Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Алюминий және оның қосылыстары
Химия 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары.
Мақсаттары: 1. Алюминий және оның маңызды қосылыстарының екіжақты қасиет көрсететін мәнін ашу;
2. Алюминий оксиді, гидроксидінің химиялық қасиеттерін салыстыру;
3. тәжірибе жасай алу дағдыларын дамыту;
4. Оқушылардың жұппен және топпен жұмыс жүргізулерін қамтамасыз ету, ортақ тіл табыса білуге тәрбиелеу.
6. Өз бетімен жұмыс істеуге, негізгісін бөліп алуға, өз ойын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Типі: Кіріктірілген сабақ (химия және ағылшын)
Түрі: Жаңа сабақ, зертханалық жұмыс
Алдыңғы сабақтармен байланыс: Өзің еңбектену арқылы өзің үшін де басқалар үшін де барлығын өзің істейсің, ал егер еңбегің нәтижесіз болса, қаймықпа тағы да тырысып көр
Д. И. Менделеев
Металлдар тақырыбы, Менделеевтің периодтық жүйесіндегі қандай металлдармен таныстық.
Ресурстар: Интерактивті тақта, плакаттар, постер, маркер, стикерлер, т. б.

Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын арттыру стратегиясы
СТО технологиясы бойынша: жұмбақ жасыру.«Бір күні Рим императорына белгісіз біреу келіп күміс сияқты жылтыр, өте жеңіл ыдысты сыйға тартады. Император жаңағы ыдысты мастерге құрамы неден жасалғанын тексеруге жібереді. Оның құрамы «кәдімгі саздан» алынған металл деп мастер өз шешімін айтқаннан кейін, патша өзінің алтын күмістерінін құны төмендеп кетуі мүмкін деп мастердің басын алдырып оның шеберханасын өртеп жібереді. Сөз қандай металл туралы болып жатыр (Ае)
(осы сұрақтың жауабын талдау барысында сабақты оқушылардың старт жаттығуы арқылы бастаймыз).

Тірек сөздер (key words)
Глоссарий:
Анион - anions
Катион - cations
Катод - cathode
Анод - anode
Алюминий - аluminium
Ион - ions
тотықсыздану – reduced
тотығу - oxidised
электролиз - electrolysis
Электричество - electricity

Мұғалімнің әрекеті: оқыту тапсырмалары мен жаттығулар, дифференция
Оқушылар минутпен (5мин) one group consists of 4 persons - арқылы топпен (4 оқушы) алюминий жай зат ретінде, оксиді, гидроксидінің химиялық қасиеттерін салыстырып тәжірибе жүзінде жасап, өз ойларын ортаға салады. Алюминийдің алынуы (Алекс Хулистон )
Жеке - жеке жұмыс: Алюминийді жай зат ретінде сипаттау

Бағаланады: Оқушылар берілген уақытпен санасуы, регламент сақтай білуі, мәліметтің ең маңызды тұстарын ғана айтуға бейімделуі.
Топпен талдау (2 мин): Оқушылар қарсы топтарының жұмысын тыңдай білуі, жолдасының ойын сыйлай білуі.
Топ оқушыларының жауабы қосымша материалдарда ұсынылады.

Алюминий және оның қосылыстары. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама