Әлемдегі ең қауіпті және әсерлі жерлер
Бұл таңғаларлық, әрі қауіпті мекендерді көргенде әсерлебей қайту мүмкін емес.
Тролль тілі, Норвегия
Бұл таңғажайып жер Норвегияда, Одда деп аталатын кішігірім қалашықта орналасқан. Ал Тролль тілі деген ерекше атауды бұл жер, скандинавия мифологиясының тылсым жаратылысының тіліне ұқсайтындықтан иеленген.
Сонымен қатар Тролль тілі өте жақсы жасырылған және оны табу қиын. Егер де сіз ойларыңызбен оңаша қалып, тыныш жер іздеген болсаңыз, онда сізге керек жер осы.
Гейрангер Рок, Норвегия
Гейрангер Рок Гейрангерде– Норвегиядағы осы аттас кентте, норвегиялық губернияда Гейрангерде теңіз қолтығының шетінде (фюлькада) орналасқан.
Жартастан рухтандыратын ерекше әсем көріністі көруге болады, сондықтан Гейрангерге жолыңыз түссе осы таңғажайып жерді көруге міндетті түрде соғыңыз.
Кьерагболтен, Норвегия
Кьерагболтенге баруға батылы жететін адамдар көптеп табыла бермейді, тіптен норвегиялықтардың өзі де оған баруға батылдық көрсете алмайды.
Бұл өлшемі 5 м³ болатын, Лисефьорд жалғыз аяқ жолынан 1000 метр биіктікте Кьераг тауының жартастарының арасына тығылып тұрып қалған үлкен тас. Егер де Сіз экстремалдылықты ұнататын болсаңыз, онда сол жерге баруға міндеттісіз.
Пульпит Рок, Норвегия
Пульпит Рок мұздықты су шайып кетуі салдарынан пайда болған және шаршы пішіндес жартас түрінде көрінеді, ол Норвегиядағы мұнайлы Ставангер қаласына жақын жерде Лисефьордтан шамамен 600 метрдей көтеріліп тұрады.
Шындығында, бұл жер қауіпті емес, алайда Сіз бұл ең биік төбесінде тұрған болсаңыз, Сіздің басыңыз айналуы мүмкін және сіз жайдан-жай өзіңізді бақылаудан шығарып алуыңыз мүмкін.
Potato Chip Rock жіңішке шатқалы, АҚШ
Бұл таңғажайып жер АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында орналасқан, және де кез келген сәтте сынып кетуі мүмкін өте жіңішке шатқал тәрізді болып көрінеді.
Алайда, бұған қарамастан, шатқалда жай ғана отырып көру үшін көптеген саяхатшылар жыл сайын осы жерге келеді. Жартастың ұшына отырып және де алаңсыз суретке түсу үшін бұл адамдардың жүйкесі қаншалықты мықты болуы тиіс?
Тяньмэнь тауының жалғыз аяқ әйнек жолы, Қытай
Чжанцзяцзедегі Тяньмэнь тауының батыс бөлігіндегі жардың шетімен жүргізілген ұзындығы 60 метр шыны аллея, 1430 метр биіктікте орналасқан.
Бұл адамға естен кетпейтін уайым сезімін және сөзбен жеткізе алмайтын жан толғанысын туындататын Тяньмэнь тауындағы адам қолымен жасалған жауһарларының бірі.
Гранд Каньон әйнек көпірі, АҚШ
Әйнек көпір АҚШ-ның Колорадо штатындағы Үлкен Каньонның батыс бөлігіндегі үндіс резервациясында орналасқан, және де әлемдік ойын-сауық астанасы – Лас-Вегас қаласынан шамамен 200 километрдей жерде тұр.
Көпір ауада Колорадо өзенінің үстінде 1219 метр биіктікте асылып және шатқалдан 21,34 м сыртқа шығып тұр.
Сирс Тауэр (Sears Tower) әйнек балконы, АҚШ
АҚШ-тағы ең биік ғимарат, аспанмен таласқан Сирс Тауэрдің 103-нші қабатында биіктікте 4 әйнек балконы бар!
Қалыңдығы 12,7 см болатын әйнек едені шамамен 5 тоннаға дейін көтеруге мүмкіндігі бар және жарты километрлік биіктіктен төменге қарауға мүмкіндік береді.
Хуашань, Қытай
Хуашань, бәлкім, әлемдегі барынша құлама жарқабақты және қауіпті жол. Алайда аяғыңның астынан түпсіз тұңғиық жарқабақты көру – өте қызықты және тым әсерлі!
Құзға өрлеу мен жорықтар көптеген шет елдіктер үшін, тіптен символдық спорт түрі болып кеткен тәрізді. Осы жолды бағындырғандарға көз салып көріңіздер.
Бұл ешнәрседен қорықпайтын батыл адамдар әлемдегі ең қауіпті сүрлеу жолды бағындыруда.