Әлемді 80 күн ішінде шарлау
Филеас Фогг есімді ауқатты адам — Лондонның Берлингтон Гарденс ауданының тұрғыны. Ол қаладағы Реформ-клубтың белсенді мүшесі еді. Фогг мырзаны достары құрмет тұтатын. Ол кез келген істі уақытында бітіргенді ұнататын тиянақты, ұқыпты әрі уәдесінде тұратын сенімді адам болатын. Бірде Филеас Фогг өзіне Паспарту есімді жас жігітті жұмысқа алады. Филеас Фогг пен Паспарту Пэл-Мэл көшесіндегі еңселі ғимаратқа орналасқан Реформ-клубқа келеді. Клубқа мүше дәулетті мырзалар «Әлемді 80 күн ішінде шарлауға бола ма?» деген тақырыпқа қызу пікірталас өткізіп жатыр екен. Мистер Фоггтың танысы мистер Стюарт оған «Жер шарына саяхат жасауға сексен күн жетеді» деп жазылған газеттегі мақаланы көрсетеді. Мистер Стюарт:
— Теория тұрғысынан мүмкін болғанымен, іс жүзінде әлемді шарлап шығуға сексен күн жетпейді, — деп езеуреді.
Бірақ мистер Фогг:
— Бұны орындау қиын емес, — деп, оның ойымен келіспейтінін айтты.
Филеас Фоггтың тосын пікіріне таң қалған мистер Стюарт: — Онда сіз 80 күн ішінде әлемді аралап келіңіз, — деді.
Фогг қарсылық білдірмеді. Сол жердегі мырзалардың көзінше екеуі бәстесіп, мистер Филеас Фогг саяхатқа шығатын болды. Бәске 20 миллион фунт стерлинг ақша тігілді.
Мистер Фогг сол жерде қойын дәптеріне «Паспарту екеуіміз кешкі сағат 8:45-те Дуврға баратын пойызға отыруға тиіспіз» деп белгілеп қойды. Бұл 2 қазан, сәрсенбі күні болатын. Бәстен жеңілмеу үшін олар 21 желтоқсанда, сенбі күні, таңғы 8:45-ке дейін оралуға тиіс. Осыдан кейін мистер Фогг пен Паспарту үйлеріне қайтады. Сол күні, кешкі сағат сегізде Паспарту шабаданға қожайыны мен өзінің жолға қажетті заттары мен киімдерін салады. Содан кейін ол бөлмесінің есігін мұқият жауып, сапарға сақадай сай тұрған Филеас Фиггке қосылады. Фигг сағатына қарайды. Бәрі дұрыс сияқты. Екеуі де жолға шығуға дайын екен. Құрған жоспары бойынша әлемді 80 күн ішінде аралап келулері керек. Қожайыны Паспартуға қаржы салынған сөмкені ұстатып, оған ие болуды тапсырады.
Фогг пен Паспарту теміржол стансасына жеткен кезде, алдарынан қайыршы әйел шығып, садақа сұрайды. Мистер Фогг — қолы ашық, жомарт адам. Ол кейуанаға жиырма гиней ұсынады. Паспарту да — сезімтал, мейірімді жан. Қожайынның әрекетіне риза болған оның көзіне жас үйіріледі. Содан соң екеуі Парижге баратын пойыздың жайлы орнынан билет сатып алады да, өз орындарына жайғасады. Фогг пен Паспарту Лондоннан кешкі сағат 8.45-те шығып, келесі күні таңертең Парижге жетеді. Енді олар Фран цияның астанасынан Суэц қаласына аттанады. Бұл жерден кемеге отырып, Моңғолияға жетпекші. Кемежайда Фогг ізкесуші Фикс мырзамен жолығып қалады.
