tengrinews.kz
- 07 мам. 2026 05:30
- 20
Алматыда полиция қызметкерлері көпқабатты үйдің балконынан секірмек болған әйелді құтқарды
Алматыда полиция қызметкерлері Достық даңғылындағы көпқабатты үйдің балконынан секірмек болған әйелді құтқарды. Бұл туралы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлады.
Оқиға туралы ақпарат 102 нөміріне келіп түскен. Полицейлер үш минут ішінде оқиға орнына жеткен. Тексеру барысында әйелдің қауіпті жағдайда тұрғаны және ойланбай әрекет жасауға бейім екені анықталды.
Учаскелік инспекторлардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаның алды алынды. Полицейлер әйелдің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алды.
Диалогтың маңызы
Бағдат Әукеннің айтуынша, мұндай жағдайларда тек жылдам әрекет ету ғана емес, сонымен қатар дұрыс диалог құра білу маңызды рөл атқарады.
«Ең бастысы – сәтті жібермеу және байланыс орнату. Адам қолдау тапқанын сезіну үшін сабырмен, қысымсыз сөйлесу қажет», - деді ол.
Полиция дағдарыс жағдайларында немқұрайлы қарамаудың және уақытылы көмекке жүгінудің маңыздылығын еске салады.