- 05 нау. 2024 04:10
- 203
Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері.
Тақырыбы: Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері.
Мақсаттары: 1. Оқушыларға сезім мүшелері туралы түсінік қалыптастыру.
2. Оқушылардың ойлау дағдыларын жетілдіру және өздігінен білім алуға, өз пікірлерін ашық айтуға мүмкіндік бере, өз қабілеттеріне сенімділіктерін арттыра дамыту.
3. Оқушыларды зиянды әсерлерден қорғануға, тазалыққа, ұқыптылыққа, сұлулыққа өз елінің білімді тұлғасы болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, компьютер, интербелсенді тақта, жұмбақ, пайдалы кеңестер.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, өзбеттік, түсіндіру, ой түйіндеу, жинақтау, қорытынды.
Технология: сын тұрғысынан ойлау, АКТ.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру
Психологиялық кезең
Осы біздер қандаймыз?
Талабы биік таудаймыз.
Ақылдымыз, парасаттымыз, көңілдіміз!
Үлкенге ізеттіміз!
Кішіге қамқормыз,
Көп оқимыз.
Өнерліміз.
Жанып тұрған шырақпыз!
Елімізді өркендететін,
Бабаларға тағзым ететін,
Біз қазақ елінің болашағымыз!
Топқа бөлу
Менің гүл күлтелерінен сыйлығым бар. Бір - бірден гүл күлтелерін алып, құрастырамыз. Сол әр гүлдің күлтелеріндегі сезім мүшелері бойынша топқа бөлініп отырады.
Қызығушылығын ояту
Ой қозғау
Гүл күлтелеріндегі сезім мүшелері жайлы білетіндерін ортаға салып, пікірлерін топ келісімімен бір оқушы қорғайды.
Формативті бағалау. Қол шапалақтау.
Мағынаны тану
Білу
Біз көреміз, естиміз, әр түрлі иістерді, дәмді, ыстық пен суықты сезе аламыз. Осы бір ғажап қабілет бізге сезім мүшелері арқылы беріледі.
Жұмбақ шешу
Көреді бәрін өзгенің,
Көрмейді бірақ өздерін.
Түсіну
Жаңа сабақ
Сезім мүшелері. Көз. Тері.
Тірек сызба
Көз - көру мүшесі. Адамның негізгі көмекшісі. Ол айналадағы заттың бәрін көруге түрін, түсін, пішінін ажырата білуге көмектеседі. Егер көзді зерттеп қарайтын болсақ, оның ортасында нұрлы қабықшасы бар екенін көреміз. Нұрлы қабықшаның ортасында қарашық орналасқан. Ол көзге жарық өтетін терезе. Жарық көз бұршағы арқылы өтіп, бейне көздің торлы қабықшасына түседі. Бұдан кейін көру жүйесі оны миға жеткізеді. Содан барып, біз бейнені көреміз. Адамның көру мүмкіндігін күшейтетін құралдардың бірі – үлкейткіш шыны лупамен таныстыру. Лупаны қолдарына беріп, әр түрлі заттарды қарап көрулерін байқау. Көзді шаршаудан, зақымданудан сақтау керек.
Тері – адамның ішкі ағзасын қорғап тұратын мүше. Ол арқылы ыстық - суықты сеземіз. Жұмсақ пен қаттыны ажырата аламыз.
Қолдану
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді түсініп оқу. Бір - біріне сұрақ қою.
«Ыстық орындық» ойыны.
Ауызша сұраққа жауап беру. Орындық арқалығында «Көз дәрігері» деген жазу жазылған. Орындыққа барлық сұрақтарға жауап бере алатын өзіне - өзі сенімді баланы отырғызу.
Сезім мүшелерін қалай күту керек?
Адамның сезім мүшелері. Көз. Тері. жүктеу