Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Ағылшын тілін ерте жастан оқыту
Ағылшын тілін ерте жастан оқыту
Көрнекілік принципін қолданудың маңызы
Қазіргі таңда бастауыш сыныптарда тіл игеруге жаңа әдістерді қолдану қажеттігі туып отыр. Бұдан бұрынғы әдістерді қолданбау керек деген пікір тумайды. Қайта бұл жаңа методиканың дамуына негіз саладан. Атап айтқанда әр түрлі сөйлемдерді меңгерту, қайталау, мәтіндерді оқыту, бірнеше қайтара естеріне түсіру, тағы да басқа жұмыс түрлері оқушыны жалықтырып шаршатады. Сондықтан да ағылшын тілін игеруде ойын түрлерін пайдалану оқушының деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттырады. Мысалы, оқудың алғашқы кезінде оқушы тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуі мүмкін, бара - бара материалдың күрделенуіне байланысты оқушы әр түрлі қиыншылықтарға кездеседі. Ал бұған мұғалімдер кезінде көмек жасай алмайды. Қиыншылықтан тек сабақта ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушының көзін жеткізуге болады. Әрине ағылшын тілін оқып, үйрену бірден қалыптаса алмайды. Өз ана тілін әбден толық меңгермеген балаға ағылшын тілін үйрету оңайға соқпайды. Бұл кезде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі.

Осы бағытта Еуразия институтының шет тілдер факультетінің профессорлық оқытушылар ұжымы Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрларды қайта даярлау институтымен тығыз байланыста бола отырып, облыстық және қалалық ЖББОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерімен бірге семинар - тренингтер, әдістемелік кеңестер, дөңгелек үстелдер және т. б шаралар өткізіп отырады.
Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуды ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ағылшын тілін үйретуде алғашқы кезде балалардың көздерімен көріп, құлақпен тыңдау арқылы - тыңдау мен сөйлетуге үйрету керек. Түрлі - түсті суреттерді іліп, ауызша оқылуын айтып бала әріпті танымаса да сурет астына оқылуын жазу керек. Үй ішіндегі бұйымдарға немесе кабинеттегі бар заттарға, мысалы есікке DOOR, терезеге WINDOW, тақтаға BLACKBOARD, қабырғаға WALL, гүлге FLOWER - деп жазып іліп қойса, оқушы есікті т. б көріп тұрып, оны қалай аталатындығын көреді, естиді, сонымен бірге әріпті танымаса да деген сөздің қалай жазылатындығы көзбен көру арқылы баланың есінде қала береді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама