Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ» газетіндегі жазбалары

Қазақтың азаттығы үшін күрескен Әлихан Бөкейхановтың «Қазақ» газетіне 200-ге жуық мақалалары жарияланған. Мақалалары қазақты ұлт ету мақсатында: азаттық, тіл, дін, саясат, патша, отырықшы болу тақырыптары қозғалған.

Ә. Бөкейханов  газетте жарық көрген мақалалары есеп жанрында көптеп жазылған десек артық емес. Басылымда бұл мақалалардың көпшілігін Ә. Бөкейханов «Қыр баласы» деген бүркеншік атпен жазған. 1914 жылы49-нөмірінде бүркеншік атпен жарияланған бір мақаласынан: «Мұның ғылымды кісілері неше түрлі законжобасын кітап қылып басып басып шығарады, сөз білгіш ғылымдының қызметі кітап басқан, шығын партияның  байларыныкі. Г. Думаға партия атынан бұл партияның депутатары қанша закон жобасын кіргізді. Осы закон жобасының бәрін жалғыз депутат емес, Г. Думада жоқ сыртта жүрген партияның ғылымды білгіш қосылып жазады» - деп жазды. Сонымен қатар, «Мұсылман съезі», «Жалпы Сібір съезі», «Дума Һәм қазақ» секілді публицистикалары патша, саясат өзекті деген тақырыптары газетке үндеу ретінде шығып отырды.

Ұлт сөзін сөйлеген қыр баласы көп істердің бетін ашып,өндірте жазды. «Жалпы Сібір съезі» есеп мақаласында:

«Біздің орыс Европа соғысынан шығып қалды;

Уақытша үкімет абақтыда;

Финляндия, Украина, Кавказ бөлініп кетті;

Соғыстан шығып, уағда бұзғаны үшін Англия, Франция, Америка, Жапон, Италия бізге соғыс ашуы ғажап емес;

Біз қарап отырсақ, қосақ арасында бос кетеміз»,-деп қалам тербейді.

«Есік алдында дауыл, үй артынан жау келді! Алаштың баласы, Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұламадан соң, 200 жылда басыңа бір қиын іс келді! Ақсақал аға, азат іні, от басы араздық дауды қой; бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл!», - деген үзінді Әлиханның тек есеп публицистикасы емес эпистолярлық яғни, үндеу хат түрінде халыққа Алаш рухын оята жеткізгенін аңғарамыз.

Қорытындылай келе, Қыр баласы қазақ публицистикасына елеулі үлес қосты. Алғашқы саясаткер-публицистің бірі. Әрбір мақаласы өткірлікке, батылдыққа, шыншылдыққа толы. Жалпы ұлттық басылымға әр жазған шығармасында қазақ ұлттының мүддесін жоғары қойып, бар қалам қайратын жұмсады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Публицистика негіздері:оқу құралы/Бауыржан Жақып. Алматы: Қазақ университеті, 2018. - 444 б.

2. "Қазақ"газеті/Ә. Нысанбаев. Алматы:"Қазақ энциклопедиясы"  Бас редакциясы, 1988. - 560 бет.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Журналистика факультетінің
1-курс студенті                                                                  
БАТНИЯЗ Айнұр


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама