Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ағылшын тілі сабағында мәтіндермен жұмыс жасау арқылы оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін арттыру
Ағылшын тілі сабағында мәтіндермен жұмыс жасау арқылы оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін арттыру.

Мақсаты: ағылшын тілін оқытуда нәтижелілікке жету; шет тілін оқуда оқушылардың ішкі ынтасын арттыру.
Міндеттері:
• коммуникативті ептіліктің түрлерін дамыту.
• лингвистикалық қабілеттілікті дамыту.
• коммуникативті жағдаяттарды тудыру.
• оқушының өз бетінше жеке жұмыс істеу жолдарын қалыптастыру.
• оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
• коммуникативтік тәсілдердің барлық түрлерін дамыту.

Көптеген оқушылар үшін ағылшын тілінде мәтінді оқу қиындық тудырады. Сол себептен олар үшін мәтін таңдағанда олардың қызығушылықтары мен жас ерекшеліктерін ескеру қажет. Сондықтан мәтінмен жұмыс істегенде мынадай ескертулерді есте сақтау қажет:

1. Уәждемелейтін (мотивирующий) тақырыптарды таңдау қажет. Мұнда оқушыларды қазіргі кезде қандай мәселелер мен тақырыптар қызықтыратынын анықтап алу керек. Мысалы, кино, музыка, саяхат және т. б.

2. Мәтінді оқымас бұрын оның тақырыбы мен сөздердің мағынасымен таныстыру. Мәтінмен танысар алдындағы кезең - тілдік және психологиялық қиыншылықтарды сейілтіп, мәтінмен жұмыс icтeyгe ыңғайлайды; оқушылардың жеке тәжірибелерін өзектендіреді, негізгі (тірек) сөздерге сүйене отырып, мәтіннің мағынасын жорамалдайды.

3. Мәтіннің құрылымы мен мазмұны оқушыны қызықтырарлықтай болу керек. Мәтінде сабақтарда өткен грамматикалық құрылымдар болуы тиіс, не болмаса ол құрылымдармен мәтінмен танысар алдындағы кезеңде таныстырып кету қажет.

4. Мәтінді оқымас бұрын оқушыларға арнап мәтінде кездесетін сөздер мен дыбыстарға, оқудың төрт типіне қатысты шағын тест өткізуге болады. Бұл тест оқушылардың оқылым дағдыларын қалыптастыруға, кейбір күрделі сөздерді еске түсіріп оларды есте сақтауға ықпалын тигізеді. Осылайша сөздердің оқылуы мен олардың мағынасын оқушылар түсінгеннен кейін барып, қысқа жолдарды оқытуға болады. Мұндай тәсіл оқушылардың өздеріне сенімділігін арттырып, олардың оқуға деген қызығушылығын арттырады.

5. Мәтінді оқу жеке дара бола алмайды, оқу дегеніміз мәтіннің мазмұнын түсіну, түсінуге біз сөздердің мағынасын түсінуді жатқызамыз және тілді тереңірек меңгеру үшін оқушылар тілдік бірліктерді есте сақтаудан бастайды. Біздің мақсатымыз – оқушының мәтінді түсініп, тілдесімді дамытуы. Алайда, коммуникативтік құзыреттілікті дамыту барысында ағылшын тіліндегі тыңдалым, тілдесім, оқылым және жазылым сияқты төрт әдіс бірлесіп жүруі тиіс.

Екібастұз қаласы №17 ЖББОМ
Ағылшын тілі мұғалімі
Смагулова Ақтолқын Оразалықызы
Ағылшын тілі сабағында мәтіндермен жұмыс жасау арқылы оқушылардың коммуникативті құзыреттілігін арттыру жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама