Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Әліппе – білім айнасы
Әліппе – білім айнасы
Сыныбы: 1 «Г»
Мақсаты: оқушылардың білімдерін бекіту, олардың алған білім, білік дағдыларын көрсету; тілін дамыту, сөздік қорын молайту; ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Әліппе – білім бастауы» сөздері жазылған плакаттар, суреттер, мерекелік безендірулер, музыкамен сүйемелдеу.
Теңіз даусы естіліп, Тазша бала шығады.
Тазша бала: Ой менің арманымды тыңдайтын пенде болса ғой, арманымды айтып ішімдегі ойымды бөлісер едім. Шіркін...
Балық: Айта ғой мен тыңдайын.
Тазша бала: Сен кімсің?
Балық: Мен алтын балықпын. Сенін арманыңды тыңдауға дайынмын.
Тазша бала: менің арманым, менің арманым шынымен де тыңдайсыз ба?
Балық: Я тыңдаймын.
Тазша бала: Сонда мен сізге арманымды айтсам орындайсыз ба?
Балық: Жоқ, алдымен сен өз арманыңды айт, сосын мен шарт қоямын сол шартымды орындасаң, мен арманыңды орындаймын
Тазша бала: Онда менің арманым өте білімді азамат болсам деймін, егер мен білімді болсам ғалым болар едім, ғарышқа ұшар едім, талай ғылымның сырын ашар едім. Сосын мектепке барар едім, жалқау балалармен достасар едім, менің білімді ғалым етіп шығаршы.
Балық: Дұрыс сенін ойын жақсы екен, маған сенін арманын ұнағандықтан мен саған көмектесемін. Алдымен мен сені №2 мектептің білім бағына алып барайын. Сол білім тыңдасаң сенен жақсы білімді бала шығады. Олай болса мен саған бірінші шартымды қоямын.

Тазша бала: Орындауға дайынмын, қандай шартыңыз бар?
Балық: Бірінші шартым: Қазір білім бағында 1 «Г» сынып оқушыларының әліппемен қоштасу тойы болмақшы, сол тойды ашып бер, өзіңнің әсем өлең жолдарың мен.
Тазша бала: Жарайды тақсырым. Олай болса мен бастайын.
Тақсыр мен ортаға әліппе ханымды шақырайын
Қош келіпсіз әліппе ханым, сіз не айтасыз?
Әліппе: Менің атым – Әліппе Мені анаңдай дәріпте Мені оқып ержеткен Ағаң менен әпкеңде Армысыздар жас достар.
Тазша бала: Қане достар Бәрін бері қара Бүгін бізде Болмақ қандай шара?
Тағзым еткен, тақсырым Айтайын мен жан сырым Естідім ұзынқұлақтан 1 «В» сыныбынан
Келеді бүгін ертеңгілікке Ән салып, би билеуге Қоштасқалы отыр екен Сүйікті кітап Әліппемен
Олай болса ұстазымызға сөз берейік.

Мұғалім: Әліппені бітірді балаларым. Әліппеден нәр алған даналарым. Өзі оқып жазатын халге жетті Құтты болсын білімі балалардың.

1оқушы. Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар Жүздерінен мейірім мен нұр тамар Алдарында қызғалдақтай құлпырған Біз алаңсыз болған шақты балалар
2оқушы. Көз салып қараңызшы Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға Хош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар Әліппемен қоштасу тойымызға
Ән: Жақсы кітап – Әліппе

Тазша: Ал тақсырым келесі тапсырмаңыз қандай?
Балық: Сізге су патшалығынан хат келіп тұр. Сол хатта не деген? Тапсырмасын орында.
Тазша бала: Балалар бері қараңдар! Бізге үлкен хат келіп тұр. Ішінде не бар екен?
Балалар: Кәне не бар?
Тазша бала: Балалар мына хатта не деген? Мына әріптердің сыры неде?
Оны кім біледі балалар?
Балалар: Біз.

