Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 16 сағат бұрын)
Аңдардың көктемгі тіршілігі
Астана қаласы, №28 орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі Д. А. Утегенова
1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Аңдардың көктемгі тіршілігі
Сабақтың мақсаты:

- аңдар тіршілігіндегі көктемгі тіршілігі туралы түсінік беру;
Міндеттері:
- мәтінді түсініп оқиды, алған білімдерін толықтырады, жинақтайды;
- аңдардың маңызын, пайдасын туралы білуге жағдай жасау;
- алған білімдерін өмірмен байланыстыруға жағдай жасау.
Күтілетін нәтижелер:
- табиғатты аялауға үйренеді, табиғат ережелерін білуге жаттығады;
- өз ойын айтуға үйренеді;
- дәлелдеуге үйренеді;
- өз бетінше жұмыс жасауға үйренеді;
- бір - бірінің жауабын соңына дейін тыңдауға дағдылана алады.
Сабақтың түрі:жаңа сабақ түсіндіру.
Сабақтың әдісі: RWCT бойынша.
Қажетті материалдар: суреттер, ватман, маркер

Сабақтың барысы:
I. Қызығушылықты ояту

- Балалар, біз бүгін аңдардың көктемгі тіршілігі туралы айтып, сөйлесеміз. Қане, алдымен суретке қарап, аю және киік туралы не білесіңдер? Олар көктемде қалай тіршілік етеді, деп ойлайсыңдар?
Жеке жазу.
Жұпта ойын таныстыру.
Топта талқылау.
Ұжым ойын ортаға салып, қорғайды.

II. Мағынаны ажырату
Мәтінді оқиды, талдайды.
Құралай – киіктің баласы.
Қонжық – аюдың баласы.

Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық,
Қалтамызға салайық.

III. Ой толғаныс
- Біз бүгін сабақта не үйрендік?
- Сұрақтарға жауап бере алдық па?
Венн диаграмма

IV. Үйге тапсырма: мәтінді оқу, сурет салып келу
V. Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама