- 09 қар. 2016 00:00
- 331
«Алтын белгі» иегерлері өз білімін бөлек емтиxанмен дәлелдейді - ҰБТ-ның жаңа форматы
Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеуді екіге бөлді. Енді, мектепті бітіру емтиxаны оқушының орта білімді тәмамдағанын дәлелдесе, ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысымен мектеп түлектеріне мемлекеттік гранттар тағайындалады.
Білім және ғылым саласында бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Оршубековтің айтуынша, ұлттық бірыңғай тестілеу енгізілген соңғы 13 жылдың ішінде оған оқушылардың барлығы бірдей қатысқан жоқ. Мәселен, соңғы тестілеуге мектеп оқушыларының 70 пайызы қатысты. Енді, жаңа форматқа сәйкес, "Алтын белгі" тағайындауды мектептердің өздері жүргізеді. Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде аталған атақты растау қажет емес. Тестілеу тек грант иегерлерін ғана анықтап, жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін береді.
"Сонымен, 2017 жылы түлектер үшін қорытынды аттестациялау өздері оқыған мектепте өткізіледі, яғни келесі жылдың 1-10 маусым аралығында өткізу жоспарланып отыр. Ал ұлттық бірыңғай тестілеу, яғни жоғары оқу орнына түсу емтиxаны 20-шы маусым мен 1-ші шілде аралығында республика бойынша 165 тестілеу бекеттерінде өткізіледі", - деп атап көрсетті Н.Оршубеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында.