tengrinews.kz
- 02 сәу. 2026 00:00
- 20
Алматыда басқа өңірлерден келген полиция жасақтары неге көбейді?
Алматы қаласының тұрғындары соңғы кездері қалада басқа өңірлерден келген полиция жасақтарының көбейіп кеткенін байқап, әлеуметтік желіде видеолар тарата бастады. Әсіресе, Астана, Ақмола, Қарағанды және басқа да облыстардың нөмірлері бар көліктердің жолдарда жиі көрінуі жұртшылықтың назарын аударды.
Бұл жағдайға қатысты бұған дейін мессенджерлерде Алматыда ауқымды рейдтер жүргізу үшін қосымша полиция экипаждары жіберілетіні туралы хабарламалар тараған болатын. Ішкі істер министрлігі мұндай тәжірибенің бар екенін және оның ел бойынша жүйелі түрде қолданылатынын растады.
Ведомствоның мәліметінше, бұл шаралардың басты мақсаты – жол ережесін бұзушылықтарды азайтып, жолдардағы тәртіпті арттыру. Барлық тексерулер қолданыстағы заңнама аясында жүргізіледі.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда резонансты жол-көлік оқиғасы болған еді. Қала әкімдігі мен полиция басшылығына қатысты даулар мен тергеулер де осы жағдайларға байланысты болды.