Photo: Yogendra Singh (https://www.pexels.com/@yogendras31) / Pexels
- 01 мам. 2026 02:30
- 16
Әлемді бағындырады: Майра Мұхамедқызының 14 жастағы қызы Аида подиумға шықты
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әлемге танымал опера әншісі Майра Мұхамедқызының 14 жастағы қызы Аида алғаш рет сән әлеміне қадам жасады. Ол Kazakhstan Fashion Week аясында өткен сән көрсетілімінде подиумға шығып, көпшіліктің назарын өзіне аударды.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жас модельдің дебюті әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, оның сахнадағы сенімді қадамы мен нәзік образы жоғары бағаланды. Бұл Аиданың сән индустриясындағы алғашқы қадамы болды.