- 04 мам. 2022 00:00
- 217
Адамгершілік - адал құс
Адамгершілік - асыл қасиет.
Адамгершілік - бұл рухани тәрбие. Адамгершілік адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Егер адамда адамгершілік қасиет болмаса, ол адам өз өзін сыйламайды.
Адамгершілік адамның рухани арқауы. Адам баласы жалғыздықта өмір сүре алмайды.Әрдайым арқа сүйейтін адамға мұқтаж болады. Заман ағымына қарай адамдық құндылықтар да қасиеттер де өзгеріп бара жатыр. Әрбір адам өзінің жағдайын ғана ойлайды. Сол сияқты бізді ата анамыз асырайды,оқытады,тоқытады, біз үшін бәрін беруге дайын. Ал соны бағаламайтын жандар қаншама. Қартайған шағында кез келген ата ана көмекке зәру болады. Өз құрсағынан шыққан сәбиден әрине жақсылық күтеді. Бірақ керісінше жасы жеткенімен ата анаға масыл болып отырған адамдар қаншама. Сондықтан да біздің ең жақын адамдарымызды бағалайық. Бұл дүниеде адам өзінің пенделік қасиеттерімен күресе жүріп өзінің адамдық қасиеттерін шыңдап, өзінің пендешіліктерін, басқаша айтқанда өзінің «тозағын» жеңіп шығуы қажет. Өйткені, оның бұл дүниедегі бар қайғы-қасіреті оның осы пендешіліктерінен туындайды. Соған орай оның бұл дүниедегі бақыты мен ақиреттегі бақыты да оның өз пендешіліктерін қаншалықты жеңе алғанына байланысты.
«Адамгершілікке тәрбиелеу құралы еңбек пен ата ана үлгісі» деп, Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.