Бұл кездесу былай болды. Мистер Фикс Англиядағы банкті тонаған ұрыны іздестіріп жүрген. Ал бұл қарақшының сыртқы келбеті Фогг мырзаға қатты ұқсайтын. Филеас Фогг пен Паспарту Моңғолияға аттанған кезде, Фикс мырза олар мінген кемедегі әр жолаушыны жеке-жеке тексеріп шығады. Мистер Фикс Филеас Фоггті көрген сәтте, өзі іздеп жүрген баукеспе ұрыны тапқанына күмәнданбайды. Фикс оңтайлы сәт туғанда Паспартумен сөйлесіп: «Фогг мырзаның өткен өмірі туралы не білесің?» деп сұрайды. Өкінішке қарай, Паспарту жақында ғана жұмысқа тұрғандықтан, қожайыны жайлы ештеңе білмейтін болып шығады. Содан соң Фикс Британия елшілігіне жеделхат жіберіп, Фоггты тұтқын дауға рұқсат сұрайды. Біраз күннен соң Фогг пен Паспарту Бомбейге келеді. Фикс те олардың соңдарынан қалмай, аңдып отырады.
Бомбейде Паспарту пілді алғаш рет көріп, «Пайдалы хайуан екен» деп ойлайды. Осы ойын Фоггке айтады. Қожасы оған келісіп, бір піл сатып алады. Олар пілге мініп, Аллахабадқа сапар шегеді. Жолда олар үндістердің жас әйелді құрбандыққа шалғалы жатқанын көреді. Сол заманда үндістерде күйеуі өлген әйелді құрбандыққа шалу дәстүрі бар болатын. Сөйтіп, Мистер Фогг пен Паспарту Ауда есімді бикешті өлімнен құтқарып қалады. Оны өздерімен бірге ала кетеді. Мистер Фогг Аудаға «Гонконгке барайық» деген ұсыныс жасайды. Әйел қарсы болмайды. Фогг пен Паспарту Ауданы ертіп, пойызға жетуге асығады. Бұлардың соңынан қалмай, еріп жүрген ізкесуші Фикс те пойызға отырады.Калькуттаға жеткен кезде ол Фикс пен Паспартуды тұтқынға алады. Алайда ол екеуі айлаларын асырып, қашып кетеді. Сосын олар Ауданы тауып алып, Гонконгке дейін кемемен жетуді қолайлы деп табады. Фикс те бұлардың ізін аңдып, Гонконгке келеді. Гонконгке жеткен соң олар жапон қаласы — Иокогамаға жол тартады. Мистер Фикс «Фоггты Гонконгте тұтқындамасам, одан айрылып қаламын» деп қорқады. Ол «Паспарту қожайынын ұстап беретін болар» деп үміттенеді. Бірақ, бұл үміті ақталмайды, Паспарту мистер Фоггтың банк тонағанына сенбейді. Фогг, Паспарту, Ауда — үшеуі Жапонияға аттанатын кемеге отырады. Олар Ио когамаға жеткен соң, Филеас Фогг пен Ауда қаланың көрікті жерлерін тамашалайды.
Ал қала көшелерін кезіп жүрген Паспарту мистер Фикске жолығып қалады. — Мен мистер Фоггке көмектескім келеді, — дейді Фикс оған.
— О! Фогг мырзаның ұры емес екеніне көзіңіз жеткен екен ғой, — деп қуанады Паспарту.
— Жоқ, банкті тонаған қарақшының Фогг мырза екеніне еш күмән жоқ. Алай да, дәл қазір, Англияға жетпей тұрып, оны ұстай алмаймын, — дейді ізкесуші. Біраз үнсіздіктен кейін: «Бөгде мемлекетте жүрген азаматты тұтқындауға рұқсат жоқ, — деп сөзін жалғастырады Фикс. — Сондықтан мен оның Англияға неғұр лым ертерек жеткенін қалаймын. Фогг мырзаның да бәстен ұту үшін Лондонға барынша тезірек жеткісі келет іні екеумізге де мәлім. Сондықтан мен оған көмектесуді жөн көрдім». Полиция қызметкерімен сөйлесіп болған соң, Паспарту Фогг пен Ауданы іздеп табады. Енді олар «Сан-Францискоға аттанғанымыз жөн» деген шешім қабылдайды. Иокогамадан Сан-Францискоға қарай жүзетін «Генерал Грант» кемесіне отырып, Құрама Штаттарға қарай бет түзейді.
Саяхат кезінде Ауда Фогг мырзаға күн өткен сайын бауыр басады. Мұны сезімтал Паспарту байқайды. Паспартуға Ауданың сыпайылығы, мейірімділігі қатты ұнайтын. Ол қожасы мен үндіс әйел ортақ тіл тауып, екеуі үлгілі отбасын құрар деп үміттенеді. Сан-Францискодан Нью-Йоркке баратын пойызға отырып, сапар шеккен саяхатшылар жолда біраз қиындыққа жолығады. Нью-Йоркке жеткен кезде, Фогг Ливерпуль қаласына баратын кеменің әлдеқашан кетіп қалғанын естіп, санын соғады. Енді ол тығырықтан шығудың жолын іздестіреді. Сол кезде Фогг Францияның Бордо қаласына аттанғалы тұрған айлақтағы кемені көреді.
Фогг осы кеме арқылы Ливерпульге жетіп алғысы келеді. Бірақ бастапқыда кеме капитаны оның бұл ұсынысын қабылдамайды. Фогг мырза оған қомақты ақша беріп, аузын майлаған соң ғана капитан Ливерпульге қарай жүзуге келіседі. Сөйтіп, саяхатшылар Ливерпуль қаласына жетіп, енді қайта Лондонға баратын пойызға отырмақ болады.
Әлемді 80 күн ішінде шарлау Фогг, Паспарту, Ауда — үшеуі вокзалда тағы да Фиксті кездестіреді. Ізкесуші бұл жолы Фоггты бірден тұтқындайды. Алайда, көп кешікпей-ақ Фикс Фоггке келіп, банкті тонаған қарақшының үш күн бұрын Эдинбургте қолға түскенін мәлімдейді. Ізкесушінің әрекетіне күйініп тұрған Фогг оны жұдырықтап, жерге сұлатады. Бұл кезде Лондонға баратын пойыз әлдеқашан жүріп кеткен еді. Сондықтан Фогг арнайы пойыз жалдап, жүргізушіге «Лондонға барынша тез жет» деп, қомақты ақша ұсынады. Бірақ жолда түрлі жағдайлар килігіп, пойыз әлденеше рет бөгеледі. Олар Лондонға жеткен кезде Фогг сағатына қарап: «Мен бес минут кешіктім» деп ойлайды. Филеас Фогг бәстен ұтылғанын іштей мойындайды. Лондонға келген соң ол Аудадан кешірім сұрап, «Сені қамтамасыз етуге қаржым жетпейді» дейді. Ал Ауда оған өзінің жүрек түкпіріндегі сезімін жайып салады. Ол Фоггты сүйетінін, оның өзіне үйленгенін қалайтынын айтады. Бұған Фогг мырза қуана келіседі. Келесі күні ол Паспартуды «Некемізді қидыратын күнді белгілеп кел» деп, шіркеуге жұмсап жібереді.
Филеас Фогг бүгінгі күннің жексенбі екеніне сенімді еді. Ол үйінде отырып, сапар кезінде Ауда мен Фикске қалай жолыққанын ойлап, саяхатына талдау жасайды. Паспарту екеуі 80 күн аралығында, талай хикаяларды басынан кешіріпті. Фогг пен Ауданың қосылғанына Паспарту да қуанады. Ол жүгіріп шіркеуге келеді. Осы жерде Паспарту өздерінің күн санауда жаңылысқандарын түсінеді. Олар Лондонға уәделі уақыттан бір күн бұрын жеткен екен. Мұны естіген Фогг бірден өзін достары сабырсыздана күтіп отырған Реформ-клубқа қарай жүгіреді. Дәл уақытында клубқа кіріп, өзінің бәсте ұтқанын жариялайды. Осылайша Фогг мырза сексен күн ішінде жер жүзіне саяхат жасаудың мүмкін екеніне көз жеткізеді!