Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Алтын күзім арайлы!
«Алтын күзім арайлы» атты ертеңгілік.

Мақсаты: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оята отырып, қамқорлыққа, мейірімділікке, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Қайтқан құсты көрдің бе,
Қаптай ұшқан әуелеп
Күткен күзім келдің бе?
Сыңсып бағың мәуелеп, – демекші құрметті қонақтар, балабақша қызметкерлері, сүйікті балалар! Сіздерді
Сарғайған сағынышқа, сары ала жапыраққа толы,
Жалын атқан жастыққа, сары алтындай астыққа толы,
Селт еткізген сезімге, қауын - қарбыз жүзімге толы,
Таңы нұрлы жаңбырға, бақшасы әсем ән - жырға толы күз мерекесімен құттықтаймыз!

Шаттық шеңбері: Адал жақсы ниетпен,
Бар адамға бақ тілеп.
Жарып шыққан жүректен
Сөздің бәрі ақ тілек.

1 - жүргізуші: Алтын арай нұрға бөлеп жүздерді,
Сары алтындай сұлу көркем күз келді.
Ертеңгілік көрермені біз бүгін,
Мерекемен құттықтаймыз сіздерді.

2 - жүргізуші: Көптен күткен жүздестік біз күзбенен,
Қош айтысып кетті құстар бізбенен.
Береке, бірлік, ырыс, бақыт тілеймін,
Бүгінгі күн мерекеде сізге мен!

2 жүргізуші шар лақтырады.
1 - жүргізуші: Жомарт күздің біздерге,
Берерін алып шашпайық.
2 - жүргізуші: Алтын күз тойын сіздерге,
Тамаша әнмен бастайық.

Ән: «Күз келгенде».

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.
– Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
– Қазір жылдың күз мезгілі.
– Күз айларын кім атап бере алады?
– Күз айларына: қыркүйек, қазан, қараша айлары жатады.
– Күздің қандай ерекшеліктерін білесіңдер?
– Күнтізбе бойынша күз 1 - қыркүйектен басталады. Ал табиғатта күз әр - түрлі уақұытта болады. Ағаш жапырақтары кейде ерте, кейде кеш сарғайып түседі.
– Күз екі мезгілден тұрады. Бірінші мезгіл – қоңыр күз, ағаш жапырағы түсетін мезгіл. Екінші мезгіл – қоңыр күзден қыс басталғанша.
– Күн мен түн тең болып, әрқайсысы 12 сағаттан болады. 23 - қыркүйек күн мен түн теңесу күні. Осыдан кейін түн ұзарып күн қысқара береді.
– Күз өсімдіктердің, кейбір жануарлардың, құстардың қысқы өмірге ауысу, жыл құстарының жылы жаққа ұшып кету мезгілі.
– Күз жеміс - көкөністің пісіп, қамбаның алтын астыққа толатын кезі.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама