Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 46 минут бұрын)
Алматыдағы жас бүлікшілер елден шығарылуы мүмкін

Алматы қаласында жасөспірімдердің қатыгездігі мен тәртіпсіздігі туралы видеолар әлеуметтік желіде тарағаннан кейін, полиция бірден әрекетке көшті. Медеу және Алмалы аудандарының тәртіп сақшылары бұл жайтты тексеруге кірісті.

Кейіннен жасөспірімдердің барлығы анықталып, полиция бөлімшелеріне жеткізілді. Олардың Тәжікстан азаматтары екені белгілі болды. Қазіргі уақытта барлық кәмелетке толмағандар Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылып, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.

Бұл туралы Infohub.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жасөспірімдердің заңды өкілдері бала тәрбиесіндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетелдіктерді елден шығару шаралары

Қазақстан миграция заңнамасы аясында бұл тұлғаларға қатысты оларды ел аумағынан шығаруды көздейтін шаралар қабылдануда. Әрбір факті бойынша тексеру жүргізіліп, нәтижесінде кәмелетке толмағандардың әрекеттеріне құқықтық баға берілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Алматыдағы жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқы туралы видеолар пайда болған еді. Қала тұрғындарының айтуынша, балалар кафе қонақтарына жақындап, ақша талап етіп, бас тартқан жағдайда жанжал шығарып, тастар мен орындықтар лақтыра бастаған.

Жаңалықтар

Жарнама