Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Ал, қанекей, ойнайық!
Ата - аналар жиналысы
Тақырыбы: Ал, қанекей, ойнайық!
Мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Ойын баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән - мағынасы ерекше. Қазақ халқының ойшылы Абай Құнанбаев: "Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала болама?- деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын барысында балалар дүниені таниды, өзінің күш - жігерін жұмсап, адамдармен араласуға үйренеді. Балаларда қолданатын ойындарды ата - аналармен жүргізе отырып, ұйымдастырылған оқу – іс әрекетінде қолданатын ойындарды көрсетіп, бірге ойната отырып бірлесіп жұмыс жасауға үйрету.
1. Ұйымдастыру.
Құрметті ата - аналар жиналысымызға қош келіпсіздер!
Бүгінгі жиналысымыздың тақырыбы «Ал, қанекей, ойнайық!»тақырыбында өрбімек. Біздің мақсатымыз күнделікті ұйымдастырылған оқу - іс әрекетінде қолданатын ойындарды сіздермен бірге ойнап көрмекпіз. Ойналатын ойындарымыз бес бөлімнен тұрады. Берілген тапсырманы тиянақты, бар ықыластарыңмен орындауларыңызды сұраймыз? Ендеше іске сәт! Бірінші ойналатын ойынымыз:
1 «Суретке қарап пейзаж құрастырайық»
Мазмұны: Әр ата - анаға әр түрлі сурет үлгілері беріледі, соған қарап әр түрлі тастармен берілген суретті бейнелеу керек.
2 «Актерлік шеберлігімізді байқайық!»
Мазмұны: Ортаға екі ата - анадан шығарып, оларға көрсетпей бастарына аң немесе жануардың бейнесі бейнеленген масканы кигіземіз. Ойнаушы өзінің қандай маска киіп тұрғанын білмеуі керек. Оған қарсы тұрған ойнаушы оның басындағы аңды қимылмен көрсете білуі керек. Ойын осылайша әрі қарай жалғасады.
3 «Мақал - мәтел» «Кім жүйрік?»
Мазмұны: Ата - аналарға дара жазылған әріптер таратылып беріледі, сол әріптерден шапшаң қимылдап бір мақал шығару керек. Ойын
осылайша жалғаса береді.
4 «Кім дұрыс жауап береді?»
Мазмұны: Тақтаға сұрақтар жазылған түрлі - түсті қағаздар

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама