instagram.com/zholmanova.svetlana
- 13 ақп. 2026 15:00
- 24
Алматыда бұрынғы судья Светлана Жолмановаға жаңа үкім шығарылды
Алматыда бұрынғы судья Светлана Жолмановаға алаяқтық әрекеттері үшін жаңа үкім шығарылды. Ол бұған дейін 10 жылға сотталған болатын.
Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жаңа үкімнің мән-жайы
Ақпаратқа сүйенсек, 11 ақпанда Медеу аудандық №2 соты 45 жастағы Жолмановаға қатысты үкімді жариялады. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша («Аса ірі көлемдегі алаяқтық») кінәлі деп танылды.
Экс-судья алты жәбірленушіге 168 миллион теңгеден астам залал келтіргені анықталды. Сот оған 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Бұған дейінгі 2025 жылғы 19 маусымдағы осы бап бойынша шыққан 10 жылдық үкімін ескере отырып, қорытынды жаза мерзімі 10 жыл орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу болып бекітілді.
Жәбірленушілер мен келтірілген залал
Іс бойынша алты жәбірленуші болған. Сот олардың үшеуінің талап-арызын қанағаттандырды:
Сотталушыға сот үкімі заңды күшіне енген күннен бастап 30 тәулік ішінде азаматтық талаптар бойынша сот шешімін ерікті түрде орындау мерзімі белгіленді. Бұл мерзім өткен соң, өндіріп алу мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады.
Бұдан бөлек, сот Жолмановадан жәбірленушілерге арналған өтемақы қорына 20 айлық есептік көрсеткіш (2026 жылға 86 мың 500 теңге) мөлшерінде мәжбүрлі төлем өндіріп алды.
Бұл үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Экс-судья сот шешімін апелляциялық тәртіппен шағымдай алады.
Бұрынғы айыптар және тергеу
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылғы 19 маусымда Медеу аудандық №2 сотында Жолмановаға 10 жылдық үкім шығарылған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, 2021-2024 жылдар аралығында судья жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға көмектесу сылтауымен азаматтардан 1 миллиард теңгеден астам ақшаны алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы иемденген.
Прокуратураның хабарлауынша, тергеу барысында қылмыстық әрекеттің 48 эпизоды анықталып, бір іс бойынша біріктірілген. Тергеу аяқталған соң, қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша айыптау актісімен сотқа жіберілген.
Бұған дейін 2021 жылы Светлана Жолмановаға қатысты қылмыстық іс қозғалған болатын. Сол кезде экс-судьяның мүдделі тұлғаларға өздерінің пайдасына сот шешімдерін шығаруға көмектесуге байланысты алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікке іліккені хабарланған еді. Кейін оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, судья қызметінен босатылған.