталар ақ баталарын берген, төрт түлік төлдеп, аузымыз аққа кенелген уақыт.
Көгілдір жалғыздықты, қамығушылықты, депрессияны, білгірлікті, сенімділікті және берілгендікті білдіреді. Ең алғаш іс көрісулеріне барғанда көк киім киіп барған дұрыс дейді мамандар. Көк киім сіздің шешім қабылдауда батыл, жанкешті, тәуекелшіл екендігіңізді айғақтайтын көрінеді.
Көгілдір рең көп қолданылатын, кең таралған реңдердің бірі. Алайда солай екен деп оны кез-келген жерге жапсыра бермеген жөн дейді. Әсіресе ас бөлмесіне жолатпау керек. Өйткені көгілдір түс тамаққа деген тәбетті жоғалтады екен. Торт, түрлі тәттілердің де ішіне көгілдір түс араластыруға болмайды. Өйткені көгілдір түсті көрген кезде адам санасында көгерген, бұзылған тағамдар елес береді де, ол дереу әлгі тағамға деген тәбетті жояды.
Көгілдір адамды тыныштандыратын бір рең. Өзін-өзі өлімге қиюшылықты азайтатындықтан батыста көпірлердің кенарын көгілдір түске бояйды екен. Жүйке жүйелері үшін пайдалы делінеді. Сондықтан жатын бөлмені көгілдір түспен жасақтау ақылды шешімдердің бірі көрінеді. Алайда көгілдірдің тым қою реңкін қолданбаған жөн. Өйткені ол суықтықты, қараңғылықты сипаттайтын болғандықтан ұйқыға кетерде кері әсерін тигізеді.
Көгілдір түсті бөлмеде еңбек ету нәтижелі көрінеді. Аталмыш реңді бөлмеде сынақ тапсырған студенттер жоғары нәтижелер көрсетсе, штанга көтеретіндер өз мүмкіндігінен біршама ауыр салмақты көтере біледі екен. Көгілдір реңмен жазылған жазулар да есте жақсы сақталады екен.
Қызыл түс ыстық, қан, құмарлық, ғашықтық, берілгендік, күш, қызуқандылық, агрессия секілді ұғымдарды сипаттайды. Қан қысымын жоғарылатады және тыныс алуды жеделдетеді. Адамдарды жылдам шешім шығаруға, ынталандыруға ықпал ететін бір рең.
Қызыл түс адамның назарын тез баурайтын рең. Дизайн және декорацияда көзге бірден түсетіндіктен қызыл реңді көп қолдансаңыз ұтылмайсыз. Қызыл түсті киім күш, энергия беретін көрінеді. Қызыл бір жағынан үстемдік реңі. Біреуді жасыту үшін, еңсесін түсіру үшін қолданылады. Қызыл түс агрессивті түс, ол адамды қоздырады, іс-әрекетке итермелейді. Оның орны – ұйықтайтын бөлме, бірақ онда ол қоңыр түске жақынырақ қою қы- зыл болу керек.
Сары түс көзге аса зиянды. Сары түске боялған бөлмеде нәрестелер жылауын үдетсе, үлкендер тез ашуланғыш болады екен. Сондай-ақ сары түс метаболизмді жылдамдатады. Сары рең әлсіздеу қолданылғанда жылылық және жарқыл, жалтылдау, яғни әсемдік береді. Күн көзі секілді, жылынуды қалайсыз, бірақ қарауды қаламайсыз, көзіңізді шағылыстырады. САРЫ – көңілді, белсенді, қарым-қатынас жасауға жәрдемдесетін түс. Балалар бөлмесіне сарғыш түсті перде іліп, осы түстес жиһаз қоюға болады. Сары түсті түсқағаз жабыстырудың қажеті жоқ – көзді шаршатады.
Сары көп дінде жаратушының бар екенін сипаттайтын бір рең.
Жасыл көпшілік ұғымында қарым-қатынасты білдіреді. Бірақ жалпыға ортақ таным бойынша табиғатты және жастықты бейнелейді. ЖАСЫЛ – адамға сенімділік береді. Кабинет және сіз жұмыс жасайтын орын үшін тамаша түс. Ол белсенділік пен табандылық береді.
Көз үшін өте пайдалы. Сонымен қатар тыныштандырады, жүйке жүйелеріне жағымды әсер береді. Телевизорда эфирге шығардың алдында адамдарды толқымасы үшін жасыл бөлмеге кіргізіп күттіретін көрінеді. Аталған рең сондай-ақ ауруханаларда да емшелушілердің сабырсызданбасы үшін көп қолданылады екен. Асқазан ауруларына пайдалы делінеді бір зерттеулерде. Жасыл қабырғалы алаңдарда адамдар асқазан ауруымен шағымданбайтын көрінеді.
Жасылдың түрлі реңлері түрліше әсер береді екен:
Қою жасыл - суықтық, байлық, еркекшоралық, кертартпалықты сипаттаса,
Көк жасыл - жағымсыздықты, негативті,
Зәйтүн жасылы - татулықты, бейбітшілікті,
Сарғыш жасыл – тұтынушылардың басқа жасылдардан артық көретін реңі.
Жасыл Америка мәдениетінде ақшаны сипаттайды.
Қызғылт (оранжевый) түс ыстықтық, саулық, разылық, жемістілікті сипаттайды. Күшті және жомарт бір сипаты да бар.
Қызғылт құпиясы жоқ, кең таралымдағы, тартымды бір түс. Мәселен бір өнімнің әрқайсыға қолайлы екенін немесе қымбат екенін көрсету үшін қолданылады.