Нуртаза: С – С дыбысын өткенде санамақты санадық
Жанель: Т - дыбысын өткенде тақпақ айттық тақылдап
Диас: Ж - дыбысын өткенде жұмбақ шештік жанылмай
Нүргүл: Ш - дыбысын өткенде шешендік сөздер үйрендік
Алма: Ә - дыбысын өткенде тамылжыта ән айтуды үйрендік
Дамир: Е - дыбысын өткенде ертегілер оқып үйрендік
Ұлан: Б - дыбысын өткенде бата беруді үйрендік
Тазша бала: Олай болса кезекті санамаққа берейік (2 оқушы)
Тазша бала: Әліппеге тақпақ айтып алғысымызды білдірейік

1-оқушы. Ең алғаш алғанымда әліппені Қызығып қарай бердім әріптерге Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді ұстазым оның кілтін алып берді.
2-оқушы. Әліппем менің әліппем Сені қолға алып мен Есігін аштым мектептің Ертеңгі сәуле жарықпен
3-оқушы. Әліппе деген алтын жол. Апарады сені алысқа. Әліппеге арналмақ Бүгінгі жыр әніміз.
4-оқушы. Бар кітапқа бас болған Әліппе ғылым анасы Әліппеден басталған Даналықтың данасы.
5-оқушы. Барлық баға бағалы Айттық әділ бағаны Әріпсіз сөз болмайды Буын онсыз толмайды Адам барлық әріпті Ардақтайды қолдайды.
Тазша бала: Балалар жұмбақ шешіп көрейік.
Тазша бала: Қандай шешендік сөздер білесіңдер?
Әйтекенің жарып айтқан, Қазыбектің қазып айтқан, Төлебидің тауып айтқан, Шешендік сөздерге кезек берейік!
Ән айтып та көрейік: Отан

Ертегіге жол берейік: Бауырсақ ертегісін тамашалайық. Бата беріп көрейікші.
Тазша бала: О, тақсырым енді қандай тапсырмаларыңыз бар?
Балық кітап береді
Мына балалардың есімдері нені білдіреді? Жанель, Гүлназ, Айжан, Тимур, Қыдырәлі, Данияр, Нұргүл, Еркежан, Саят, Самарбек, Нұркен, Аян, Айжан, Ұлан, Алма, Диас, Нұртаза, Нұртуған, Дәулет, Жансая
Балық: Бұл балалар қандай алғыс түрлерін біледі екен?
Тазша бала: Біз ата - анамызға, ұстазымызға, әліппеге алғыс айтамыз:
1-оқушы: Қош келдің деп балдырған Күліп шыққан алдыңнан, Шексіз сеніп ата - ана, Балаларын қалдырған.
2-оқушы: Жүздеріңнен көрсем шаттық арайын, Болсын солай әрбір күнін әр айың. Тойларыңыз құтты болсын ата - ана, Тойларыңыз тойға ұлассын ағайын.
Ән: Нұрын төккен маған
Тазша бала: Ұстазымызға алғыс айтамыз
1-оқушы: Ұстаз деген қасиетті адам бар, Біле берсең сенін екі анаң бар. Бірі – сенін туған анаң болса, Екінші анаң – ұстаз деген анаң бар.
2-оқушы: Ұстаз ана болашақтың анасы. Ұстаз ана – ақын білім анасы, Жүзінде пәк мейірімін көргенде, Әр шәкірттің оянады санасы.
Ән: Мұғалім әні
Тазша бала: Құрметті Әліппені ортаға шақырамыз.
1-оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз Енді қолға басқа кітап аламыз. Ата - ана қуанышқа ортақ боп, Сауатты болып шықты міне балаңыз!
2-оқушы: Білімге жолды бастаған, Әліппем саған мың алғыс. Оқы деп ұран тастаған, Әліппем саған мың алғыс!
Қош бол құтты әліппем Көп нәрсені үйреттің. Таныстырып әріппен Тақылдатып сөйлеттің.

Әліппе: Мінекей құрметті ұстаздар, ата - аналар, оқушылар! Мен бүгін балаларға өте ризамын менен көп нәрсені оқып үйрендіңдер өте сауатты екендеріңді дәлелдеп шығындар. Енді өзімнің алғысымды білдіріп «білім әлемінің білімді шәкірті» деген атағымды осы балаларға сыйлауға рұқсат етіңіздер!
Тазша бала: Ей тақсырым, енді не айтасыз?
Балық: Мен ризамын! Енді менің сиқырымды көр!
Музыка ойналады.
Тазша бала білімді балаға айналады.
Тазша бала: Міне ғажап! Мен кіммін?
Мұғалім: Сен енді білімді бала болдың? Енді мына отырған халықтың – алғысын алайық.
Мұғалім: Бүгінгі кеш әр үйдің той басы деп саналар, Балалардың есімі әулеттерге таралар. Ақ тілекпен баршамызға Тілек айтар қонақтар.
Қонақтарға сөз берейік.
Ден қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама