- 05 нау. 2024 00:09
- 199
Әліппе, саған мың алғыс!
Тақырыбы: «Әліппе, саған мың алғыс!»
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу барысында алған білімдерін тиянақтау. Әр оқушының іс - әрекеттері арқылы икемділігін, шығармашылық мүмкіндігін ашу. Адамгершілікке, ұқыптылыққа, өзін - өзі дұрыс ұстауға, ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.
Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, аяулы да ардақты ата - аналар! Бүгін де егемендігіміз ескеріліп, тәуелсіз тұлпардай етек - жеңіміз кеңейіп, атымыз алысқа жетіп Тәуелсіздікке 21 жыл толып жатқан шақта бүгінгі күні сіздер үшін тойларыңызға тағы бір той қосылмақ. Кеше ғана алаңсыз атқа мініп шапқылап жүрген бүлдіршіндер, бүгінде бойларында жауапкершілік пайда болып, саналы азаматтық борыштарының алғашқы асуын аман - есен асып, бір жасқа тағы да есейіп отыр. Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай өрлей берсін. Тойларыңыз тойға ұлассын!
Динара: Алты жасар баласын,
Алпыста әжей жетектеп
Келе жатыр көшеде,
Қайда әлгі мектеп - деп
Алпыс келеді сүрініп,
Алты келеді жүгіріп.
Бала: Апар ана мектепке
Ата - аналық парызың.
Оқып білім аламын,
Мен оқушы боламын.
Әже: Асықпа әлі қарағым,
Санауға енді жарадың.
Жасын толсын алтыға
Сонда алып барамын.
Бала: Менің қарыс маңдайым,
Балаң болам талапты.
Тәртіп сақтап әрдайым,
Жақсы оқимын сабақты.
Әже: Айтқанымды шырағым,
Шығарма тек санаңнан.
Мектептегі мұғалім,
Кем болмайды анаңнан.
Бала: Қыркүйекте келдім де,
Сыныпқа кірдім қуанып,
Қарсы алды ұстаз мейіріммен
Қадамымды құп алып.
Музык (осы кезде барлық оқушы сахнаға шығады)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.