Қара даулы бір рең. Бір жағынан қараңғылық, қара күш, кінә, негативпен байланыстырылса, бір жағынан берілгендік, табандылық, қажырлық, қайсарлық, өжеттік, тұрақтылық, шыдамдылықпен, қырағылықпен, білгірлікпен, сенімділікпен байланыстырылады. Бір жағынан басқару және күш мағынасына келсе,екінші жағынан қайғы-қасірет, бақытсыздық, аза (траур) мағынасына келеді. Бізде және батыста бақытсыздық, аза тұтуды білдірсе, Жапонияда бақыттылықтың түсі көрінеді.
Қара басым көпшілік үшін киім түсі. Кейбірі қараны байсалды көріну үшін киеді. Біреулері болса арық көріну үшін. Айрықша бұл рең қалың және нәзік көрінеді.
Ақ саф тазалықты, пәктікті, күнәсіздікті бейнелейді. Көп мәдениетте келіндер ақ киінеді. Айрықша тазалықтың белгісі болғандықтын дәрігерлердің, лабораторияда қызмет жасаушылардың киімінің түсі.
Сондай-ақ ақ - жаз айының киім реңі.
Күлгін асылзада, ақсүйектердің түсі. Байлықты және жеңісті бейнелейді. Сонымен қатар романтизмнің, айрықша сезімталдықтың, ғашықтықтың символы.
Бұл түс табиғатта ең сирек кездесетін түс. Ертеде адамдар күлгін рең шығару үшін теңіз бақалшақтарын қолданған. Бұл өте қиын жұмысты. Кейбіреулері күлгін түсті тез көзге түсетін демонстрация реңі болғандықтан декорацияда қолданғанды жақсы көреді. Кейбірі бұл түсті жасанды түс деп, қабылдамайды.
Қоңыр топырақтың және ағаш,тақтаның реңі. Төзімділік және сенімділік береді. Қоңыр табиғи, тыныш, жайлы, ашық бір атмосфераны қамтамасыз етеді. Көбінде еркектердің сүйікті реңі. Кейде кейбір тондардың ескірген, оңған түрі секілді де әсер береді. Айтпақшы қоңыр реңкке байланысты зерттеулердің соңы мынадай нәтижеге ұласыпты: Бір өнер музейінің қабырғаларын қоңырға бояғанда музейді тамашалаушылар тез-тез аралап, ол арадан жылдам аяқтарын жалтыратыпты. Ал ақпен боялғанда көрушілер ұзақ уақыт аралаған. Сондықтан дүниедегі фаст фуд ресторандары үстел, орындықтарын дереу қоңыр түске ауыстырған көрінеді. Расымен де, ақ қабырғалы фаст фуд ресторандарын кездестіру қиын.
Алқызыл (розовый) романтиканың және нәзіктіктің, әсемдіктің реңі. Тыныштандырады. Жайландырады және жүректі жұмсартады. Түрме торларын ал қызылға бояғанда түрмедегілердің арасында агрессивті әрекеттер азайған. Адам ашуланғысы келсе де алқызыл түстің қасында онысы оңайға түспейтін көрінеді. Жүректің тамырлары жылдам әрекет ете алмайде екен. Аталмыш түс энергияңды басатын тыныштандыратын, персен дәрісі секілді көрінеді. Тіптен рең соқырлары, яғни реңге мән бермейтіндердің өзі сабырлы қалыпқа түседі екен. Алайда соңғы зерттеулерге сүйенсек, өкініштісі сол, мұның әсері қысқа бір сүреге ғана созылады екен. Ағза бұрынғы халіне келгенде бұрынғысынан әлдеқайда агрессивті болады екен.
Қазақы түс жору. Түс жору өмір қажеттілігінен туған халық даналығының бір нышаны. Әрбір адам жүрегінде, санасында сенім, иланым ұялаған.
Ақ боз ат көрсең, ісің оңалады;
Сары жылан көрсең, үйленесің;
Қара ат көрсең, сәтсіздікке ұрынасың;
Көгілдір ашық аспан көрсең, жақсылыққа жолығасың;
Қара түс - жолға, сапарға шығасың;
Ақшаңқан бұлттар - кіріс;
Қоңыр түс - күткен адамыңмен жүздесу;
Көк түс нәрселер - үлкен әңгіме, салмақтық;
Қызыл түс - махаббат, сырқатқа кездесу;
Ақ көйлек кисең, қуанасың;
Түсіңде ақ тіс көрсең, пайдаға батасың;
Ақ қағаз көрсең, достық белгісі:
Түсті қағаз көрсең, ұяласың, ренжисің;
Сары түсті көрсең айырылысу, мұңаю, сағыну.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Бейнелеу өнері оқулығы Айдарова З.
2. Қазақ энциклопедиясы I том
3. Ералин Қ. Займоглу Ө. «Бастауыш сыныпта бейнелеу өнерін оқыту» әдістемесі. Оқу құралы. Түркістан. Тұран. 2009.
4. Көпеев М. Ж. «Адам мен жұлдыздар арақатынасы» Қазақ тарихи. – Алматы, 1995. – № 6.
5. Денсаулық және өмірлік дағдылар 2008. №4
6. Дәргерлік кеңестер интернет желісі
7. Интернет желісі; «Түстермен қазақи түс жору»
8. Интернет желісі; «Жасыл дәріхана»
9. Балалар Энциклопедиясы, II- том